Тақырыбы: Иманды ұл, инабатты қыз-өмір көркі Мақсаты: Білімділік



бет3/3
Дата06.01.2023
өлшемі34,66 Kb.
#165054
1   2   3
Байланысты:
иманды ұл,қыз тарбие сағаты
ОШ СОр Физика 7кл каз , ОШ СОр Физика 7кл каз , СенкевичТ.А. Возможности управления каче..ия на уровне района мегаполиса, СенкевичТ.А. Возможности управления каче..ия на уровне района мегаполиса, Алимбаева С.Н., aza stan-tarikhy
ІII Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? (ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? (Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды?
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? (бұзақылық,сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,адамгершілігі мол)
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
IҮ «Жалғастыр» ойыны
Енді, балалар, біраз сергіп алайық.

Не істеуге болмайды?

Не істеу керек?

Не істер едім?

Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды

Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек.

Адамдарға қамқор болар едім.

Сабақтан кешігуге болмайды

Кішілерге қамқор болу керек

Туған жерімді көркейтер едім.

Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды

Сабақты жақсы оқу керек

Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім.

Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды

Тәртіпті болу керек

Иманды ұл.

Тәртіпсіз болуға болмайды

Әдептілік қағидаларын сақтау керек

Инабатты қыз болар едім.

Ү Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет