Тақырыбы: инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен жұмыстарды ұйымдастыру жоспары


-сұрақ. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері [2]



бет4/5
Дата23.05.2020
өлшемі20,05 Kb.
#70691
1   2   3   4   5
3-сұрақ. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдері [2]:

1. Ата-аналармен сенімділік байланысты құру.

Белсене тыңдау тәсілдері, адал тілектестік педагогтың ұсыныстарына аңғарусыз қарсылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

2. Ата-аналарды не мазалайды? Келелі мәселелерді анықтау.

– дамуында бұзылысы бар баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтар;

– баланың отбасында және қоғамда (социум) бірдей емес тәртіптілік әрекеттері;

– жақын туысқандардың балаға деген бірдей емес жеке аралық байланысуы;

– мұғалім және тәрбиешімен баланың мүмкіндігінің бағасын төмендету және т.с.с.

– дамуында бұзылысы бар баланың отбасының жұбайлық байланысының бұзылғаны;

– дамуында ауытқуы бар баланы эмоциялық шеттетуі;

– дамуында ауытқуы бар балаға, қалыпты балаға көңіл бөлу бағасы.

3. Тәрбиелеу үлгісінің және ата-аналардың жеке қасиеттерінің диагностикасының психологиялық-педагогикалық бағасы.

– баламен өзара байланысудың түрлерін бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу.

4. Отбасында бар шынайы мәселелерді педагогтың тұжырымдауы.

Психодиагностикалық әдістемелер ретінде келесі суретті тестер қолданылады: «Адам суреті», «Өмірде жоқ жануар», «Отбасы суреті», «Үй, ағаш, адам». Бұл әдістемелер 4-5 жастағы балаларды зерттеуде қолданылады, Жекеленген жағдайда әдістемелердің тізімі «Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесімен толықтырылады. Психологиялықпедагогикалық және отбасылық кеңес беру көп жағдайда бірыңғай кеңес беру процедурасының аясында жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына кеңес берудің ұйымдастырушылық формалары ретінде алынатындар [4]:

Бірінші саты: танысу, сенім мен өзара түсіністіктің қажетті деңгейі бар байланысты орнату.

Екінші саты: отбасының қиындықтарын ата-аналардың немесе олардың орнын алмастырушы адамдардың сөзі бойынша анықтау.

Үшінші саты: баланың психофизикалық ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу.

Төртінші саты: ата-аналар қолданатын тәрбие модельдерін анықтау, олардың тұлғалық қасиеттерін диагностикалау. Бесінші саты: психологтың отбасында кездесетін шынайы мәселелерін құрастыруы. Алтыншы саты: мәселелер шешілетін тәсілдерді анықтау. Жетінші саты: қорытынды шығару, түйіндеме жасау, психологтің құрастыруында мәселені түсіндіруді бекіту.

Дамуында бұзылуы бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік кезеңінің негізгі қызметтерін қарастырып өтейік:

1. Баланың дүниеге келуі: патологиясы туралы мәлімет алу, берілген мәселені эмоционалды қабылдау және төзе білу.

2. Баланың мектепке дейінгі кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, өмірлік әсәрекеттер бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру, сауықтыру.

3. Баланың мектептегі шағы: мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік оқыту формасы туралы шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру.

4. Жеткіншек жас: мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи созылмалы ауруына дағдылану, баланың болашақ кәсібін жоспарлау.

5. Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, отбасылық жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау.

6. Ата-аналық кезең: жұбайымен отбасын құру және мамандармен өзара әрекеттестік.

Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру. Яғни, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей


жағдай жасауымыз керек.

Қорыта келгенде, Белгілі ғалым Л.С.Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген. Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Баланың дамуына ықпал етуші ата- ана. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық-психологиялық, құқықтық ақпараттық қолдауды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет