Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
І топтың аты - «Тұлпар»,
ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра»,
ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.
І тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)
1. Қазақ әлипбиінде неше дыбыс бар /42/
2.Қазақ тілінде неше септік жалғауы бар? (7)
3. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
4. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
5.Қазақстанның елордасы / Астана /
6. Қазақтың ұлттық аспабы/домбыра/
7.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?/9/
8.Мемлекеттік рәміздерді ата/ ту,елтаңба, әнұран /
9 .Қ Р өз тәуелсіздігін қашан жариялады?/16.12.1991/
10. Кир патшаны жеңген сақ патшайымы /Томирис/
11.Мезгіл үстеулерінің сұрақтары ?/ қашан,қашаннан/
12.Тісің ауырғанда кімге қараласыз?/ тіс дәрігеріне /
13.Зиянды тағамдарға не жатады?/ фастфуд, гамбургер , фри/
14. «Менің атым- Қожа» әңгіменің авторы /Б.Сокпакбаев /
15.»Қазақстанның қызыл кітабы » қашан шықты ?/1978ж/
16.Қазақстандағы ең ірі көл /Балқаш/
І турдың қорытындысын тыңдау.
ІІ тур “Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, 3 тілде айтып, 10,20,30 ұпаймен бағалану/
1. ... – адамның арқауы/ Ас- пища-
2. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык-
3....- кеме,
Білім- теңіз / мектеп- школа
4... отбасынан басталады /Отан –Родина
5..... – зор байлық / денсаулық- здоровье /
6.... – білім бұлағы/ кітап- книга
ІІ турдың қорытындысын тыңдау.
ІІІ тур «Жұмбақ сөз »
(Топ ойыншылары 2 минут ішінде «Қазақстандықтар» деген сөздер жаңа сөздер құру керек ,неше сөз –сонша ұпай жинайды.).)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
ІІІ турдың қорытындысын тыңдау.
ІҮ тур “Жекпе жек”
/ топ жетекшілері мақал- мәтел айтудан жарысады/
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |