Айналым капиталы - бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.
Қорытынды.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез – келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын , ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Ақша ақша ретінде және ақша капитал ретінде алғашқыда бір-бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. Капитал – бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал – жабдығы , адамдар мен ақшалар да капитал бола алады. Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған : сырттай капитал әртүрлі жақты нышандарда – өндіріс құрал – жабдығында (тұрақты капитал) адамдар (өзгермелі капитал) , ақшалай (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан , капиталды – күрделі ұғым деп санаған. Өзінің басты еңбегі «Капиталда» К.Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын береді. «Капиталдың» бірінші томында : капитал – бұл құн, бұл өзін- өзі өсіретін құн деп көрсетілген. «Капиталдың» екінші томында : «капитал бұл қозғалыс» екенін дәлелдеді. Капиталдың толыққанды мәнін «Капиталдың» үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал – жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал – бұл зат еместігін , ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады.
Құнның өзін-өзі өсуі қалай болады? Алғашқы кезде былай көрінуі мүмкін: құнның өзінен өзі өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ және ол кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату : міне, сонда құнның өсімшесі пайда болады. Айырбас аясы құн өсуінің көзі бола алмайды, оның қайнар көзі өндіріс аясындағы жұмыс күші болып табылады. Кез-келген тауар сияқты жұмыс күші құн мен тұтыну құнына ие. Жұмыс күшінің құны , оның отбасы мен жұмысшысының өмір сүру құнына тең. Жұмысшы мен оның отбасы өмір сүру қорының құны сол елдегі тарихи қалыптасқан жұмысшы және оның отбасына, елдің мәдени дамуына, климат пен табиғи жағдайына байланысты. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі- міне осы қосымша құн болып табылады. Материалдық және рухани игіліктер қоғамдық өндірісі тоқтамайды. Күн сайын адам қандай да бір өнімді тұтынады. Қоғам тұтынуды тоқтатпайды. Капиталдың орталықтануы- бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігуі жолымен ірілену процесін айтамыз. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшері мен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогресивті өнімді шығаруды айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |