Тақырыбы: Желтоқсан желі! Мақсаты



бет1/13
Дата05.02.2023
өлшемі54,61 Kb.
#167512
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Желтоқсан желі! Тәрбие сағаты




ТАҚЫРЫБЫ: Желтоқсан желі! 
МАҚСАТЫ:
 1. Оқушыларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. 
2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Түрі: ауызша журнал 
Көрнекілігі: суреттер, презентация , роликтер
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Слаид қосулы тұрады) Құрметті бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысушылар: Өткенімізсіз бүгін болмас еді. Өткеніміз - бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама! 
Әнұран орындау.
Мұғалім: Желтоқсан – 86, ызғарлы күн, 
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін, 
Өттің де астан – кестең ойда жоқта 
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың. 
Кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді. Біздің тәрбие сағатымыз ашық журнал түрінде өтеді 
Журналдың 1-ші беті «Желтоқсан тарихы» 
Журналдың 2-ші беті: Ерлігіне қуанам да сүйінем
Журналдың 3-ші беті: Асанова Лаззат
Журналдың 4-ші беті Мухамеджанова Сабира
Журналдың 5-ші беті Cыпатаев Ербол Мұқажанұлы
Журналдың 6-шы беті: «» 
Ендеше журнал беттерін парақтайық 
Журналдың 1-ші беті «Желтоқсан тарихы» 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет