Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен



Дата02.02.2023
өлшемі3,94 Mb.
#167251
түріБағдарламасы
Байланысты:
Қыздар жиналысына

  • Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен...
  • Танымдық мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу
  • Көрнекілігі: сынып тақырыпқа сай безендіріледі. Тақырыптық слайд
  • Жүру барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Кеш қалмаңыз» бағдарламасының желісімен «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты кешімізді өткізгелі отырмыз. Бүгінгі кешіміз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады. Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт- берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.
  • Кешімізді бастамас бұрын қазақтың мағынасы терең, тәрбиелілігі мол мақал – мәтелдеріне тоқталып өтейік.
  • 1-слайд «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда»
  • 2-слайд «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге»
  • 3-слайд «Біреулер бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады
  • Біреулер өз аяғымен барады»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет