Тақырыбы: Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі275,54 Kb.
#31184
  1   2
Тақырыбы: Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

    XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда  жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы  және инновациялық технологияларды  меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан  жылға күрделі және өзекті  мәселеге  айналуда.Оқыту барысында  озық,тиімді технологиялар тәжірибеге  енгізілуде.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай,білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз.Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек.Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап айтуға болады.
    Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

1. Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту  және  оқу. 

7.Оқытудағы  басқару және көшбасшылық.

    Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 


    Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе.  Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану  арқылы оқушылардың    жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын  ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға  салуы маңызды.

    Сабақта  берілген  тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.

    Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады..       

    7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
    Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.

Оқушының сабақ барысындағы көшбасшылығының маңыздылығы қандай?  Осы сұраққа жауап беруде мен "көшбасшы" деген сөзді негізге алдым. Көшбасшы оқушы қандай болады? Оның бойында қандай тұлғалық қасиеттері болу керек? деп  өзіме сұрақтар қойдым. Осы сұрақтарға жауап іздеуде мен төмендегідей шешімге келдім. Көшбасшы оқушы ол:

       ұйымдастырушы

       зерттеуші

       коммуникативті (достарымен қарым-қатынас жасай білу);

       өзіне және өзгеге талап қоюшылық қасиеті жоғары.

     Міне осы тұлғалық қасиеттер мен талаптарды басшылыққа ала мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудағы сабақтарды әдебиеттік оқу пәні, 2 сынып бойынша тізбектелген үш сабақты ала отырып өткіздім. Барлық үш сабақта өткізген оқушының көшбасшылық қасиеттерін дамытуға толық мүмкіндік туындады. Себебі, әр сабақта Бағдарламаның 7 модуль идеяларын білу, түсіну және тәжірибеде қолдану барысында сынып оқушыларының жеке қажеттіліктерін ескеру арқылы жоспарлауды жүзеге асырдым. Осы тұста мен ортақ  тапсырманың аясында модуль идеяларының ықпалдасуын көздедім. Демек, жоспар негізінде әрбір іс әрекетімді жүйелі ұйымдастырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, қабылдау қабілеттерін назарға алып, тиімді стратегиялар мен әдістердің бірізділігін сақтап, сапалы білім алуға оқу ортасын құрдым. Өйткені әр оқушы оқи алады, егер мектеп оқыта алса деген.  Демек, әр сабағымды жаңа тақырыпты меңгеруіне оқушыларға ықпал жасап, түрлі жұмыс барысында оларға бағыт-бағдар беру арқылы қолдау көрсетіп, олардың табысқа жетуіне қауіпсіз орта туғыздым.

Бағдарламаның жеті модулінің барлығын дерлік сабақ барысында пайдалана отырып, тізбектелген үш сабағымда да «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» молулінің қажетті және тиімді жақтарының барына көзім жетті. Менің ойымша дәстүрлі сабақ беру барысында бұл модульдер толық қолданылмайды. Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде қиындысын алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталады деген пәндік шешім болса (МАН, 49-бет), мұғалім сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауына - ықпал жасаушы, бағыттаушы болып сұрақтар қойып, «ой қозғаушы» да болады. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар әр сабақта жүргізіліп отырылды. Демек, оқытудың жаңа формаларын қолдануда менің оқу үдерісін сыныптың ішінде сұрақтар қою, сыныптасы мен өзін бағалауға қатыстыру, кері байланысты қамтамасыз ету, бағалау өлшемдерімен жұмыс жасау жүзеге асты. Оның ішінде алғашқы сабағымды «Оқы, талқыла, бөліс» әдісі бойынша топтарға  тақырыптар беріліп,  алдымен жеке оқып, одан соң жұбында, сосын  тобымен талқылағаннан кейін ортаға шығып өз бөлімдерін қорғауға уақыт берілді, бірінші сабақ болғандықтан оқушылардың қиналған тұстарында бақылай отырып, қастарына барып бағыттау  жасап отырдым. Осы тұста менің көшбасшылығым көрінді. Оқушылар топқа бөліну, топпен бірлесе жұмыс жасау,топтық бағалауда қиналды.Өзін өзі бағалау арқылы бағалау жасалды, менің тарапымнан да мадақтау арқылы формативті бағаланды. Деседе оқушылар бағалау барысында ұсынысты көбірек айтқанды, бір бірінің кемшіліктерін көрсетуге ұмтылғандары болып жатты. Сол кезде мен өзгенің жұмысынан алдымен жетістікті табу, көру қажеттілігі арқылы, яғни бағалаудың негізгі идеясын түсіндірдім. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (МАН, 58-бет)

«Өзін өзі бағалау парағы» арқылы түрлерін пайдалана отырып, оқушыны тек мұғалім ғана емес, өз-өздерін бағалауға да болатындығын білдім. Өзімнің тарапымнан керемет, тамаша, жарайсың, жақсы деп мадақтау арқылы бағалап отырдым. Бағалау оқушының сабаққа ынтасының артуына бірден-бір себеп. Демек, бұл тұста менің мұғалім ретіндегі көшбасшылығым оқушы жанының нені, қалайтындығын анықтағаным. 

Екінші сабағымда оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,87-бет).Әр топта көшбасшы оқушылар суырылып,алға шығып,топтық жұмыстарды орындауға басшылық жасап,әлсіздерге көмектесіп отырды.Топтағы тапсырмаларды тез орындауға,басқалардан қалып қоймауға тырысып,жұмысты жандандыруға көп көмегін тигізді.Міне,сабақтың сәттілігі-осында.Атап айтатын болсам Ардақ,Қарақат,Айым,Бекарыс,Назым,Айшуақ өздерінің белсенділіктерін тағы бір айқындап берді.

Топтық жұмыс кезеңінде оқушыларға АКТ мүмкіндігін пайдаланып  интерактивті тақтадан берілген тапсырмаларды орындады.Бұл жерде бұрын сабақта сөйлемей отыратын оқушылар өздерін көрсете бастады (жұмысты қорғарда мен қорғайын деп өз ойларын білдірді) Кері байланыста оқушылардың жазғандарын оқи отырып, келесі сабақты жоспарлауда жіберілген қателіктерді жөндеуге, сабақтағы тапсырма түрлерін түсінікті әдістермен беруге, оқушылардың білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға көптеген мүмкіндік туды.

 Себебі соңғы сабағымдағы оқушылардың ойларын жеткізудегі сөз саптауларын анықтауда бірден бір себеп болды.

Тізбектелген сабақтарымды өткізу барысында оқушылар да көшбасшы таныта алатынын тұлға екенін анық көрсетті деп айта аламын. Оқушыларды топқа бөлуден бастап топта жұмыс жасай білуге, жұптық және жеке жұмыстарды орындай алуға үйреттім. Сабақ кезінде әр оқушыға жеке көңіл бөлуге, барлық оқушының назарын тек тапсырма орындауға аудара  алуға мүмкін жасадым.

Сонымен, көшбасшы - оқушы кім? Әрине, ол - тек өз білімін көрсетіп қана қоймай,қасындағыларға да көмектесе алатын , шығармашылықпен жұмыс жасап, іздену мен зерттеуден шаршамайтын жан.

          Көшбасшы оқушыға қойылатын талаптар қандай болу керек дейтін болсам... 

-  Өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін;

-   Қоғамның белсенді мүшесі бола алатын;

-  Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары деп түсіндім.

         Демек, бұл талаптар көшбасшы – оқушы бойымнан және іс-әрекеттерінен табылды деп ойлаймын."Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады", - деген Цицеронның сөзі осы түсініктерімді одан әрі тереңдетуге ықпал етуде. Ендеше, мен осы модульді тізбектелген сабақтар топтамасында қолдану арқылы баланың не үйренгені туралы сыни тұрғыдан рефлексия жасауға тырыстым.

Тізбектелген үш сабағымда 7 модуль бойынша өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: Мереке

Мақсаты: Мәтін мазмұныны оның идеясын талдау арқылы анықтау.

Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым:ол-осы Бағдарламадан алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып,ізденушілік қабілеттерін дамытып, қызығушылықты арттыруға атсалысу.Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын”көпірді салуға” негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.Бағдарламаның модульін кіріктіре отырып, (МАН 35 бет) 8 - тезисті негізге алып әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар құрдым.

Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.(МАН,1-тезис,35бет,).Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын,сондай ақ олардың қызығушылықтарын,әр оқушының нені жасқсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.(МАН,35-бет). Мен сабақты бастамас бұрын оқушылардың көңіл күйін көтеру керек деп шештім. Сыныпқа кіріп,амандасқан соң оларды ортаға шақырып,шаттық шеңберін құру керектігін айттым. Выгоготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде,яғни анағұрлым қабілетті оқушылырмен араласу және мәдениет,қоршаған ортамен өзара қарым- қатынас жасау арқылы қалыптасатын субъект ретінде суреттейді (МАН, 39-бет). Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ,Кім кіммен дос болғысы келеді?- деген сұрақ қойдым.Әр оқушы өздерінің кіммен дос болғысы келетінін айтып шықты.Жауаптары әр-түрлі болды.Бұл мен үшін пайдалы болды.Себебі сыныптағы жекелеген оқушылардың қарым-қатынасы қандай екенін байқадым. Сонымен ,бүгінгі күнге жақсы көңіл күй тілеп, топқа бөлу үшін қима қағаздағы сөздер арқылы төрт топқа бөлдім.Мереке,Қуаныш,Құттықтау

жазған қағаздарды үстелге қойдым.Оқушылар бір-бірден алып топқа бөлінді.Топқа бөліну кезінде оқушылар өз топтарын таба алмай сәл қиналды.

Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.(МАН,2-тезис,35-бет). Сабақтың басында оқушылардан өткен сабақ бойынша үйге берілген тапсырманы «Автор орындығы» әдісімен тексеріп шықтым.Бұл әдісте оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты.

Қызығушылығын ояту кезінде төрт топта белсене ойларын ортаға салды.Мағынаны тану, жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа байланысты тапсырмалар бердім. Топ көшбасшыларының ұйымдастыруымен әр топқа берілген тапсырмаға топ мүшелері ортаға шығып жауап берді.Бірақ топта жұмыс жасау барысында оқушылардың қиналғанын байқадым. Оқушылардың бір -бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз (5-тезис,35-бет).Мағананы тану, жаңа сабақты оқып талдау барысында диалогты оқыту жүйесіне негіздедім.



Оқулықтың бетіндегі мәтінді төрт бөліп, төрт топқа бөліп бердім. Әр топ мәтінді оқып,түсінгендерін басқа топқа айтып берді.Екінші топ мереке иелері тауып оларды би немесе тақпақпен өз тілектерін білдірді. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар қызығушылық танытты. Бұрын барлық оқушыларға мәтінді түгел оқытып,түсінгендерінен ғана сұрайтынмын және үлгермейтін оқушылар қалып қоятын. Әр топтан бір оқушы түсінгенін басқа топқа айтып бергенде,басқа топтың оқушылары бірден түсініп алады екен. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың оқуға деген қызығушылығы арта түсті.Үстем,Алдияр,Мырзакелді, сияқты оқи алмайтын оқушылар оқи бастады. Әрине бұл бір сабақта нәтиже берген жоқ.

топпен жұмыс топпен жұмыс сәті мереке иелерін ән немесе би өнерімен құттықтау алындағы топта ақылдасу кезі.

Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,сондықтан бағалау ізгі болуы керек (8-тезис,36-бет). Сабақта критерий арқылы өзін-өзі және өзара бағалады.Ал мен жалпы критерий арқылы бағалап отырдым.Бағалау оқушыларға өте қызық болды.Олар топтағыларды бақылай отырып,өзін өзі реттеуге де біршама төселіп қалды. Осы бағалаулар арқылы өзінің білім деңгейі қаншалықты екендігін білді. Бағалауда мен өзара бағалауды қолдануды көздедім.Формативті бағалауды зерделей отырып,оның не екеніне көз жеткізгім келді.Себебі бағалау кезінде қиындықтар мен кедергілерге тап болдым.Бағалау кезінде оқушылардың бағасын нақты қоюға қиналған кездерім де болды.Өйткені олар бағалаудың тәртібін түсінбей,бұрыннан нашар оқитындарға төмен баға,ал жақсы оқитындарға жоғары баға қойған тұстары да болды.Мысалы: Үстем мен Алдияр қанша сабаққа қатысып отырса да оларға төмен баға қойғандар болды.Себебін сұрағанда олар жаман оқиды деп жауап берді оқушылар.Бірақ ол бағаға қанағаттанбай наразылық білдіргендер Назым мен Қарақат сабаққа жақсы қатысып отырғандарын айтып,бағаны дұрыс қоюды талап етті.

Оқыту үшін бағалау-оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бір бөлігі ретінде бағалауды қолдану екендігі белгілі.Оқытудағы әдістерді әрі осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсартуды анықтауға бағытталған бағалауды формативті немесе оқыту үшін бағалау деп аталатыны да айдан анық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет