Тақырыбы: Гормондар биохимиясы. Гормондар және бейімділік процестер. Орындаған: Шәмші Г. Тобы: жби-913 Тексерген: Сарбаева М. Туркестан 2020ж. Жоспар



бет6/6
Дата11.12.2021
өлшемі204,36 Kb.
#99249
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биохим 14 апта 2

І кезең – дабыл кезеңі – гомеостаз бұзылуына байланысты адаптациялық үрдістердің белсендірілуі;

ІІ кезең – резистенттік кезең – жалпы, бейарнамалы сипатқа ие, стрессорға жоғары қарсылық көрсетеді;

ІІІ кезең – әлсіздену кезеңі – резистенттік төмендейді (стрессор өте күшті не ұзақ болған жағдайда орын алады). 2-шілік шок дамып, өлім не патологияға әкеледі.

Адаптация аурулары

Ағзаның қорғаныс реакциялары үнемі оптимальды бола алмайтынын білген Г. Селье адаптация аурулары деген ұғымды енгізді. Оның айтуынша, бұл аурулар дамуының негізгі бір себебі – қабыну реакциясын күшейтетін гормондардың (гипофиздің СТГ ж/е бүйрекүсті безі қыртысының минералокортикоидтары) қабынуға қарсы гормондардың (гипофиздің АКТГ ж/е бүйрекүсті безі қыртысының глюкокортикоидтар) санынан әлдеқайда көп болатын гормондар дисбалансы.

Адаптация аурулары

Аурулар дамуының екінші бір себебі – патологиялық процесстердің дамуына алғышарт (диатез) жасайтын қолайсыз әсерлерден (нефрэктомия, тұздың артық жүктемесі, кортикостероидтарды қолдану, т.б.) туындайтын ағзаның ерекше реактивтілігі.

Эксперимент пен клиника

Эксперимент шарттарында бірқатар ауруларды (коллагеноз, артрит, түйінді периартериит, нефросклероз, гипертония, миокард некрозы, склеродермия, бұлшықет тінінің метаплазиясы, т.б.) туындата алды.

Алайда клиникада бұл нәтижелер расталмады.

ЖАС – аурулардың ортақ белгісі?

Г. Селье ЖАС-ды “жай аурудың” көрінуі деп санады. Сол себепті ЖАС-ның бір типтік көрінісі әр түрлі аурулардың патогенді факторлары әрекетінің арнайылылығымен байланысты емес ортақ компоненті болып табылады деп есептеді. Алайда, кез келген бейарнамалы реакцияның белгілі бір тітіркендіргіш әсерімен шартталған өзіне тән белгілері болады, сондықтан реакциялар бірмәнді емес, ЖАС-ң да дамуы гормондық әсерлердің бірегей механизммен шартталмаған.

Гормондардың жылу алмасуын реттеуі

Жылу алмасу=жылу өндіру+жылу беру

|Жылу өндіру|=|жылу беру|

Жылы қанды жануарларда температуралық гомеостазды сақтауда гипоталамустық орталықтар мен гормондар орны ерекше. Алдыңғы гипоталамуста жылу шығарылуын, ал артқыда жылу түзілуін күшейтетін орталықтар орналасқан.

Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке-өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено-тиреоидты жүйе қатысатын нейрогуморальды механизмдер арқылы жүзеге асады (Тапбергенов С.О. 1984). Нейрогуморальды механизмдер термореттеудің тез әсер етуші жасуша үстілік үрдістерін іске қосады (бұлшықет треморы, тоңғандағы қозғалыс белсенділігінің артуы мен дене сыртқы қабатындағы тамырлар тонусының өзгеруі).



Сонымен бір уақытта адрено-тиреоидты жүйе субжасушалық үрдістерді – энергетикалық субстраттардың мобилизациясы, биологиялық тотығу үрдістерін, тоңғандағы тотығып фосфорильденудің ажырауын, қоршаған ортаның қалыпты температурасы кезінде АТФ тәрізді макроэргтер түрінде энергия жинақталуын іске қосады.

Қорытынды


Сонымен, гормондар – эндокринді бездерден бөлінетін биологиялық белсенді заттар. Олардың бөлінуінің 3 түрлі механизмі бар: жүйке жүйесі, кері байланыс, ауторегуляция. Гормондар атқаратын 3 қызметтің бірі – адаптация – тірі ағзаның сыртқы орта жағдайларына бейімделуі. Г. Селье жалпы адаптациялық синдром (кез келген әсерден пайда болатын бейарнамалы қорғаныстық-адаптациялық реакциялардың жиынтығы) ұғымын енгізді. Сондай-ақ, ол ЖАС кезеңдері мен адаптация аурулары туралы жазған еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет