Тақырыбы: Иманды ұл, инабатты қыз-өмір көркі Мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата06.01.2023
өлшемі34,66 Kb.
#165054
  1   2   3
Байланысты:
иманды ұл,қыз тарбие сағаты


Тақырыбы: Иманды ұл, инабатты қыз-өмір көркі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету;
Дамытушылық: Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, проектр.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз - өмір көркі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.
Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.
Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
Қазақ халқы ұл мен қыз тәрбиесіне енжар қарамаған. «Ұлым жақсы болсын десең – біліктімен ауыл бол,қызым жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол» дейтін қазақ, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастағаннан, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастағаннан өнерлі, текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға құлшынған, әрі ресми тәрбие жүргізе бастаған.
Ұл бала тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін ұғындыра отырып, ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларына қалай қамқор болу керек, қиын сәттер мен ел басына күн туған сәттерде қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту керек екендігі мұқият үйретіледі.
Қазақ халқы қыздың да тәрбиесіне қатты мән берген. Қыз әуелде ана бауырында отбасы тәрбиесінде болады. Оған ұлдан өзгеше тәрбие береді. Қыз тәрбиесінде білікті аналар қыздарын бір тізерлеп отыру, қалай болса, солай отырып-тұрмау; үнемі сіз-біз деп сөйлеу, тасыр мінез, кеселді сөзден аулақ болу; кісі бетіне, әсіресе ер адамдардың бетіне қылымсып немесе тіке қарамау,тамақты ауыз толтыра асап, былшылдатып, шалпылдата шайнамау; ыдыс-аяқты жуғанда, жиғанда сылдырлатпау; үлкен адамдар келгенде тұрып жол беру, аман-сәлем жасау; «шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без» дейтін халық даналығын сақтау; көпшілік ортасында жыртақтап күлмеу, арын таза сақтау, ата-анадан рұқсатсыз жөнсіз қыдырмау сияқты істерден егжей-тегжейлі тәрбие жүргізеді. 
Қазақ халқының қыздарды жастайынан оң босағаға отырғызуының үлкен мәні бар. Ол қыздардың дербес өмір сүруіне бейімдейді. Болашақ отауды қалай ұстап, қалай басқаруды, шаруашылық істерін қалай реттеп, қалай жөнге салуды үйретеді. Еңбекшілдікке, іскерлікке тәрбиелеп, болашақ ана, отау иесі болуға үйретеді.
Байырғы қазақ қоғамында қыз тәрбиесі бір ғана шаңырақ тәрбиесі емес, әулеттің, ауылдың тәрбиесін көріп өседі.
Әке үйінде жүрген қыз – қонақ деп, оны жарасты киіндіріп, ұзатылғанша төрге таман оң жақтан орын берген. Қыз баланың белін жеті жасқа келгенде аналары белбеумен буып қоятын болған. Ал, он екіге келген соң, аналары қызының төсегіне дәл жауырынының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.
Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты, ауылдың көркі, береке-бірлік пен татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп, аялап, ардақтаудың арқасында, қазақ халқында ақыл-парасатымен ел билеп, ру-тайпа басқарған көсем, шешен, би, аты аңызға айналған батыр, әулие аналар, ел жұрты аттарын қадір тұтқан қасиетті, киелі әжелер көп болған. Мысалы, Айша Бибі, Баба әже, Домалақ Ана, Қызай ана, Абақ, Мұрын аналар...
Қазақ халқының тәрбиесі қыздарды арлы болып, адамгершілігін биік ұстауға; өнерлі іскер болып, ар-абыройын таза ұстауға баулиды. Ерлерді қадірлеуге, құрметтеуге, отбасының ұйтқысы, перзенттерінің тәрбиешісі, ұстазы болып, адамдық арына дақ түсірмейтін өнегелі, үлгі-тағылымды адам болып есеюге баулиды!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет