Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп саналады. Сол жылы АҚШ-та П.Бергтің тобы алғаш рет пробиркада үш түрлі ( маймылдың SV 40 онкогендік вирусының толық геномы, ۟ג бактериофагының геномының бөлшегі және Е coli (ішек таяқшасы) лактозалық оперонның гені) микроорганизмнің ДНҚ–ның фрагменттерінен жаңа гибридтік ДНК құрастырды. Клеткада жұмыс істей алатын гибридтік ДНК – ны 1973 жылы алғаш рет С.Коэн, Д.Хелински мен Г Бойер құрастырды.
Гендік инженерия
Гендік инженерия - рекомбинантты ДНК-ларды жасап, оларды басқа тірі клеткаларға енгізуді айтады.