Тақырыбы: Жыл басы Наурыз!


Ұлттық киім киінген Аружан, Даяна, Назира Аяужан . Ортаға шығып шашу шашады



бет2/4
Дата23.04.2022
өлшемі23,43 Kb.
#140555
1   2   3   4
Байланысты:
наурыз жыл басы

Ұлттық киім киінген Аружан, Даяна, Назира Аяужан . Ортаға шығып шашу шашады.
2 - жүргізуші:Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты сайыс-сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Арамызда, бүгін солар сайыстың
Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады демекші 2 топты ортаға шақырайық
1 топ атауы 6 оқушы
2топ атауы 6 оқушы
• енді сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
1 - сайыс: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»- Салт-дәстүрлерді қай топ көп біледі?
2 - сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
3 - сайыс: Мақал-мәтел жарысы
4 сайыс: Өз өнері берілген құралдардан ұлттық өнер көрсету немесе жасау
1 - жүргізуші:
Жаңғырар дәстүр – салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз - жыл басы.
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу – маржан шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық 1 - кезең: «Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер»- деген сайысты бастаймыз Қағазға 20-дан астам салт-дәстүрді жазу.
2 - жүргізуші: Біздің көрермендеріміз осы салт-дәстүрлерді санап, әділ баға берсін. Ал, біз екінші кезеңді бастаймыз.
2 - кезең: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады.. Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға, топ ақылдасып, бірігіп жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет