2-сұрақ. «Бірлескен іс-әрекет» үлгісі ауытқуы бар баланы тәрбиелеудің қолайлы формасы ретінде. Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Отбасы-тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына,сондай-ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысы. Өз кезегінде отбасы да қоғам дамуына ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершілік-эстетеикалық жағынан дамына әсерін тигізу. Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен Отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі-ең жоғары тілек, ең биік мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауыотбасы. Сондықтан адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол секілді балаға ата-ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.
Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педаогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру- мектеп алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен іс – әрекеті бала өмірінде маңызы зор.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формалары – ата – аналар жиналысы, педагогтардың оқушылар үйіне баруы, педагогикалық насихат және т.б. Дамуында бұзылысы бар балаларды тәрбиелеуде «бірлескен іс – әрекет» формасын қолданудың өзіндік маңызы бар. Бұл іс–әрекет барысында ауытқуы бар бала қалыпты балалар істей алатын қалыпты іс–әрекеттерді істей алуға дағдыланады. Мысалға алатын болсақ, мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінде белгілі бір тәртіпке, ортаға, ата – анасынан бөлек өзге адамдармен қарым – қатынас жасауға алғы шарт жасайды. Қазіргі таңда ата-аналардың сауатсыздығынан көптеген ауытқуы бар балалар өз қажеттілігін өтеу мақсатында істелетін іс – әрекеттерді де ата-аналарының көмегінсіз істей алмайды. Мектепке дейінгі мекелерде арнаулы топтар ашылып педагог – тәрбиешілер, дефектолог, әлеуметтік педагог және күтуші мамандар бірлесіп оқу- тәрбиелеу, қатарға қосу қызметтерін атқарады. Мектепке дейінгі білім беруден кейінгі баспалдақ – мектеп [2].
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беруде бейімделу мектебі, сауықтыру мектептері бар. Бейімделу мектебінде белгілі бір ауытқулары бар балалар үшін арнайы топтар құрылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың ақыл-ойы жағынан дамуына көмек көрсетіледі. Сауықтыру мектептерінде, бұл мектептердің базалық бағдары – денсаулықты сақтау мен нығайту, білім беруді. Сауықтыру мектептерінде, бұл мектептердің базалық бағдары – денсаулықты сақтау мен нығайту, білім берудің нәтижесі ретінде денсаулық пен тәрбиеліліктің және бейімділіктің гармониялы мүмкіндіктерін іздестіреді.
Бала мен жұмыс істейтін педагогтарға, психологтарға баланың психикасы мен физикалық денсаулығына кері әсер ететін дұрыс емес тәрбиелеудің түрлерін білу қажет. Бұзылыстың және ауытқушылықтың себебі балалалық шақта көрген зорлық болып табылады. Бірақ басқада себептер болуы мүмкін. Мысалы анасының, анасының өгей екесінің көңіліне қарауы, бұл еркектің қатал мінез –құлқын елемеуге, байқамауға мүмкіндік береді. Кейде анасы қызының өгей әкесінен көрген зорлық-зомбылығын байқамауға тырысатын жағдайлар да болған. Кейде балаға зорлық көрсетуде әкесі мен шешесі де қатысады. Балаға көрсетілетін зорлық отбасылық проблемаларддан туындауы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға психологиялық көмек беру. Қазіргі заманғы зерттеу жұмыстарындағы отбасына қатысты қағидалар дамуында бұзылуы бар баламен диагностикалық және түзетуші жұмыс жүргізуде ескерілуі қажет.
Жұмыс формалары [3]:
1) дамуында бұзылуы бар баланың ата-анасына (анасына) жұмыс тәсілдерін көрсету;
2) психолог жүргізетін сабақтарды ата-ананың (ананың) конспектілеуі;
3) өз баласымен үй тапсырмасын орындау;
4) ата-аналардың (ана) психолог ұсынған арнайы әдебиетті оқуы;
5) баламен жұмыста шығармашылық ой-пікірлерді ата-ананың (ана) жүзеге асыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |