Байланысты: Та ырыбы информатика п ні бойынша интерактивті о ыту дісін о У
Броундық қозғалыста - студенттер бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватмен парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршінің ағашына өз идеяларын жазады.
“Өз позицияңды ұстан” – деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін студенттер “Иә” немесе “Жоқ” деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады.
Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Сұхбат – оқытушының тыңғылықты ойланған мәселелер жүйесін қою арқылы материалды түсінуіне алып келетін немесе оқығанда игеруін тексеретін диалогты оқыту әдісі.
Көрнекі әдістер – оқытудың көрнекі әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Осы интеративті әдістердің кейбір түрлерін пайдалану жолдарына тоқталып өтейін.
Информатика сабағында «Модельдеу» тақырыбын оқыту барысында «Жоба құру» әдісін пайдалануға болады. Білім алушылар үш топқа бөлініп, әр бір топқа «Жер планетасына» сипаттама беру керектігі айтылады:
- бірінші топқа математикалық көзқарас бойынша (диаметр, атмосфера мен жер бедерінің қалыңдығы, экватор мен медиананың және т.б. ұзындығы);
- екінші топқа орыс тілдік көзқарас бойынша (шығарма жазу немесе сипаттап
беру) ;
- үшінші топқа бейнелеу өнері бойынша (сурет салу).
Алынған нәтижелерді талдап болғаннан кейін оқытушы «Жер планетасының» басқа ұғымдарымен (глобус, географиялық карта) таныстырады. Осыдан кейін білім алушыларда «модель» түсінігі қалыптасып, өздіктерінен кейбір материалдық модельдерді және ақпараттық модель түрлерін ажырата алады.
«Компьютер құрылғылары» тақырыбы бойынша сабаққа дайындалу барысында тапсырмаларды шығармашылық сипатта дайындау қажет. Мысалы:
1) Сізге жаңа компьютерді іске қосу керектігі жүктелген. Сіз барлық құрылғыларын қостыңыз. Компьютерді іске қосқанда бейне көрінбейді. Осы мәселені тудырғантсебепті анықтау керек.
2) Компьютер мына құрылғыларсыз болуы мүмкін бе (монитор, қатты диск, дискжетек, пернетақта, тышқан, процессор, жедел жады).
3) Компьютерде мына құрылғылардың екі данадан болуы мүмкін бе (монитор, қатты диск, дискжетек, пернетақта, тышқан, процессор, жедел жады).
4) Қолда компьютердің аналық тақшасының схемасы мен кейбір құрылғылары (процессор, аналық тақша, жеделжады, шина, қатты диск) бар. Осыларды біріктіру керек.
Осындай қиын емес тапсырмаларды орындау арқылы білім алушыларда компьютер құрылғыларының неге арналғандығын және олардың қызметі туралы түсінік қалыптасады.
«Ақпарат. Ақпараттық поцесстер» тақырыбын оқу барысында «Синквейн» әдісін
қолданған қолайлы. Білім алушыларға «Ақпарат. Ақпараттық поцесстер» сабағының тақырыбы және төмендегі тапсырмаларды орындау беріледі:
1) Бір зат есімді атау керек (сабақ тақырыбына байланысты).
2) Осыған екі анықтауышты таңдау керек.
3) Осы сөзге үш баяндауышты таңдау керек.
4) Осы сөздермен төрт сөйлем құрастыру керек.
Студенттер алдымен жеке, содан кейін алынған нәтижені бірігіп талқылайды. Осыдан кейінбілім алушыларда ақпарат туралы түсінік қалыптасып, ақпараттық процесстерге және оның түрлеріне қорытынды жасай алады.
Сабақта студенттердің шығармашылық іс-әрекетке негізделуіне, ынта-ықыласты оятуда интерактивті әдістердің қызметтерінің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқыту формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының мазмұнын студенттерді ерекшеліктеріне сәйкес құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, шығармашылық оқытуды кеңінен пайдалану және т.б.
Қорыта айтқанда, интерактивті оқыту әдісі студент әрекетін белсендіру, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Яғни, интерактивті оқыту әдісі дегеніміз – ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынас болып табылады.