Тақырыбы: «Қызықты көңіл, студенттік өмір!»



Дата18.01.2023
өлшемі20 Kb.
#165807
Байланысты:
студенттер кеші


Тақырыбы: «Қызықты көңіл, студенттік өмір!»
Мақсаты: Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт – бағдар беру.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, студенттер және оқушылар!
2 - жүргізуші:
І - ші курста аузын ашып, семинарда пардан қашып, лекцияда секіріп, сессиядан жүгіріп, емтиханда жылап, каникулда қыдырып, универдің ауасын жұтып, стипендиядан лоторея ұтып жүрген студенттерге жалынды сәлем!
1 - жүргізуші:
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атсың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Кудайбергенова Б.К береміз!

1 - жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.


2-жүргізуші: Олай кешіміздің қонақтарына сөз берсек.


1 - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің келесі құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
ӘН:
2 - жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғып қуанышпен.
1 - жүргізуші:
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.
2 - жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз. 


1 - жүргізуші:
- Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
2 - жүргізуші:
Ия студент, ол - Студент!
Студенттік өмір – Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия – Тар жол тайғақ кешу.
Сессиядан кейін – Дауылдан кейін.
Степендия – Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға шыққан студент – Жаяу Мұса.
Свидание – Кешікпей келем деп ең.
Лекция – Қалғып - мүлгу.
Семинар – Сен тимесең, мен тимеймін.
Диплом қорғау – Қыл көпір.


1 - жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1 - 2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған күндер - ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер - той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне,
Студенттер мықты халық екен ғой.
ӘН:

1 - жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар.
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!

2 - жүргізуші:
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет