«Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.
«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.
ӘН орындайтын 6б сынып оқушысы Нұрқан Баубек
1 жүргізуші
3 - сайыс: Мақал-мәтел жарысы
1.Отан — елдің анасы, Ол— ердің анасы. ЕЛ
2. Туған жердей ??? болмас, ЖЕР
туған елдей ел болмас.
3.Отанды сүю —???? басталады. ОТБАСЫНАН
Отан оттан да ыстық.
4. Ел іші — ??? бесік. АЛТЫН
5. Ел-елдің бәрі жақсы,
????? бәрінен де жақсы. ӨЗ ЕЛІҢ
6. Ел аралаған ????? болады, СЫНШЫ
тоғай аралаған үйші болады.
7. Ер — елінде, гүл —????? ЖЕРІНДЕ
8.Туған жердің қадірін,
????? жүрсең білерсің. ШЕТТЕ
9. Отан үшін күрес — ???? тиген үлес. ЕРГЕ
10. Отансыз адам — ормансыз ???? БҰЛБҰЛ
Бәрекелді тамаша соңғы сайысқа да келді.
Өз өнері берілген құралдардан ұлттық өнер көрсету немесе жасау
2 - жүргізуші:
Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме,
Айналдың бар қызықтың тірлігіне.
Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып,
Тазарып жүре берер бұл дүние.
Наурыз төбе тыңдар, шың тыңдар,
Ай да тыңдар, аспандағы Күн де тыңдар.
Бір де тыңдар жалғыз қалып оңаша,
Мәз – мейрам боп тойлап жүрген мың тыңдар.
- Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.(Қыдыр ата келеді)
Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!
Қыдыр ата бата береді.
Батырхан (Кыдыр Ата)
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин
1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі топтарымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Топтардың жарысы,
Келіп жетті мәреге
2- Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған отбасылық жарысымыз аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау балыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |