Басқа геномға белгілі бір геномнан алынған немесе жасанды түрде құрылған гендерді экспериментальды тасымалдау – трансгеноз деп аталады. Геномы бөлек гендер енгізілген ағзалар трансгенді деп аталады. Трансгенді жануарларды алу қазіргі кезде жақсы дамыған. Кез келген генге реттеуші элемент тауып, оның қалауы бойынша, қай органда жұмыс істей алатынын жоспарлауға болады. Осылайша тышқанның ұрықтанған аналық клеткасында адамның самотропин генін енгізу арқылы алып тышқандар алынды.
Трансгенез
Гендік терапия
Генотерапияны клиникалық практикада алғаш сәтті қолдану 1990 ж. АҚШ-та іске асырылды. Аденозиндезаминазаны кодтайтын геннің ақуалдығына байланысты иммунотапшылықтың құрама түрінен зардап шеккен балаға осы геннің зақымданбаған көшірмесін енгізді. Аурудан алынған клеткаларды пробиркада өсіріп, ретровирустық вектордың көмегімен зақымданбаған аденозиндезаминазаның генін ауру баланың клеткасына орналастырып, орнына қайтарған.
Гендік терапия
Рак ісіктерін емдегенде қолданылуына мысал
Ген – инженерлік әдіспен емдеуге болатын аурулардың екінші тобы қорланған мезосомалық аурулар. Қазіргі кезде трансгенездің көмегімен адамның он шақты ауруын емдеуге болады. Ген инженериясының қазіргі кездегі маңызды практикалық жетістіктерінің біріне, диагностикалық препараттарды жасауды жатқызуға болады.
Қорытынды
Ген инженериясының әдістерінің ашылуы биотехнологияға деген ерекше өнндіріс түрінің дүниеге келуіне ықпал жасап отыр. Ген инженериясы молекулярлық биологияның әдістерінің негізінде дүниеге келген технологиялар сан қилы салаларда пайдаланылады, мысалы, адамның және жануарлардың тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалау, криминалистика және этнография, шаруашылыққа пайдалы және биологиялық белсенді заттар, трансгенді өсімдіктер мен жануарлар шығару, бүтін организмді, органдарды немесе жеке клеткаларды клондау. Болашақта ген инженериясы көптеген тұқым қуалайтын ауруларды болдырмауға мүмкіндік беруі мүмкін.