Аймақтардың Бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі
Қазіргі таңда аймақтарды дамытудың екі негізгі екі модельді атап көрсетуге болады: тігінен байланысқан және жүйелі.
Тігінен байланысқан модельде ірі өндірістерге басымдық беру тән.. Ал жүйелілік модель қазіргі заманауи жағдайда әлуеті жоғары. Ол жаһандық тауар, қаржы, жұмыс күші, технологиялар мен ақпараттардың айналыс жүйесіне сәтті кірген аймақтарды ұйымдастырады. Бұл аймақтар автономды жүйе құра отырып, өзара алмастырушы кәсіпорындар ретінде сипатталады. Ал Қазақстан жағдайында тігінен байланысқан модельді қолдана отырып бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет, бірақ негізгі тірек ретінде жүйелі модельді де аймақтық-экономикалық ұйымдар арасында пайдаланған орынды, себебі өндірістік саясат кластерлік дамуға әсер етеді.
Елімізде 2003 жылы Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық дамуына көрсететін бағдарлама қабылданды.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарына еңбек өнімділігін арттыруды үш еселеу, экономиканы әртараптандыру және экспорттық әлеуетті күшейту,өндірістің жоғарытехнологиялық салаларын дамыту,кәсіпорын қызметіне қолайлы жағдайларды қалыптастыру кірді. Өндірісті әртараптандыру мен еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында «Қазақстанның кластерлік дамуы» жобасы жасалып, 2004 жылы маусымда іске қосылды.
Қазақстанда әлеуетті даму мүмкіндігі бар кластерлер өте көп. Қазіргі таңда, аналитикалық зерттеуге 23 кластер, ал дамытуға және жүзеге асыруға 7 кластер алынған. Жеті кластер бойынша дамыту бағдарламасы Республика Президентінің жарлығымен 2005 жылдың 25 маусымында қабылданған болатын. Бұл кластерлер қатарына туризм,тамақ өнеркәсібі, транспорт және материалды технткалық қамсыздандыру, текстиль өнеркәсібі, мұнайгаз құрылғыларын өндіру.
Әлемдік тәжірибие көрсетіп отырғандай, жүйелі аймақтар мен өндірістік кластерлер аймақтық және халықаралық еңбек бөлінісінде жоғары дәрежедегі ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен аймақтық деңгейде бәсекелестіктің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.
Қазақстан аймақтарының инновациялық белсенділігінің рейтингі
Инновациялық экономиканың негізгі мақсаты, еңбек өнімділігінің жоғарғы деңгейіне жету болып табылады. Бұл әлем елдерінің, әсіресе Батыс Еуропа мемлекеттерінің соған қарай жылжуынан байқалады. Мұнда, Африка немесе Азияның дамушы елдері мен Батыс жартышарының индустрияландырылған елдерін салыстыру жеткілікті болып табылады. Алшақтық өте жоғары. Біріншіден,инновациялық экономикасы дамыған АҚШ,Жапония, ЕО елдерінде еңбек өнімділігін арттыратын ресурстар сақталған. Екіншіден,инновациялық экономика атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайтуға және қоршаған ортаны қорғауға негізделген. Сонымен қатар,инновациялық жаңалықтарды ендіру арқасында адами, табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға негіздейді, ол өз кезегінде мемлекеттің тиімді өсуі мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |