Тақырыбы: Қысқы ауа райы. 6 сынып


кезең – сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар. 2 кезең



бет4/4
Дата25.12.2016
өлшемі459,21 Kb.
#4821
түріСабақ
1   2   3   4

1 кезеңсурет бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.
2 кезең – сурет бойынша бірнеше сұрақтар дайындап, өзара сөйлесіңдер.
3 кезең – сурет бойынша жоспар құрыңдар.
4 кезең – сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңдар.
5 кезең – суреттерді пайдаланып, шағын шығарма жазыңдар.
90–сабақ

Бурабай

1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы – қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары бар. Бұрабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер, әңгімелер жазылған.


2. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, сурет бойынша диалаог құрастырыңдар.
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бурабайдың суы қандай?

  2. Не себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары орналасқан?

  3. Бұрабайдың табиғаты туралы қандай өлең, әңгімелер білесіңдер?


4. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.
91–сабақ

Аңшылар
1. Әңгімені түсініп оқыңдар. Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Аталы-балалы екі аңшы ауылға түс ауа қайтты. Қатты жел тұрып, аспандағы үйір-үйір бұлттар көше бастады. Ата мен бала бір шекпеннің астына тығылып алып, биені қамшылай түседі. Асыққанда ауыл жеткізе ме. Қаптың ішінде жалғыз бөлтірік қалтырайды.



  • Өлтіріп тастау керек. Бұл асырауға көнбейді.

  • Өлтіртпеймін! – деді Әмен арашаға шығып. - Өскен соң хайуанаттар бағына тапсырамын.

  • Қой, балам, тіл алсаңшы! - деді Бекет.

  • Жоқ, ата, ештеңе етпейді, өлтіртпеймін.

Әмен бөлтірекке қолын созып еді, тістерін ытситты.

(Зейнел-Ғаби Имантаев).

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер.
3. Әңгіме бойынша рөлге бөлініп, әңгімені тағы бір мәнерлеп оқыңдар.
4. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін аударыңдар.
Сильный ветер, ехали дедушка и внук, неьзя приручить, сдам в зоопарк, протянул руку.
92–Нәтиже сабақ

1. Тест сұрақтарына жауап беріңдер:
1. Сызбаны толықтырып, мысал келтіріңдер.
Етістіктің райлары


2. Сөздердің аудармасын табыңдар.

жарамсыз постоянно

үнемі непригодный

мәселе будущее

болашақ проблема

қазына непригодный


3. Қанатты сөздерді аяқтаңдар.

Жер- ......,

Су - .........,

Мал -.......


4. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.

Түбір + жұрнақ


5. Бурабай көлі Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

А. Қостанай





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет