Тақырыбы: Инклюзивті білім беру бағдарламасының жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуы


Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады



бет2/5
Дата09.01.2022
өлшемі89,11 Kb.
#110500
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
султанбек н инк 11

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады:

  1. Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-медикалық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі.

2. Білім беруді ұйымдастыру.

3. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын сипаттау.

5. Сабақ, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-әрекет бірлігінде қамтамасыз етілуге тиіс отбасы және қоғамның басқа институттарына қатысы бар білім беру мекемесі мен басқа ұйымдардың мұғалімдері, түзету педагогикасы саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлердің түзету шараларын жасап жүзеге асыруда өзара әрекет ету механизмі.



  1. Түзету жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігінің көрсеткіштері.




  1. Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кешенді қолдау көрсету жүйесі.

Жалпы білім беру мекемесінде білім беру мекемесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум) мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің маңызды тетігі - болып табылады. Қолдау қызметі (мектеп консилиумы) – даму деңгейі қалыпты және мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі мен дамуына оңтайлы жағдай туғызып, олардың табысты әлеуметтенуіне және қоғамға сіңісуіне ықпал ететін білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет