Тақырыбы: «Физика біздің болашағымыз»
(физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру; ойлау қабілетін дамыту; бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін шындау; топпен жұмыстана білуге баулу; еңбекке баулу;
Түрі: ойын-сабақ
Көрнекіліктер: физика туралы нақыл сөздер, презентация, интерактивті тақта, компьютер, тәжірибе керекті құрал-жабдықтар;
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы
пәндер
Сайыстың
кезеңдері:
1-кезең: «Таныстыру»
2-кезең: «Физикалық жұмбақтар»
3-кезең: «Кім көп формула біледі»
4-кезең: Физикалық жұмбақтар
5-кезең: Ойланайық, ойлайық! (логикалық сұрақтар)
Сайыстың барысы:
Жүргізуші:
- Армысыздар, қадірлі ұстаздар
мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Физика әлемінде” атты
сайысымызға қош келдіңіздер!
- Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 8 сынып оқушыларынан құралған – «Ойшылдар» тобын, 9 сынып оқушыларынан құралған – «Білгіштер» тобын ортамызға шақырамыз.
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әдәлқазылар алқасын сайлап алайық.
- Сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсек, жалпы сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.
Сайысымыздың шарттары түсінікті болса,
1-кезең «Сәлем-сөздің анасы» кезеңін бастаймыз.
1 топ: «Ойшылдар»тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
2-топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2 кезең – «Физикалық жұмбақтар». Бұл кезеңде
әрбір топқа физикалық жұмбақтар оқылады.
. Әрбір дұрыс жауапқа - 1 ұпай.
Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. (бұлт)
Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны.(генератор)
Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді (трансформатор)
Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.(кемпірқосақ)
5.Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. (көлеңке)
6.Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді.(компас)
7. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді.( Күн мен Ай)
8. Отқа жанбас,
Суға батпас. (мұз)
9.Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
10. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді ( cу)
11.Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол не? ( жел)
12. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене?(Найзағай)
13. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (масса)
14. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. ( тоқ)
15. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз.(компьютер)
16. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады.(магнит)
17. Көкке қараған, жұлдыз санаған.(телескоп)
18. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды.(электр есептегіш)
19. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды (Сағат)
20. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді (күш)
3 кезең – «Кім көп формула біледі». Бұл кезеңде топ мүшелеріне 2 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген шамалардан формула құрап,жауап беру керек.Әр дұрыс формулаға 2-ұпай.
«Ойшылдар» тобына
I=q/t
U=A/t
I=U/R
R=U/I
R=ρl/s
A=pv
ἠ=T1-T2/T1
ρ=m/v
N=A/t
Q=cm(t2-t1)
«Білгіштер» тобына
1.F*t=m*υ
2.F*t=p
3.p=m*υ
4.F=m*a
5.F=m*g
6.P=F/S
7.υ=s/t
8.A=F*S
9.F=Gm1*m2/r2
10.a=υ2/R
4 кезең - «Кім тапқыр». Оқушыларға физикалық құралдардың суреттері көрсетіледі. Әрбір дұрыс табылған құралға 5-ұпай беріледі.
5-кезең – «Қызықты тәжірибелер!»әр топқа тәжірибе орындап, оны түсіндіреді.10-ұпай беріледі
«Ойшылдар» тобы
1- тәжірибе : Екі жұмыртқаның қайсысы піскен екенін қалай анықтауға болады?
Керекті құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке.
(Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2
саусақпен айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және
ұзақ айналады. Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның
қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі. Жұмыртқаның ішіндегі құрамы тежеуіш рөлін атқарады)
«Білгіштер » тобы
2- тәжірибе: Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Керекті құралдар: стақан, сіріңке, тиын, қағаз
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды
тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.
Енді топтарымыз ойланып болғанша , көрермендермен ойын
ойнасақ. (Сөзжұмбақ шешу)
Сөзжұмбақ атауы: Астрономия
1. Табиғат туралы ғылым
(физика)
2. Жылдамдықты өлшейтін құрал (спидометр)
3. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама (температура)
4. Дененің пішіні мен өлшемдерін өзгертуі (деформация)
5. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
6. Қозғалысты зерттейтін физиканың бөлімі (механика)
7. Сандық мәнімен қатар бағыты бар шамалар (векторлық)
8. Сұйыққа батырылған денеге кері әсер ететін күш қалай
аталады? (Архимед)
9. Денелердің жылдамдығын немесе тыныштық күйін сақтау
құбылысы (инерция)
10.
Әлемде не бар болса соның бәрі не деп аталады? (материя)
Келесі кезеңіміз – «Ойланайық, ойлайық!» бұл кезеңде әр
топ мүшесіне 2 логикалық сұрақтан қойылады. 1-ұпаймен бағаланады
«Ойшылдар» тобы
1. Қандай жолмен ешуақытта адам
жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от
ауасыз жанбайды)
5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
«Білгіштер» тобы
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі
қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
6- кезең – «Иә» немесе «жоқ»капитандар сайысы .
«Ойшылдар» тобының топ басшысына
1. Физика-табиғат туралы ғылым ба? (иә)
2. Жер өз осін 365 тәулікте бір айналып шығады ма? (жоқ)
3. Әлемнің үшінші ұстазы- Аристотель ма? (жоқ)
4. Әрқашан солтүстікті көрсететін жұлдыз-Темірқазық
деп аталады (иә)
5. Термометр– дененің температурасын өлшейтін құрал (иә)
6. Ең үлкен планета – Уран (жоқ)
7. Найзағай құбылысын ашқан ғалым – Франклин (иә)
8. Дененің артында қалдырған сызық түріндегі ізі
жол деп аталады. (жоқ)
9. Гелиоцентрлік жүйені жасаған ғалым – Коперник (иә)
10. Заттың тығыздығын табу үшін оның массасын
көлеміне бөлу керек (иә)
«Білгіштер» тобы
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)
7-кезең. «Мен нағыз физикпін» оқушылар құралдар беріледі. Сол құралдар арқылы электр сымдарын бір-біріне жалғап физикалық денелер ойластыру керек.5-10 ұпай аралығында бағаланады.
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан
топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептеуін ұраймыз.
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар
алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
ОЙШЫЛДАР
БІЛГІШТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |