М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Әуезов тағылымы
Студент: Кеңесбек Ақбота Мейрамбекқызы
Ғылыми жетекші: Меңдібаева Мөлдір Болатбекқызы
Қызылорда 2022
Тақырыптың өзектілігі: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы тарихи образдар жүйесін аша отырып, оның шығармаларының маңыздылығымен танысу. Өз дәуірінің қалам қайраткері Мұхтар Әуезовтың қазірде өшпейтін шығармаларын шоли отырып, ұрпаққа дәріптеу;
Жұмыстың жаңалығы:Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Абай бейнесін жаңаша тұрғыдан ашу, кейіпкердің мінезін баяндау, айналасындағы адамдармен қарым- қатынасын ұғындыру;
Секциясы: Әуезов шығармаларындағы тарихи образдар
Аннотация Құлашын кеңінен сілтеуге мұрсат бермеген ғұмырының ішінде, ол, кең құлашты прозалық шығармалармен қатар хас шебердің өріміндей әсем ондаған әңгімелер, пьесалар, либреттолар мен сценарийлерді дүниеге әкелді, оның қаламынан туған тың тынысты әдеби зерттеулер мен терең мазмұнды оқулықтар қаншама, тәржімалық өнердің үлгісінде әлемдік классиканың өздік туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен аудармалары өз алдына бір төбе.
За свою жизнь, не дававшую ему возможности широко распространять свою поэзию, он создал десятки рассказов, пьес, либретто и сценариев, а также разноплановых прозаических произведений, как ткачество искусного мастера. язык сам по себе холм.
During his life, which did not give him the opportunity to spread his poetry widely, he created dozens of stories, plays, librettos and scripts, as well as wide-ranging prose works, like the weave of a master craftsman. Translations in the Kazakh language are a hill in itself.
Мұхтар Әуезов- дүниежүзі әдебиетіне үлкен үлес қосқан, барлық халықтарға ортақ классик екені талассыз ғой. Әрине, Мұхтар Әуезов секілді ұлы тұлғаны бағалауға қандай эпитет, сипаттаманы алсақ та, жеткіліксіз көрінетіні анық. Мұхтар Әуезовтің өзі – ХХ ғасырдағы ұлттық ой-санамыздың, сөз өнеріміздің асқар биігі, әлем әдебиетіне қосқан халқымыздың үлесін таразылайтын өлшем. Мұхтар Әуезовті классик дей отырып, біз қазақ әдебиетінде классикалық сипаттағы көркемдік шеберлік, көркемдік стиль қалыптасқанын, Абай, Әуезов сияқты ақын-жазушыларымыз дүниежүзі әдебиетінің биік деңгейіне көтерілгенін атап айтамыз. Қазақ әдебиетінің классигі қай елдің мақтаулы классигімен де теңдес келе алатынын Мұхтар Әуезовтің өзі-ақ танытып тұрған жоқ па?[17] Әңгіме, әлбетте, санда емес, Мұхтар Әуезов туындыларының асылдығында, мінсіз сапасында. Ол "Абай жолы" эпопеясынан өзге бір жол жазбаған күннің өзінде осы туындысының өзі-ақ оның келер ұрпақ көкірегінен мәңгілік орын алу үшін жетіп жатыр еді. Осы ғажайып шығарманы қолыңа алған сайын, оның әр жолын оқыған сайын көкірегіңде өз елің үшін, өз халқың үшін мақтаныш сезімі оянады. Мұхтардың кемеңгерлігіне де, көрегендігіне де тәнті боласың, өзіміздің алуан-қырлы төлтума мәдениетімізді әлемдік өркениеттің бөлігіне ажырағысыз балап, "жоқ, менің халқым ешкімнен де кем емес, менің халқым ұлы халық" деген жүрекжарды сөзіне тебіренесің. Ұлы ақын жайлы эпопеяның өн бойына өрілген ұлағат қазақтың мынау зеңгір аспан астында өмір сүріп жатқан еш пендеден кем емес екеніне шүбәсіз иландырады. Сөйтіп, өткенімізге мұқият зер сала қарауға ұмсындырады, тындырған ісіңді ұлы бабаларымыз ісінің таразысына тартуға ұмтылдырады. Өз затыңды туа бітті табиғатыңды пайымдатпай қоймайды. Ендеше, Әуезовті қазақ әдебиетінің классигі демегенде не дейсіз. Ендеше, "Абай жолын" біздің әдеби шығармашылығымыздың шыңға біткен шынары демегенде не дейсіз. Осынау эпопеядан басқа Мұхаңның қаламынан туған "Қилы заман" хикаясы ше, "Ескілік көлеңкесінде", "Қаралы сұлу", "Қорғансыздың күні", "Көксерек", "Қараш-қараш оқиғасы" әңгімелері ше, "Еңлік-Кебек", "Қаракөз", "Қара қыпшақ Қобыланды" пьесалары ше, інжу-маржан басқа дүниелері ше. Олардың бірде-бірін тебіренбей, толғанбай оқу мүмкін емес. Шығармаларының әрқайсысынан қазақ жұрты ауылының етене таныс тыныс-тіршілігі, ғасырлар бойы қазақ жұрты шешіп келген тағдырлық, тұрмыстық, имандылық мәселелері мен мүндалап тұрады. Алайда бұл тек қазақтың пешенесіне ғана жазылған талай ма еді? Кешегі "Қилы заманда" мұндай құқайды басқа халықтар көрген жоқ па екен? Тегінде Әуезов шығармашылығына қазақтар ғана емес, әлемнің әр шалғайындағы жұрттардың айырықша ықылас қоюының бір сыры осында жатса керек. Әуезов көркем сөз құдіреті қазақ көгінен шығындап бүкіл адамзат аспанына шарықтауында жатса керек, оның осынау қарымы тәңір берген талантымен ұштасып, оны әлемдік деңгейдегі туындыгер деңгейіне көтеруінде жатса керек.[4]
Әуезов шығармашылығынын нағыз терендігін, оның адамзаттың мәдениет қазынасына қосқан үлесінің қомақтылығын Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде ғана емес, планетаның барша түкпірінде жаксы түсінеді. Жазушының осы мерейтойының ЮНЕСКО аясында өткізіліп жатқаны да бекер емес. Бұл үшін біздің бәріміз осы халықаралық беделді ұйымның басшылығына және онын бас хатшысы Федерико Майор мырзаға шын көнілден ризамыз. Алайда оның таза жазушылық еңбектен өзге - мехнат- машақаты мол, күллі күш-қайратыңды беруді талап ететін еңбектен өзге - түркология мен шығыстануды едәуір дамытқан әдебиетшілік еңбегі де болды. Ол әлемдік классиканың бірегей жұлдыздарын қазақ тілінде сөйлеткен біртума аудармалар да жасады. Республика Ғылым академиясының толық мүшесі, Қазақ және Мәскеу университеттерінін профессоры бола жүріп, белсенді ғылыми әрі педагогикалық қызметпен де айналысты. Республика Парламентінің депутаты, көптеген кәсіби және қоғамдық ұйымдардың мүшесі ретінде белсенді жұмыс атқарды. Денсаулығы керемет мықты бола қоймаған бұл адамның осыншама қыруар жүкті қалай көтергеніне, бәріне де үлгергеніне, әрі бәрін өзіне тән ыждағаттылықпен, тамаша талантпен атқарғанына еріксіз қайран қаласыз.[5]
Абай қазақтың классикалық жазба әдебиетінің басы дегенде мұны ұлы ақынның шығармасы оған дейінгі бірнеше ғасырлардағы ақындық, жыраулық өнерінің шарықтап биікке көтерілген, жаңа сапаға ие болған, яғни, классикалық көркемдік стиль әбден қалыптасқан кезеңі деген мағынада айтамыз. Абайдың дәстүрлерін жалғастырып, жан-жақты өрістеткен Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Ахмет пен Міржақып десек, олар классикалық стильді көбінесе, жеке жанрларда қалыптастырып, дамытты. Солардың ішінен шығып, сөзі өнегелі өріс тапқан, кемел классик Мұхтар Әуезов болды.[17]
Біз Николай Погодиннің "Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай, біз үшін - Шығыстың Шолоховы" деген қанатты сөзін жиі қайталаймыз. Әрине, орыс жазушысы тауып айтқан, мұнда үлкен шындық бар. Десе де, жиі болғандықтан шығар, осы сөзді кейде орынды, кейде орынсыз қайталаймыз. Орынды болатын себебі - Абай қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы шыңы болса, Әуезов - ХХ ғасырдағы заңғар биігі. Бұл ақыл мен ойдың, сыр мен сезімнің бұл екеуіндей алыптарына уақыт өлшем де, мөлшер де бола алмайды. Олар мезгіл межелерінен аттап өтіп, ғасырдан ғасырға көшіп, мәңгі- бақи ілгерілей береді. Ендеше Абайды бір ғасырға, Әуезовті бір ғасырға ғана теліп, сол ғасырға ғана шегелеп қалдыруға болмайды. Абай барлық ғасырларда да - Абай, Әуезов те солай. Өйткені Абай өзіне дейінгі күллі қазақ поэзиясының асқар тауы болса, Әуезов - қазақ прозасының асу бермес асқары. Екеуінің егіз ерекшеліктері, ерекше бірліктері де осы арада жатыр. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда "Әуезов- екінші Абай" екені рас. Орынсыз болатын себебі - Мұхтар Әуезов "Абай жолында" қазақ қоғамының өткен ғасырдағы елу жылдық бітімін бүтін тамыр-тереңімен қопара зерттеп, аса білгірлікпен, асқан зергерлікпен жарқырата ашқаны, сол сияқты Михаил Шолохов "Тынық Донда" орыс өмірінің осы ғасырдағы елу жылдық болмысын бар бүралаңымен түгел қамтып, жан-жақты жинақтағаны; сөйтіп, бұл екі саңлақ суреткер екі халықтың көркем тарихын адам айтқысыз шебер кестелеуде бір-біріне зергерлік жағынан үқсастық танытқаны болмаса, бүкіл адамзатқа тән парасат биігінен бағамдағанда, Әуезов пен Шолохов екеуі - бір-біріне үқсамайтын екі бөлек шығармашылық тұлға. Бүл ретте, Әуезов - "Шығыстың Шолоховы" емес, күллі адамзаттың Әуезові.
Қазақ халқының паспортына айналған Абай - ақын болса, Әуезов - жазушы. Әрине, бұлардың туған халқымыздың парасат әлеміндегі орны бір ғана әдебиетшіліктен әлдеқайда кең. Бұлар тіпті қазақ деген атаудың синониміне айналып кеткен. Десек те, бұлекеуі, бәрінен бұрын, қаламгер: Абай ақын, Әуезов - жазушы. Ендеше, бұлар қандай қаламгерлер: Абай қандай ақын, Әуезов қандай жазушы? Айталық, Абайға дейін, немесе Абайдан кейін ақын болмап па? Абай қандай құдірет-қасиетімен ақындардың ақыны бола алады? Гәп осы арада жатыр. Бұл тұста Белинскийге бір соғып өту шарт. Белинский Пушкиннің ұлылығын ұлт ақыны болғандығында деп түйген ғой. Ал ұлт ақыны болу, оның шығармаларындағы жекелеген ұлттық сипаттарда, бояуларда, өрнектерде ғана жатпайды. Ұлт ақыны болу сол ұлттың сөзі ғана емес, өзіне айналу. Бұл керемет нәрсе! Абайдың кереметтігі де сондай: Абайдың шағын-шағын екі томдығына он миллион қазақ түгел сыйып кеткен. Қазақтың халық ретіндегі болмысы, ұлт ретіндегі бітімі, азаматтық келбеті, мүсіні мен мінезі, ісі мен ірілігі, күші мен күйкілігі, адамдығы мен надандығы, ақылы мен айласы, арманы мен мүддесі бәрі-бәрі сыйып тұр. Әр қазақ Абайдың әр бетінен өзін көреді. Абай томдарының бір де бір беті, Абай өлеңдерінің бір де бір жолы тектен-тек, тегін түрған жоқ. Әр бет, әр жол роль ойнап, қызмет атқарып түр. Сол арқылы, бәрінен бұрын, әр қазақтың өзін-өзіне танытып тұр. Абайдың ұлт ақыны екендігі мүнымен де бітпейді. Абайдың үлт ақыны екендігі сол өз өлеңдеріндегі үлттық ерекшеліктердің бүкіл адамзат мәдениетіндегі биікке көтеріліп, бірлікке ұласуында жатыр. Мұны тереңірек түсіну үшін Абай өлеңдерінің мазмұны мен пішініне назар аударуымыз керек. Мазмұн дедік. Абай өлеңдерінің мазмұны – қазақ даласының, даланы жайлаған қазақ елінің, елде қалыптасқан қазақ қоғамының, қоғамда өмір сүрген қазақтардың яғни өзіндік салты мен санасы, қалпы мен дәстүрі, тұрмысы мен тіршілігі бір өзгеше адамдардың өмір шындығы; көркем тарихы мен қым-қиғаш қиын тағдыры. Пішін дедік. Бұл мәселені сөз ету үшін, алдымен, Абайдың ақындығы өзіне дейінгі қазақ поэзиясының шалқып шыққан шырқау биігі екенін тағы бір еске алған жөн. Содан соң бұл ақындықтың қайнар көзі ретінде Мұхтар Әуезов айтқан үш сала ұлағат мектебін - қазақтың ауыз әдебиетін, Шығыс поэзиясын және орыс классикасын ескеруіміз қажет. Сонда Абайдың тастаққа шыққан жалғыз шынар емес, құнарлы топырақта өскен бәйтерек екенін аңғарамыз. Міне, Абай өлеңдерінің пішіні де не жерден шыққан, не көктен түскен жоқ, осы топырақта қалыптасты. Демек, Абай поэзиясының негізі - қазақтың кәдімгі төлтума қара өлеңіне тамыр тартып жатыр. Қазақтың ірі де іргелі ақындарының бір де бірі өзінің шыққан тегі қара өлеңнен қара үзіп алыстаған емес. Соны ажарлаған, айшықтаған, құбылтқан, құлпыртқан. Соның түрін түрлеген. Өлең мазмұны жағынан соның өлшемінде жаңалық ашса, пішіні жағынан соның мөлшерінде өнер тапқан. Мұны Мұқағали Мақатаев дәл және әдемі айтқан:
"Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин де емен.
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын.
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын".
Абай да сөйткен. Бірақ Абайдың Абайлығы яғни, ақындардың ақыны болатын себебі - қазақтың қара өлеңінің "күпісін" "шекпенге" ауыстырумен шектелмеген; оған шапан да жапқан, камзол да, керек десеңіз, тіпті фрак та кигізген. Сөйтіп, қазақ өлеңінің пішінін тотының түгіндей құлпыртқан да, сол арқылы қазақ мазмұнын бүкіл адамзаттық кеңістікке шалқытып шығарған. Абайдың ақындық үні тек туған даласының көгінде ғана құйқылжып қалмай, барлық Батыс пен Шығыс ақындарының дауысына осылай үласқан. Сонда Абай- суреткер ақын ғана емес, күллі адамзаттық мағынадағы ойшыл философ. Абай және Абай жолы - Әуезовтің ойшыл-жазушылық ғұмырының өз бойына желі тартып кеткен күрделі де іргелі тақырып. Себебі, бұл тақырыптың предметі - Абай болғанмен, объектісі - халық. Ал енді осы тақырып қалай игерілген? Мұхтар Әуезов, суреткер ретінде, бұл тақырыпқа әуелі пьеса, ізінше либретто, кейін сценарий, осылардың үстінде жеке-дара фабуласы бар "Татьянаның қырдағы әні" яғни, "Ақын үніне сахара мүлгіді" дейтін новелла жазды; ғалым ретінде, алдымен Абайды көре қалғандар ауызынан нақты деректер жинады, әр алуан мақалалар жариялады, содан соң түбегейлі зерттеуге кірісіп, ақынның өмірі мен шығармасынан ғылыми очерктер, ақыр аяғында келелі монография жазды; ұстаз-профессор ретінде, әдепкіде жалпы қазақ әдебиетінің тарихынан лекциялар оқып, келе-келе Абайдың ақындық бітімін байыптап, ерекешелігін екшеп, хрестоматиялар, оқулықтар жасап, нәтижесінде жоғары мектептерде күні бүгінге дейін үздіксіз үйретіліп келе жатқан "Абайтану" атты арнаулы теориялық курстың негізін салды және оны Қазақ университетінде өмірінің соңғы күндеріне дейін оқытты. Осының бәрі данышпан жазушының бүкіл саналы өмірінің мағынасына айналған ұлы шығармасына жан- жақтан келіп жамырай қосылған алтын арналар-қайнарлар мен құйылыстар еді. Мұнан асқан шығармашылық тұтастық болар ма? Мұндай тұтастық Әуезовті Абайға апармай, Абайды Әуезовке әкелмей, екі алыптың арасын жалғастырар алтын көпірге айналмай қояр ма?[93]
Батыр боп өтті деу - Мұхтар үшін, жана болмаса да, қажет теңеу, өйткені оның өз халқы үшін жасағанын батырдың аңызға айналған ерлігі деп атау қажет. Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай, біз үшін - шығыстың Шолоховы, бұл жазушылар өздеріне дейін әлемге беймағлұм болып келген орасан зор халық өмірін классикалык түрде ашып берді. Әдебиеттің атқаруға тиісті міндеті мен рөлі туралы талас әдебиеттің өзі жоғалмайынша толастамайды, өйткені ол сөздің басын құрап сөйлеу өнері пайда болған кезден басталған болатын. Мұхтар Әуезов өзінің "Абай" романының бірінші кітабымен-ақ әдебиеттің атқаруға тиісті ең жоғарғы қызметі мен ең жоғарғы ролін қолмен қойғандай көрсетіп берді. Ол өз халқының өзін өзі танып білуіне көмектесті, ал баска халықтар үшін өте тамаша жаңалық ашты. Өмір шындығының барлық жерде және әрдайым ақиқат боп қалатын тамаша бір қасиеті бар. Бірақ, менің, ойымша, әдебиетші үшін өмір шындығы әсте болған оқиғаны жай ғана бейнелеп беру немесе мадақтап иә дәріптеп көрсету емес. Әуезов ешнәрсені мадақтамайды да, дәріптемейді, алайда қараңыздаршы, оның байсалды қаламынан қандай құдіретті картина туған! Жырлай білу - қошеметшіл өлең мен жылымшы мақтау емес. "Абай жолы" - сұсты шығарма. Ендеше, бұл шығарманың қазақтарды даңққа бөлегені қалай? Мұндай сұрауға жауап беру барынша қиын-ақ. Біз шешілмеген жұмбақ сырды сүймейміз, тіпті, осы сөздің өзін жатырқаймыз, алайда барлық өнер атаулыда – әдебиеттегі Александр Твардовскийден бастап, музыка әлеміндегі Святослав Рихтерге дейін - біз біле бермейтін, тіпті ең ақылды деген кибернетикалық машина болшектеп бере алмайтын нәрселер бар. Қалай болған күнде де, әдеби шығарма М.Шолоховтың "Адам тағдыры" әнгімесіндей шалқар шабытпен жазылатын болса, ол шығарма өмірді мадақтайды да дәріптейді. "Абай жолы" нақ осындай шығарма. Жазушыны оның шығармасынаи ажыратуға болмайды десіп жүр. Ажыратуға болады. Бүған Лев Толстойдың өзі.мысал, және қандай үлкен мысал. Бірақ мен үшін Мүхтар Әуезов өзінің тірі бейнесінде әрдайым өз туындыларымен тұтасып тұратын еді. Сөйлескенімізде - әрдайым өзіл аралас- тырып сөйлесетін едік - маған Абайдың өзі де, Торғайдай шыққан қойшы да қоса елестейтін. Аса жоғары мәдениетті бұл адам, осы создің шын мағынасында, нағыз шынайы қазақ қалпында қалатын.