Жоба тәуекелділігі.
Жобаның күшті жақтары: жергілікті халықты жұмыспен қамту, жабдықтардың жұмыс жасау сенімділігі жоғарылығы, басқару режимі толық автоматтандырылған болуы жатады және шаң-тозаңды жоюдың жоғарғы сапалы құралдары орнатылған.
Жобаның әлсіз жақтары: жергілікті тұрғындардың зауыт қызметтеріне сай маманданбауы, зауыттың қаладан тыс жерге салынуы, аймақтың табиғатының ластану мүмкіндігі
Қауіп-қатер: отандық және шетелдік бәсекелестердің болуы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері.
Жоба мүмкіндіктері: Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізу, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, басқа да өңірлерді зауыт өнімдерімен қамтамасыз ету, асфальт және бетон өнімдерін импорттауды біршама шектеу.
.
АЙМАҚТАР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ФАКТОРЛАР
Заманауи шарттарға сәйкес «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы дәстүрлі категориялар болып табылатын өнім, кәсіпорын немесе салаларға қатысты ғана емес , сонымен қатар мемлекет, аймақ және қалаларға да қатысты болып саналады. Аймақтың бәсекеге қабілеттілік ұғымы ретінде, оның еңбек өнімділігі мен капиталды тиімді пайдалануы негізінде әрдайым халқының жоғарғы өмір сүру деңгейіне қол жеткізуін айтамыз. Бәсекеге қабілетті аймақтар тауар, қаржы, технология және мәдени айырбастың маңызды бөлігі бола отырып, жаһандық нарыққа кіру үшін өз мүмкіндіктерін қолданады. Әрбір аймақ үшін біріншіден аймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын факторларды анықтау қажет, екіншіден, осы мәліметтер негізінде, сол факторларды дамытуға бағытталған, аймақтық басқарудың стратегиялық жүйесін жасауы қажет. Қазақстанның аймақтарында қалыптасқан бірнеше проблемаларды атап өткен жөн, мысалға аймақтар арасындағы табыстардың дұрыс бөлінбеуі, депрессивтік аудандар және іскерлік қатынастың дамымауы, инфрақұрылымның нашар деңгейі, аймақтың экономикалық әлеуетін толық деңгейде қолданбауы, сонымен қатар аймақтардың инновациялық белсенділігінің төмен дәрежесі. Қазақстан экономикасының ерекшелігіғ республикадағы экономикалық кеңістіктің жоғары дәрежеде бірдеңгейлі еместігі атап көрсетуге болады.Республика аймақтарының экономикалық жағдайын мазмұндайтын, аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау мен талдауға қатысты жұмыстар жүргізілгенімен осы күнге дейін шешімін таппаған мәселелер көп.
Сурет-1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Маңызды объективті факторлардың бірі ретінде, аймақтардың геосаяси жағдайын, ресурстармен қамтылу деңгейін және де инвестициялық тартымдылығын айтуға болады. Бәсекелестік аймақтарды толық деңгейде қолда бар әлеуетін пайдалануға міндеттейді. Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін анықтаула, аймақтың өзіне ғана тән артықшылығы мен құндылықтары маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |