Сананың табиғаты қоғамдық,яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ.Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады.Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады.Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты,олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды,араласу құралы ретінде тіл пайда болды.Еңбек пен тіл адамның миын,сезім орталықтарын дамытты,есту,көру,сезу қабілетін күшейтті,санасын қалыптастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |