Этникалық бірегейліктің типтері мен түрлері. Студент тұлғасының этникалық бірегейлігін қалыптастыру факторлары мен тетіктері. - Этникалық бірегейлік қазіргі қоғамда тұлғаның динамикалық түрде байланыс жасауына тұрақты негіз болады, өткенді қазіргі күнімен байланыстырады, тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, әлемде бағдар жасау жүйесін қалыптастырады. Кез келген халықтың этникалық тарихы этногенездің барысында өткен ата-бабасының әдет-ғұрпын, дағдысын, өмір салтын, көршімен қарым-қатынастағы салт-дәстүрін және т.б. түйсіну нәтижесі ретінде белгілі бір тұрақты психикалық тип қалыптасады. Сонымен бірге, бұл жерде психикалық алаңдаушылықтар, этностың тарихын есте сақтауы жаңа ұрпаққа өзінен өзі, пассивті түрде, стихиялы түрде емес, рухани мәдениет арқылы жалғасын тауып отырады, осы қауымның әрбір мүшесіне тәрбие барысында, нақты бірге өмір сүруге байланысты сіңіп отырады. Сол психикалық алаңдаушылықтар, көңіл күй этностың мәдениетіне сіңеді – олар тарихында, поэзиясында, әдебиетінде, мифологиясында, музыкасында, халық шығармашылығында көрініс табады, сөйтіп этностың тарихи есте сақтау қабілетін толықтырып, дамытып отырады. Ол өз кезегінде жаңа ұрпақтың санасында да орын алып отырады.
- Адам, ұлт, адамзатты өмірінің мәні - өз болмысын (табиғатын, идеясын) ұғыну, өз бірегейлігін сезіну. Сондықтан, жеке адам мен адамзат өмірінің мәні тәрізді, этнос өмірінің мәні – онтологиялық-философиялық мәселе және жеке онтологиялық астар. Этнос өмірінің мәні биологиялық тұрғыдан алғанда - өзінің нақты тіршілік етуін жалғастыру, яғни ұрпақ жалғастыру. Этнос өмірінің мәнін ұлттық идеямен байланыстыратын зерттеушілер бірегейліктің қалыптасуында құндылықтардың бағыттаушы рөліне назар аудартады Осы ұлттық идея барлық халыққа түсінікті түрде айтылған және танылған кезде халықтың бірегейлігі туралы және оның ұлттық, этникалық өзіндік санасының оянғаны туралы айтуға болады.
- Ұлттық бірегейлік – дегеніміз жалпы азаматтық болмыстың белгілерін алып тастағандағы ұлттың болмысы. Осыған байланысты зерттеу барысында жалпы адами және этникалық болмысты бөлу қажеттілігі туындайды.
- Икенов А.И. “Әлеуметтану негіздері”, Алматы, 2004 Мнацаканян М.О. “Интегрализм и нацианальная общность”, Москва, 2001 Смағұлова К., “Этностық топтар: олар кімдер?”, Ақиқат-2002 Забирова А.Т «Этносоциология», Астана, 2009 Әбен Е., “Ұлттық идея: мұң мен мұқтаждық”,Саясат – 2009
Достарыңызбен бөлісу: |