«Болмыс» – болу деген сөзден шыққан. Бүкіл болып тұрған дүниені оның заттарын , қалпын , құбылысын бейнелейді . Философияда болмыс ұғымы ең алғаш дара ұғым . Гегель болмысының мазмұны өте кедей және дара деп айтқан , оның негізгі белгісі бір нәрсенің болып тұрғанын көрсетеді , бұл сөздің қарама-қарсы тұрған анықтамасы болмайтындықтан ,бұл нәрсенің жоқтығын көрсететін сөз . САПАСЫНА ҚАРАЙ БОЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРІН АЖЫРАТАМЫЗ : ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫС – Қоғамның материалдық өмірі біріншіден бүкіл адамның өндіріс саласындағы іс – әрекеттері , екіншіден - бұл мемлекеттік өмір саясат және әр түрлі әлеуметтік арақатынастар. АДАМ БОЛМЫСЫ Философия үшін өте маңызды мәселе, өйткені негізінде философия жақтан адам мәселесімен айналысады және басқа ғылымдар үшін белгілі дүние танымдылық методологиялық тұрғыны ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |