Білімділік мақсаты – Оңтүстік Америка материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы – үндістердің тағдырын көрсету, оқушыларды Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасымен таныстыру, халықтың әркелкі орналасу себебін қарастыру.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы
ІVкезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (1 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
ІІ
Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген терминдердің анықтамаларын сұрайды: гилея, пампа, кебрачо, кампос, льянос, гаруан дегеніміз не?
Сосын параграф соңындағы сұрақтарды қояды.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді. Сосын терминдерге анықтама береді: Гилея – жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін және кенеттен пайда болатын мен құйын тәрізді қозғалатын дауыл. Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған субтропиктік дала зонаның жергілікті атауы. Кебрачо – арасында бұтағы өте қатты, қабағынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын балта сынар ағашы. Кампос – Оңтүстік Америка материктегі Бразилия саваннасы мен сирек ормандары. Льянос – Оңтүстік Америкаматериктегі Ориноко саваннасы мен сирек ормандары. Гаруан – Ауа температурасы тәулік ішінде 25-300С-қа ауытқиды, соның салдарынан мамыр мен қараща аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандар.
ІІІ
Жаңа материалды оқытуда әңгімелесу әдісі арқылы жүргізеді.
Біздің жыл санауымыздан 20-30 мың жыл бұрын Оңтүстік Америкаға адамдар Солтүстік Америка арқылы Азиядан қоныс аударды деген жорамал бар.
Үндістер – материктің байырғы тұрғындары – монғол типтес нәсілдің америкалық тармағына жатады. Мұғалім еуропалықтар келгенге дейін үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің болғандығын дәлелдейтін мысалдар келтіреді. Отарлаушылардың үндістерді қырып-жоюы әрі аяусыз езуі нәтижесінде олардың өркениеті мен мәдениетіне көп нұқсан келді. Плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан ұзақ жылдар бойы құл-негрлер әкелінген, соның нәтижесінде араласқан халықтар (метистер, самболар, мулаттар) пайда болғандығы туралы айтып береді. Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен біргі Латын Америка деп атайтынын айтады.
Мұғалім еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы күресінен, сондай-ақ баспасөздің ең соңғы хабарларынан мысалдар келтіреді.
Материктің елдеріне көшкенде Оңтүстік Американың саяси картасы мен физикалық картасы мысалында елдері Анд елдері мен шығыстағы жазық елдері деп бөлінетінін айтады.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Халықтың тығыздығы картасы бойынша оқушылар адамдардың тіршілік етуі үшін аса қолайлы аудандар мен ондағы халықтың ұлттық құрамын, олардың ұрпақтарының басым қоныстанған аймақтарын анықтайды.
Мемлекеттерге сипаттама бергенде атластағы карталарды, әрі оқушыларға бұрынғы өткен сабақ материалдарынан мәлім мағлұматтарды пайдаланады. Оқушылар жауап берген кезде естеріңе түскен объектілерді қабырғадағы картадан көрсетеді.
ІV
Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Оңтүстік Американың нәсілдік және ұлттық құрамы қандай?
2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.
3. Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?
Сосын келесі тапсырманы береді:
1. Оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, пайдаланып, Бразилия еліне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.
Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Материктің байырғы тұрғындары – монғол типтес нәсілге жататын үндістер 10% алып жатыр, метистер, мулаттар, самболар, негрлер.
2. Биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан инктер империясы.
3. Оңтүстік Америка елдері Анд елдері мен шығыстағы жазық елдері деп бөлінеді.
Сосын оқушылар оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, атластағы тақырыптық карталарды пайдаланып, Бразилия еліне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама береді де.
V
Үй жұмысы:
1. §43 оқып, мазмұнын айту.
2. Кескін картаға материктің саяси картасын түсіру.
3. Оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, пайдаланып, Венесуэла, Аргентина, Перу елдерінің біріне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
VІ
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
VІІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.