Тақырыбы: Гормондар биохимиясы. Гормондар және бейімділік процестер. Орындаған: Шәмші Г. Тобы: жби-913 Тексерген: Сарбаева М. Туркестан 2020ж. Жоспар



бет5/6
Дата11.12.2021
өлшемі204,36 Kb.
#99249
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биохим 14 апта 2

Адаптация

Адаптация (латын тілінен аударғанда бейімделу дегенді білдіреді) – тірі ағзаның сыртқы ортада тіршілік етудің үнемі өзгеретін шарттарына бейімделуі. Адаптация сыртқы ортадағы айтарлықтай және кенет өзгерістерді көтеруге ғана емес, өз физиологиялық функциялары мен жүріс-тұрысын осы өзгерістерге сәйкестендіріп белсенді түрде қайта құруға мүмкіндік береді.


Индивидуалды адаптация

Ф. З. Меерсон (1981) мен М. Г. Пшенникова (1988) “индивидуалды адаптация” жайында: “нәтижесінде ағза қоршаған ортаның белгілі бір факторына деген төзімділікке ие болып, осылайша, алдында өмірмен біріге алмайтын шарттарда өмір сүріп, бұрын шешімі жоқ болатын мәселелерді шешу мүмкіндігіне қол жеткізетін өмір барысында дамитын үрдіс”.

Адаптация түрлері

Адаптация үрдісін «жедел» және «ұзақ уақыттық» деп бөліп қарастырады.

Ф. З. Меерсон (1981) бойынша, жедел адаптация – ағзаның өзі атқаратын жұмысына жедел функционалды бейімделуі.

Ф. З. Меерсон (1981) мен В. Н. Платонов (1988, 1997) бойынша, ұзақ уақыттық адаптация – ағзада көп рет қайталанған жедел адаптация әсерлерінің жинақталуының салдарынан болатын құрылымдық қайта құрылулар.

Атақты ғалым Г. Селье барлық тітіркендіргіштерді “стрессор”, ал ағзаның сыртқы және ішкі әсерлерге жауап беретін кез келген реакцияларын “стресс” деп атауды ұсынған болатын. Кейіннен “стресс” ұғымының мағынасы ағзаның жалпы реакциясынан тірі материя ұйымдасуының кез келген деңгейіндегі кез келген бейарнамалы көріністердің сипаттамасына ауысты [С. Е. Павлов, 2000]. Сонымен қатар, бұл өзгерісті ғылыми қауымдастықтың көпшілігі қабылдады.

Адаптацияның бейарнамалы реакциялары стереотипті түрде кез келген әсерге жауап ретінде дамиды және әсер етуші фактордың табиғатына, стрессор табиғатына байланысты емес. Ағзада кез келген әсерден пайда болатын және бейарнамалы қорғаныстық-адаптациялық реакциялардың стереотипті кешенінен тұратын бейарнамалы өзгерістердің барлық қосындысы стресс немесе жалпы адаптациялық синдром (ЖАС) деп аталады (Г. Селье, 1936-1952).

Г. Селье мен көптеген басқа да ғалымдардың зерттеулері әр түрлі стресстік жағдайларда ЖАС-ды іске асыруда гипоталамусты-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесінің тікелей қатысы бар екенін анықтады. Сонымен қатар, гипофиздің соматотропині (В.Б. Розен 1962,1963,1980), симпатико-адренальды жүйе (Л.А. Орбели 1927, Г.Н. Кассиль, Э.Ш. Матлина 1973) мен адрено-тиреоидты жүйе (С.О. Тапбергенов, 1984-1995) де ЖАС-ң жүзеге асуына қатысады.

ЖАС кезеңдері:

ДАБЫЛ КЕЗЕҢІ( МОБИЛИЗАЦИЯ ФАЗАСЫ)

РЕЗИДЕНТТІК КЕЗЕҢ

ӘЛСІЗДЕНУ КЕЗЕҢІ

ЖАС кезеңдерінің басталуы кезінде 1-шілік шок (сілейме) байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет