1-сұрақ. Дамуында бұзылуы бар балалардың отбасы тәрбиесінің принциптері. Қоғамдық ортада болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелерінен, экологиялық-экономикалық дағдарыстардан жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуынақажетті жағдайлар жасалуы керек. Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне дегенқарым-қатынасын өзгертпей қоймайды.
Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л.С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген. Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Баланың дамуына ықпал етуші ата-ана. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпараттық қолдауды қажет етеді. Дамуында бұзылуы бар баланың дүниеге келуі – отбасы және туыстары үшін ауыр сәт. Осы кезеңде баланы ары қарай тәрбиелеуге байланысты жаңа міндеттер тұрады [1].
Бала кемістігін ата-аналар әртүрлі қабылдайды, жанұяда дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Көптеген ата-аналар отбасы материалдық шығындарының өсуімен кемтар баланы емдеу және тәрбиелеу үшін жұмыстарын тастап кетуге мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе әкелері бұл мәселені көтере алмай отбасын тастап кетеді. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар жағымсыз әдеттерге жақын үлгерімі төмен болады. Бұл бала кемістігінің тереңдеуіне екіншілік ауытқудың туындауына себеп болады. Екінші бір ата-аналар баласын шексіз еркелетіп қорғаштайды, аялайды, барлығын кешіреді, қорғансыз, ерке мүгедек пайда болады, мамандар аталмыш балалардың ата-аналарымен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін отбасылық эмоциялық қарым-қатынастарын зерттеуді қажет етеді. Дамуында ауытқуы бар баланы сауықтыру жұмысы отбасында барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен ұзақ уақыт, қалыпты әрі жүйелі жүргізу қажет.
Бала үшін отбасы не істеу керек? Ең алдымен, оның дамуындағы проблемаларға сәйкес өз баласына тән қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек. Бұл тиімді емделуге және реаблитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың отбасында өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды. Баланың ата-анасын реаблитацияға белсенді араластыру қажет.
Мүмкіндігі шектеулі бала толық отбасында өзін жанұяда керек екенін түсінсе, бұл баланың психологиялық ахуалының жақсаруына септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуде жанұя ерекше қызмет атқарады. Себебі ата-аналар баласы үшін бірінші тәрбиешісі. Ата-аналарды балаларына қоршаған орта туралы алғашқы түсініктері мен әртүрлі дағдыларға үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы жетілмеген деп кемсітіп, олардың адамдық құқығын шектейміз, оларды жеке тұлға ретінде барлық балалармен тең құқылы екенін ескеруіміз керек.
Мүмкінгі шектеулі балалардың ең жақсы тәрбиесі, түзету жұмыстары-оларды күнделікті өмірге тарту. Бұл ата-ананың баланың реабилитациясына белсене қатыса отырып, жақсы қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Ата-аналардың дамуында бұзылуы бар балалардың тәсбиесіндегі назарға алатын басты принциптері мыналар: балалары үшін барлық қажеттіліктерді орындау емес, олардың дербес өмір сүруіне көмектесу. Біздің қоғамның басты міндеттері- арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде баланың мүмкіндігінің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады.
Қазір республикамызда 5 деңгейлі мемлекеттік мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Мүмкіндігі бала дені сау балалар дамитын заңдармен дамиды, бірақ қоршаған ортаға бейімделуі үшін компенсаторлық мүмкіндіктері аз болады, сондықтан мұндай бала ұзақ дұрыс ұйымдастырылған түзету тәрбиесін қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі бала қарапайым санитарлық гигиеналық және еңбек дағдыларын игеріп, қоршаған орта туралы танымдары білу керек.
Баланы отбасында тәрбиелеуімен және түзету тәрбиесінің ерте бастауы- бұл баланың психо-моторлық дамуының жағымды динамикасы. Сондықтан ата-аналар мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауы керек (әлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог). Бұл мамандар ұсыныстары ата-аналарға баласын жақсы түсінуге, қарым-қатынасты жақсы орнатуға үйретеді. Қоршаған ортаға толық бейімделуіне көмектеседі. Өмірінің алғашқы айынан баланы өзі не істей алса соны өзі істеуге, ойыншықтарын өзі алуына, өзі киінуге, тамақтануға үйрету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |