Тақырыбы: Қысқы ауа райы. 6 сынып



бет3/4
Дата25.12.2016
өлшемі459,21 Kb.
#4821
түріСабақ
1   2   3   4

80–сабақ

Табиғат туралы

1. Мәтінді түсініп, оқындар.

Табиғатты қорғаңдар!

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай біліуміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде Халықаралық қорғау қоғамы құрылды. Оның басты мақсаты – саны сирек, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады.


Тапсырмалар:

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Халықаралық қорғау қоғамы не үшін керек?

  2. Қандай кітапты Қызыл кітап деп атайты?

  3. Бұл кітапқа не жазылады?

  4. Табиғат туралы қандай қанатты сөз білесіңдер?


3. Жақшаның ішіндегі орыс сөздерін қазақшаға аударып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

(Наша) барлық өміріміз (с природой) тығыз байланысты. (В нашей) елімізде 150-ге жуық қала экологиялық (тяжелом положении). Біздің (окружающая среда) ластанған. Біз табиғатты (должны защищать). Табиғатты қорғауды (с себя ) баста.


4. Мақал-мәтелдерді түсініп, жаттап алыңдар.

  1. Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жауады.

  1. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.

  2. Құс жеткен жеріне қонады.


5. Сурет бойынша диалог құрастырыңдар.


81–сабақ

Экология дегеніміз не?


    1. Диалогты түсініп, оқыңдар. Өзара жалғастырып, сөйлесіңдер.




  • Адамның дені сау болу үшін не керек?

  • Қоршаған орта, табиғат таза болу керек.

  • Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр?

  • Экологиялық проблема өзекті мәселеге айналды.

  • Дүниежүлік проблема қандай?

  • Арал экологиясы. Мұнымен қоса Каспий, Балқаш көлдері де экологиялық аймаққа айналды.

  • Біз қандай үлес қосуымыз керек?




2. Диалогтан етістіктерді теріп жазыңдар, оларды сөз құрамына қарай талдаңдар.

Үлгі: болу: бол – түбір, у- түйық етістік жұрнағы.


3. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.
Табиғатты қорғау, орманды дала, жануарлар мен құстар, өзекті мәселе.
4. Өлеңді жаттаңдар. Естеріңе сақтап, жазыңдар.

Айналанды қоршаған

Табиғатты сүйе біл.

Қауіп-қатер төнсе оған,

Қамқорға алып сүйей біл.

Түкірінбе көзіңе

Түскен жерге, бауырым,

Ақылшы бол өзіңе,

Іспен өрле, тәуірі.
82–сабақ

Табиғат пен адамның байланысы
1. Мәтінді түсініп, оқындар.

Ағаш ек!

Адам таза ауамен демалады. Адам демінен шыққан ауа қайта жұтуға жарамсыз. Ал таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар жарамсыз ауаны жұтып отырады. Өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп тұрған ағаш көп болса, ауа да таза болды. Таза ауамен дем алған адамның дені сау, көңілі хош болып, ұзақ өмір сүреді.


2. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерді аударыңдар.
Чистый воздух, деревья вокруг нас, человек здоров, хорошее настоение, долгая жизнь, продлить жизнь.
3. Ұстау, демалу, ойлау, тазарту сөздерін сабақты, салт етістіктеріне айландырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
4. Диалогты жалғастырып, сөйлесіңдер.


  • Табиғатқа жақын болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • ...........................................

  • Табиғатты неге қорғау керек?

  • ...........................................


83–сабақ

Қазақстанның табиғат жағдайлары
1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.

Арал теңізі

Арал теңізі мен Сырдария өзені күн сайын тартылып барады. Теңіз суының деңгейі он метр төмендеген. Ауаға теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Өсімдіктер мен жануарлар құрып барады.

Бұл апатты тоқтатуға бола ма?

Республикамыздың экологиялық жағдайы қиын. Аралға енді Балқаш тағдыры қосылды.


2. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерді аударыңдар.
Река Сырдарья, растения и животные, это бедствие, экологическое положение, судьба Арала, положение тяжелое, исчезают животные, уровень моря.

3. Төмендегі етістіктерді рай түрлеріне қойып жіктеңдер.
Төмендеді, кұрып кетті, көмектесемін, алмаймын, қостым.
4. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.

84–сабақ

Мазмұндама

Маңдай тер
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы суша болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

- Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.

Қолына күрек ұстатты:

- Қане, екі-үш көшет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.

Хамит пора-порасы шығап терледі.

Күз тарта көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!

- «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі.

Хамит атасын құшақтай алды.


Сөздік:

жақ ашпау – не сказав ни слова


Жоспар

1. Атамен әңгіме

2. Атасы демалыста.

3. Сұрақ.

4.Тоғайда.

5. Көшет.

6. Көшет – жеміс ағашы.

7. Қызыл алма.

8. Маңдай тер деген не?

85–сабақ

Табиғат туралы мақал-мәтелдер
1. Мақалдарды түсініп оқыңдар.
1. Құс жеткен жеріне қонады.

2. Қоян көлеңкесінен қорқады.

3. Жері байдың – елі бай.

4. Жер – қазына,

Су – алтын, Мал – байлық.
Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Табиғатты неге қорғау керек?

2. Өсімдіктер мен жануарларға қалай қамқарлық жасайсыңдар?

3. Мектеп, үй ауласындағы ағаштарды қалай қорғайсыңдар?

4. Өсіп тұрған гүлді жұлуға бола ма?

5. Үй жануарларына қалай көмектесесіңдер?
2. Тақырып бойынша етістіктермен сөйлем құрастырыңдар.
II деңгей

1.Етістіктің райларының жасалу жолдары туралы айтыңдар. Мысалдар келтіріңдер.

2.Бір мақалдың мағынасын түсіндіріп, өз ой -пікірлеріңді жаз.
I деңгей

1. Қазақстандағы экологиялық жағдайды дұрыстау үшін қандай іс-шара жасау керек? Газетке мақала дайындаңдар.

86–сабақ

Жер-ана


  1. Мәтінді аударып, рөлге бөліп оқыңдар.

Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді, бір қария:



  • Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді.

Таңғалған Бейбіт:

  • Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.

  • Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп қария кете берді.




  1. Төменде берілген қанатты сөздердің мәнін түсіндіріңдер, ішінен бір қанатты сөзді алып, өз ойларыңды жазыңдар

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ..
Жер – қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.
3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарға сипаттама беріңдер.
Ту..ан жер таби..аты – хал..ымыздың ұлт..ық мақтан..шы. Сонд.. қтан оны а..лап қор..ауға үлес қ..су – бізд..ң азама..тық бор..шымыз.
87–сабақ

Қоршаған ортаны қорғау
1. Мәтінді оқып, өз ойларыңды айтыңдар.

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол – еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүлілік күні. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.

Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру – біздің борышымыз.


Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар:
III деңгей


  1. Мәтінге ат қойып, орыс тіліне аударыңдар.

  2. Есімдіктерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.

  3. Қоршау етістігін райларға қойып, жіктеңдер.


II деңгей


  1. Мәтінге жоспар құраңдар.

  2. Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістіктерге айналдырыңдар.

  3. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты қандай? деген сұраққа жауап беріңдер.


I деңгей
«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына бағдарлама құрастырыңдар.

88–сабақ

Қорықтар неге керек?

1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.

Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрылып кету қауіпі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұру үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз.

Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.
2. Мәтінді пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
өсімдіктер тіршілігінен

жылдар дүниесі

табиғи қорғауға

жан-жақты өткен соң


3. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.
4. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.
Өндірісі дамыған, тіршілігінен айырылып қалмақ, елімізде табиғат байлығы, сақтайтын қорықтар көп.
89–сабақ

Таза ауамен демалайық
1. «Таза ауамен демалайық» тақырыбы бойынша суретпен жұмыс: бірнеше кезең негізінде жұмыс жасап, шағын әңгіме дайындаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет