Қорытынды:
Мен оның (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман "Абай", менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа.елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын.
Ұсыныс:
Сіз әлі "Абайды" оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз. Бұл - таңғажайып, бұл - керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Оларды суреттеген қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі! Сіз сол дәуірді көзіңізбен көргендей айна-қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды. «Абай жолы» романының тек өзіне жекелей фильмдер түсірілді. Сонымен қатар оның шығу тарихына байланысты деректі фильмдер түсірілсе, жыл сайын әрбір қала, аймақтарда, оқу орталықтарында ғылыми зерттеу жұмыстары ұйымдастырылса;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұхтар Әуезов туралы естеліктер- Алматы: «Білім", 2004- 304 бет
Достарыңызбен бөлісу: |