Тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары


жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі37,74 Kb.
#119133
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 тақырып

1962 жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1956 жылы бүкiл одақ бойынша 29,7 млн. гектар жер жыртылды, соның 18 млн-ны Қазақстанның үлесiне тидi. Тың жер Қазақстанның солтүстiк бес облысында игерiлдi. Тың жер игеру Қазақстан үшiн де, одақ үшiн де өз нәтижесiн бердi. Тың жер игерудiң нәтижесiнде Қазақстанда егiншiлiк жердiң көлемi 36 млн. гектарға жеттi. Бұл одақтағы егiстiктiң 16%-не тең едi. Кеңес Одағының халқының 6 %-ын құрайтын Қазақстан бидайдың 20%ын, еттiң 10%-ын, жоғары сортты қатты бидайдың 60%-ын өндiретiн болды. Ауыл шаруашылығы жерiнiң әр адамға тиетiн орташа мөлшерi жөнiнен Қазақстан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты, мұнда әр адамға 14 га жер келетiн болды. Қазақстан Одақ қоймасына 6 рет млрд пұт астық құйды. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылы өтелдi. Тың игерудiң экономика, әлеуметтiк салаға тигiзген салдары да болды. Тың игеру Кеңес Одағында, соның iшiнде Қазақстанда экономика саласында белгiлi нәтиже бергенiмен оның зардаптары да аз болған жоқ.
Тың жер игеру шұғыл, асығыс жүргiзiлдi. Егiстiкке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зыян әкелдi. Осының салдарынан игерiлген жерлердiң бiразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кеттi. 50-жылдарының ақырында Қазақстанда 9 млн. га жер эрозияға ұшырады.
Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, ХХ съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесiнiң өзгеруiне әсер еттi. Тың игеру кезiнде Қазақстанннан тыс жерде өмiр сүрiп отырған қазақтарды келтiру мүмкiндiгi туды, қазақ зиялылары сондай пiкiр де көтердi, бiрақ бұл пiкiр ескерiлмедi. Қазақстанға тың игеруге 1,3 млн басқа ұлттың адамдары келдi. Орталықтан 25 мың басшы қызметкер, 1,5 мың мұғалiм келдi. Олар жергiлiктi кадрларды ығыстырды. Жергiлiктi жерлердегi қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тiлiнде оқытты. Қазақ тiлiндегi газеттер жаппай жабылды. Мұндай көрiнiстерге интернационализм мен ұлттар достығының белгiсi, Қазақстан ұлттар достығының лабораториясына айналды деген лепiрме баға берiлдi. Осылардың салдарынан қазақ халқы өз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы санақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы /табиғи өсуi жоғары болса да/ 8% кемiп, 30 пайызға түсiп қалды. Басқа ұлт өкiлдерiнiң үлес салмағы артты. Солтүстiк облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан көп төмен болды. Жер су, қала, қыстақ аттары орысшаланды. Аталмыш жағдайлар Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң ғана оңала бастады.
Кеңес Одағында ел өмiрiнiң барлық саласын қамтыған тоқырау 1960 жылдардың ортасынан басталып 80 жылдардың ортасына дейiн жалғасты. Тоқырау деп ел экономикасының ешбiр өзгерiссiз тоқтап қалғанын емес, экономикалық даму қарқынының жылдан жылға құлдырап келіп, 1980 жылдардың ортасында терең кризиске әкелгенi айтылады.

Кеңес Одағы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң жылдық өсiмi 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болса, 1981-1985 жылдары 3,7 пайыз болып құлдырады. Мұндай көрiнiстi Қазақстан экономикасынан да байқауға болады. 81-86 жылғы бес жылдық жоспарды Қазақстанның әрбiр 4 кәсiп орны орындамады, 1986 жылға дейiнгi 9 жылдың iшiнде орнаған 334 кәсiпорынның тең жартысы нормативтiк қуатына жетпедi. Мүндай көрiнiстi Қазақстан экономикасының басқа саласынан, оның iшiнде ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.
60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүргізілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.
Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия ---өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығаратын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың экологиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепатит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан территориясының 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырылатын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
2. Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы
3.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Су қорларын, қоймаларды сақтау – экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.
Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш – Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60 пайыз шамасында. Ол әсіресе, тау-кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық аура түрлерінің өршуіне ықпал етуде.
Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады.
Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич,анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
1991 жылы 29 тамызда Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, көреген саяси көзқараспен Қазақстан жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартты. Мұны әлем жоғары бағалап, оның маңызы 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер тұсында ерекше құндылыққа ие болып отыр.
4.Тоқырау саяси салада болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе тоқырау жылдарында күшейе түстi. Демократия дамымады, үкiмет билiгi халықтың қолынан партияның қолына өттi. Конституцияда көрсетiлген азаматтардың құқығы бұзылды, Кеңес Одағында басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.
Әлеуметтiк-рухани салада да тоқырау көрiнiсiн байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зыян әкелдi. Арал қасiретi, Байқоңыр, Семейдегi ядролық қару сынау қазақ халқының ден саулығына орны толмас зыян келтiрдi.
Тоқыраудың негiзгi себептерi Кеңес Одағында саяси салада бiр партияның үстемдiгi, экономика саласында бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдiгi, идеология саласында бiр ғана марксистiк идеологияныңң үстем болуы, Кеңес Одағындағы басшылардың қабiлетсiздiгi және т.б. себептердi айтуға болады.
1960-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсті. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтар асқынды. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылды.
Тұтастай алғанда, Қазақстан мәдениеті 80 - жылдар ортасына қарай серпінді даму сипатынан айрылды. Оның арты Кеңестер одағының ыдырауына ұласты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет