Тексерілді:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К. Алданова
Тақырыбы: Ғарыш батырлары
|
Сыныбы: 2
|
Сынып жетекшісі: Калдыбаева Куляйша
Күні:10.04.2017
|
Мақсаты:
|
Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру.Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже:
|
Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін біледі.Тұңғыш ғарышкерлер мен және Қазақстан ғарышкерлері туралы біледі .Экологиялық сана қалыптасқан.
|
Қолданылатын ресурстар:
|
АКТ,суреттер,призентация,видеороликтер,ермексаз, түрлі-түсті қағаздар.
|
Әдіс-тәсілдері:
|
Сайыс сабағы, «Серпінді доп» әдісі,сұрақ-жауап, ойын.
|
Сабақты ұйымдастыру
(Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа
бөлу шеберлігі)
|
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып 1,2,3 санына санап бөлінеді 3 топқа
1-Тоқтар Аубакиров тобы
2-Талғат Мұсабаев тобы
3- Айдын Айтимов тобы
|
Кезеңдері
|
Берілетін тапсырмалар
|
Бағалау критерийлері
|
Жұмыс түрі
|
Үй тапсырмасын сұрау
(Синтез, жинақтау деңгейіндегі тапсырмалар)
|
|
|
|
Жаңа сабақ
Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.
Рухани байлық ,
адамгершілік, имандылық,
салт-дәстүр
|
1 Кіріспе сұрақтар:
•Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
•Ғарыш дегеніміз не? Ғарышты кім зерттейді, олар қандай құралдарды пайдаланады?
•Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік!
•Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
2 Видео тамашалау
3
1. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
2. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
3. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
4. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
5. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
6. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
7. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
8. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)
4 Ғарышқа ұшу ойыны:
•Балалар,Сәруар Қарлығаштан бір хат келіпті, оқып көрейікші!
Кішкентай менің достарым!
«Алыс-алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті.
Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен,бірақ еүні күлгін түстес шуақ шашыпты.Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату -тәтті өмір сүреді.
Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап,сулары құрғап қалыпты.Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр».
«Сәруар бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Ал, енді,балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!»
-Балалар көзерін жұмып ғарышқа ұшады.Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады.(планета суреті)Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен?
Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл,сары, көгілдір болуы керек.
5 Жандандыру.Ғарыш әлемі тақырыбына ұжымдық жұмыс.
1-топ: «Өсімдіктер» ағаштарды бейнелеп қиып алады
2-топ: «Көлдегі балықтар» су. Балық жасап қиып алады.
3- топ:.Ермексаздан адам бейнесін жасап планетаға орналастырады.
Барлығы планетаны қайта жандандырады.
-Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?
-Аман болыңдар! Планетада құрғақшылық болмасын!
6 Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе?
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына отырып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.
«Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1962 жыл дүние жүзінде ғарышкерлеркүні болып белгіленді».
|
|
|
Үйге тапсырма
Синтез, жинақтау деңгейіндегі
қызықтыратын, өз қалауымен ізденетін тапсырмаларды беру. (эссе, шығарма жазу, өлең дәлелімен)
|
|
|
|
Бағалау
(Критериалды түрде)
|
|
|
|
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 50 жыл екенін атап өту.Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Кіріспе сұақрар:
Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
Ғарыш дегеніміз не? Ғарышты кім зерттейді, олар қандай құралдарды пайдаланады?
Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік!
Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
Жылулық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне әдемі айдың пішінін ұсына отырып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.
«Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1962 жыл дүние жүзінде ғарышкерлеркүні болып белгіленді». Ғарышкерлер күніне 50 жыл толды.
Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин туралы түсінік беру.
Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев туралы әңгімелеу.
Ғарышқа ұшу ойыны:
Балалар,Сәруар Қарлығаштан бір хат келіпті, оқып көрейікші!
Кішкентай менің достарым!
«Алыс-алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті.
Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен,бірақ еүні күлгін түстес шуақ шашыпты.Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату -тәтті өмір сүреді.
Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап,сулары құрғап қалыпты.Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр».
«Сәруар бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Ал, енді,балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!»
-Балалар көзерін жұмып ғарышқа ұшады.Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады.(планета суреті)Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен?
Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл,сары, көгілдір болуы керек.
Жандандыру.Ғарыш әлемі тақырыбына ұжымдық жұмыс.
1-топ: жұмсақ қағаздан умаждап, ашық бояулармен бояп планетаның пішінін келтіреді.
2-топ: «Өсімдіктер» ағаштарды бейнелеп қиып алады.
3- топ: «Көлдегі балықтар» су. Балық жасап қиып алады.
4- топ: Ермексаздан адам бейнесін жасап планетаға орналастырады.
Барлығы планетаны қайта жандандырады.
-Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?
-Аман болыңдар! Планетада құрғақшылық болмасын!
Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе?
Аружан:
Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.
Марал:
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.
Біз не білдік?
-12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.Ғарышкер діңденсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.
Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу.
Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам.Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
Кеш жоспары:
І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайдтар )
ІІ бөлім: Білім сайысы.
І - жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!
ІІ - жүргізуші.
ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.
І - жүргізуші.
Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады.
ІІ - жүргізуші.
Кеше: Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға
«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да...
Бүгін: Сын сағаты соққанда арамызға –
Туған ұлдар аз емес бағымызға,
Талғат Сізді ғарыштан құттықтады,
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда.
Қазақ ғарышкерлері ( баяндама ).
І - жүргізуші.
Ғарыш күніне арналған сайысымызды бастаймыз.
Сайыскерлерімізді шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ баға беретін әділ - қазылар тобымен таныстырып өтейік
Сайыс жоспары:
І кезең: Таныстыру.
ІІ кезең: Викториналық сұрақтар.
ІІІ кезең: Сөзжұмбақ, ребустар. Топ бір – біріне өздері дайындап келген жұмыстарын ұсынады.
ІҮ. Сергіту сәті. Фантастикалық суреттер салу; әңгіме құрастыру.
Ү кезең: « Көкпар». Капитандарға сұрақ ( 10 сұрақтан ).
Викториналық сұрақтар
І топқа
1. 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )
6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )
7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )
8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)
9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )
ІІ топқа
1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)
2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)
3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)
4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )
5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )
6. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)
7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )
8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)
9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)
ІІ - жүргізуші.
«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.
І - жүргізуші.
Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.
ІІ - жүргізуші.
Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.
Олар:
1. Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау;
2. Ғарыш жағдайында материалтану;
3. Жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;
4. Атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын да зерттеу;
5. Биотехникалық және биомедициналық зерттеулер жасады.
Ендігі кезек капитандарға беріледі.
І топтың капитанына
1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )
2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
ІІ топтың капитанына
1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)
Сайыстың қорытынды сөзі әділ – қазыларға беріледі. Жеңімпазды анықтайды, марапаттайды.
І - жүргізуші.
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған кешімізді аяқтаймыз.
Айдын Ақанұлы Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстан республикасының азаматы, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі. Қазақтан шыққан ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепті алтын медальға бітірген соң АРМАВИР жоғары авиация училищасына түсіп, оны 1993 жылы бітіреді. «Командалық, тактикалық жою авиациясы» мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш- инженер мамандығын алып шығады. 1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери- әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 2014 жылы оған ҚР Әскери- әуе күштерінің полковнигі атағы берілді. 43 жасар Айдын Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшты. Жалпы алғанда айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшысына «МиГ-29г» реактивті ұшағын шеберлікпен дәл қондырған. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан «СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан.
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақтылығы 127 тәулік) «Союз ТМ» ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды: 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақтылығы 208 тәулік) «Союз ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезіңде 5 рет ( жалпы ұзақтылығы 30 сағат 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғылыми–зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 3-бағдарламасын орындады.
Ажар
Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.
Жансая
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
Айым
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.
Апта түгіл ай өтті,
Ол ғарышқа ұшқалы.
Сонша неткен сай, епті,
Сонша неткен күшті әрі.
Еш адамға жолыкпас, Гүлге толмас кұшағы.
Сонда да бір жалыкпас,
Күні-түні ұшады.
Ол кеткенде кыс еді,
Жер беті енді көктеңбіл.
Қашан жерге түседі?
Шыдамды еді неткен бұл?
Сөз болғанда бұл ағай,
Ал ұяла бастаңдар,
Түскедейін шыдамай
Сабағынан қашқандар.
Достарыңызбен бөлісу: |