Әділдікпен бұл сайыстыбайқайтын, Туралықтан ешқашанда қашпайтын Сайысқа төрелік етіп, саралайтын Әділ қазылар алқасын тағайындайық. (Әділ қазылар алқасы тағайындалады.) ата-ана Жеребе арқылы жұптардың реттік нөмірі анықталады.
Тәрбиеші: Ең алдымен сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.
Сайыс 5 турдан тұрады: 1. Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл! (Таныстыру) 2. «Шебердің – қолы алтын» 3. Дәмді және тез. 4. Білімдіге дүние жарық (сұрақ-жауап) 5. «Өнерлі өрге жүзеді» Тәрбиеші: «Ән көңілдің ажары» демекші сайысымызды ән шашумен бастауға рұқсат етіңіздер.
«Айгөлек» шағын орталығы бүлдіршіндерінің орындауында «Айналайын ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар 1- бөлім.Таныстыру. Тәрбиеші: Өнер қуып бұл жұптар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Тәрбиеші: ендігі кезекті балалардың жыр-шумақтарына кезек берейік