2. Негізгі қорлар – олардың негізгі сипаттары және тозуы.
Өндірістік капитал екіге бөлінеді: 1 НЕГІЗГІ 2 Өзгермелі Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады. Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнісге бірден толық толық мөлшерде аударатынөндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.
Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру. Сауда капиталның міндеті – өндірілген тауарларды сатып өткізу. Нақты капитал – тұрақты бағамен көрсетілгенкапитал. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы капиталы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі. Ол акцияларды иелену немесе басқадай міндеттемелер арқылы ( банк несиесі бойынша) кәсіпорындарды өзіне бағындырып, басқарады. Акционерлік капитал акционерлердің салымдарынан құралатын, яки серіктестікке оның иелері салым түрінде толық пайдалануға берген барлық қаражат.
Капитал органикалық құрылысы
Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек арасындағы қатынастар. Сәйкесінше, бұл тұрақты және айнымалы капитал арасындағы қатынастар. Маркстың талдауындағы осыған жақын ұғым - капиталдың техникалық кұрылымы (машиналар мен зауыттардың еңбекке қатынасы), шамамен қарапайым болып табылатын сияқты, бірақ шын мәнінде өлшемге келмейді.
Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс алу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.
І сатысы П сатысы Ш сатысы
ҚЖ
А - Т . . . Ө . . . Т1 - А1
ЖК
А - ақша қаражаты; Ө - өндіріс процесі;
Т (ҚЖ) - өндіріс құралдары; Т1 - дайын өнім;
Т (ЖК) - жұмыс күші; А1 - сатылған өнімнен
алынған ақша қаржысы.
Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бір функцияны атқарады:
біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;
екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады;
үшіншісінде, тауар сатылады және қызмет көрсетеді.
Сонымен бірге кәсіпкерлік іс-әрекет тауарлы өндіріс сферасында система ретінде қарастырылады.
1. (АЖК, содан кейін өндірістік технологиялық процесс (. . .Ө. . . ) және дайын өнім шығарылады (Т1 - А1), сөйтіп, оны сату арқылы тиісті табыс алынады.
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйені: өндірістік, ақшалы және тауар формаларын қолдайды.
Айналым мен айналыс бір-бірімен аргономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашқы формасында авансталған құнын қайтарады. Бір бөлігі әрбір айналыстан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған құн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс фондасын құрайды.
Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).
Достарыңызбен бөлісу: |