Тақырыбы: Жер сілкінісі мен су тасқыны кезінде қалай қорғануымыз керек? Мақсаты



бет1/6
Дата21.07.2020
өлшемі19,69 Kb.
#63605
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Жер сілкінісі мен су тасқыны кезінде қалай қорғануымыз керек?

Мақсаты:Білімділік: төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.
Дамытушылық: балалардың ой–өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелеу: балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс–тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: тақырыпқа сай слайд.

Дамытушылық: Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік ,

Құрал-жабдықтар:   интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру амандасу , сабаққа қатысатын кісіні айтып кету

(Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді)

Балаларға жұмбақ жасыру:

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,


Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.

- Ол не екен балалар? (найзағай ,жаңбыр)

- Балалар  жаңбыр, найзағай – олар табиғи құбылыстарға жатады екен.  Табиғи құбылыстар әр түрлі болып келеді. Жаңбыр жауса жерге шөптер шығады, шаң – тозаң болмайды. Алайда жаңбыр көп жауса, адамға келтірер зияны  көп болмақ. Балалар бүгін біз осы табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет