Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны. Мақсаты



бет2/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#7709
1   2   3

ҚАЙДА?

ҚАШАН?

ҚАЛАЙ?




НЕГЕ? НЕ ҮШІН?

КІМГЕ?



  • Кестедегі сұрақтар бір-бірімен сызықтар арқылы байланысып орналасқан. Неге?

2. Шешендік өнердің кестесіндегі сұрақтарды пайдалана отырып, тілдік қатынасты қалпына келтір.

  • Еске түсіру: Кім? Талғат

Кімге? Даниярға

Неге?


Неге? деген сұраққа жауап тауып, Талғаттың орнында болып, Даниярдың анасымен телефон арқылы қайта сөйлес, сыпайы болуға тырыс. Талғат қандай қателіктер жіберді?

  • Жолаушылар неге жеңілдеп қалды? (суретпен жұмыс)

Асқар телефонмен қалай сөйлесуі керек еді?

3. «Телефонмен сөйлесу әдебі» анкетасын толтыр.

1.Кешкі сағат нешеден кейін қоңырау шалу дұрыс емес деп есептейсің?

.................................................................................................................................

2. Телефонмен сөйлескенде қандай сыпайы сөздер қолдану керек деп ойлайсың?

..............................................................................................................................

3.Қоңырау соғушы өзін қалай ұстауы керек деп ойлайсың?

.............................................................................................................................

4.Жауап беруші қалай жауап беруі керек?

.............................................................................................................................

5.Көпшілік орында ұялы телефонмен қалай сөйлесу керек деп ойлайсың?

..................................................................................................................................

6.Телефон тұтқасын қай кезде көтеру керек деп ойлайсың?

..................................................................................................................................

7.Тамақ ішіп отырып телефонмен сөйлесуге бола ма?

....................................................................................................................................

8.Сен сабақ оқып отырғанда досың телефон соқса, сен оған қалай жауап бересің?

..................................................................................................................................

9.Телефон арқылы сөйлескен қолайлы ма, әлде бетпе-бет кездесіп сөйлескен бе?

..................................................................................................................................

10.Ұялы немесе жай телефондардың қайсысымен ұзақ сөйлесуге болады?

..................................................................................................................................





  • Телефонмен сөйлесу ережесі бар. Телефонмен сөйлесудің басы амандасумен басталуы керек. Және де барлық адаммен амандасу міндетті. Өзің қоңырау соғып тұрып, Мен қайда түстім? Бұл кім? Сіздің нөміріңіз қандай? деген сұрақтар қоюға болмайды.

Ескерту:

Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу денсаулыққа зиян.

ІІІ. Қорытындылау.


  • Шешендік өнер дегеніміз не?

  • Қазақтың басын қосқан 3 биді ата.

  • Шешендік өнер неге үйретеді?

  • Шешендік өнердің кестесінде неше сұрақ бар?

Мектепішілік олимпиада

4-сынып

Математика (бақылау)


1.Амалдарды орында.

13 242 · 2 + 63 297=

73 865 + 84 844 : 2=

31 202 · 3 – 80 090=

93 669 : 3 – 19 986=

309 · 2 + 516 : 4=

45 · (145 – 136) =

2.Есепті шығар.

Үй салу үшін әрқайсысында 165-тен 3 машина тақтай әкелінді.

Әкелінген тақтайдың бір бөлігі жұмсалғаннан кейін, тағы 196 тақтай

қалды. Неше тақтай жұмсалды?

3.Теңдеулерді шеш.

(х + 3) · 5 = 725 5 · в – 1209 = 1256

4.Салыстыр.

32 624 9316

300 ц 3 т

2700 кг 27 ц

6 сағ 20 мин 620 мин

5.Логикалық есеп.

Бақшадан 1кг, 2кг, 3кг, 4кг, 5кг және 7кг тартатын 7 кг асқабақ жинап

алынды. Барлық асқабақ әрқайсысының массасы бірдей болатындай

4 себетке бөлініп салынды. Себеттерге қалай салынды?

1 себет

2 себет


3 себет

4 себет


Тест сұрақтары
1.Адамның жүйке жүйелері.

а/ ми,жұлын, жүйке тамыр

ә/ ми, сіңір, бұлшық ет

б/ тері, буын, тамыр


2.Ауа қоспасындағы ең көп зат.

а/ оттегі ә/ көмір, көмір қышқыл газы б/ азот


3.Өсімдік өсіп шығатын мүше.

а/ жеміс ә/ тұқым б/ гүл


4.Адамда барлығы неше сүйек болады?

а/ 640 ә/ 206 б/ 650


5.Өзеннің ағып шығатын жері.

а/ жылға ә/ саға б/ бастау


6.Ағзадағы ең басты қанды қозғалтқыш мүше.

а/ қантамыры ә/ жүрек б / өкпе


7.Жағасында Астана орналасқан өзен.

а/ Есіл ә/ Нұра б/ Жайық


8.Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады.

а/ 50-60 ә/ 60-80 б/ 70-90


9.Жақ сүйектерінің саны.

а/ 2 ә/ 3 б/ 4


10.Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселер не?

а/ зат ә/ дене б/ құбылыс

Тақырыбы: Шешеннің тілі ортақ.
Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының би шешендері , олардың

қалдырған асыл сөздері туралы түсінік беру.

2.Би-шешендердің айтқандарынан қойылымдар көрсету

арқылы сөйлеуге, қимылдай білуге тәрбиелеу.

3.Балалардың дүниетанымын кеңейту,сөздік қорларын дамыту.

Әдісі: түсіндіру.


Көрнекілігі: Би-шешендердің суреті, нақыл сөздер.
Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім.

Кіріспе:

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі-шешендік сөздер. Шешендік сөздер -елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер өткір, көңілге қонымды болғандықтан елге тез тарап, ауыздан-ауызға көшіп сақталып отырған шешендік сөздер. Әдетте екі адамның белгілі бір талас мәселені шешеудегі сөз жарысында туып, елге жайылып кетеді.Ондай дауды негізінен билер шешіп отырған. Сондықтан шешендік сөздерде айтушылар көбіне билер, шешендер болып келеді. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан бізге тек ауызекі түрде әр түрлі өзгерістермен жеткен.

Шешендік сөздер -дау тартыстардағы айтылатын айтыстармен ғана шектелмеген. Көпті көрген өнегелі адамдардың бата тілек насихат - нақыл сөздері түрінде айтылып отырған.

Шешендік сөздерді халықтың басынан кешкен оқиғалары, ақыл-ойы, арман тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы байқалады. Шешендік сөздер адамды жақсы мінезге баулиды, бірлікке, татулыққа , үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.

Мысалы: мол шабындыққа таласып, жанжалдасып жатқан екі кісіге он үштегі бір бала айтыпты деген сөз бар:

Өзімнің атым Күдері Бірлік қылсаң ағалар

Ер көшеттің баласы Анау тұрған шабындық

Талассаң бағың кетеді Баршаңызға жетеді

Таласпасаң нетеді. Дүние, шыіркін жалған ғой

Бастарыңнан әлі-ақ өтеді. –

деген екен.

Сендер де шешендік сөздердің жақсы үлгілерін көп оқып, көп тоқуға тырыссаңдар, шешендік сөздер сендердің ой-саналарыңды оятып, жақсы мінезге, сергек пен зерек болуға үйретеді әрі тілдеріңді байытады.

Балалар, сендер қандай билерді білесіңдер:

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Енді сол билердің шешендік сөздеріне құрылған қойылымдарды тамашалайық.
ІІІ. Көріністер көрсету.
0 класс

Ойын: « Телеграф»


Ойын мақсаты: Сөз қорын молайту, буынға бөлуге үйрету.

Ойын шарты: Балалар, біз телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөздерімді сендер телеграф арқылы басқа қалаға жеткізесіңдер.

Ол үшін сендер бір қатарға тұрасыңдар, ал мен санына қарай қол шапалақтаймын. Қатарда тұрған әр бала кезекпен осы айтылған сөзді қайталап, буынына қарап қол соғуы керек. Ойында екі буынды, үш буынды сөздерді пайдалануға болады.

Орақ, орман, көше, парта, жұмысшы, кішкентай, қызық, батады, тасиды.


1 класс: «Қазыбектің Төле бимен кездесуі»

Сөзжұмбақ шешу.


1.Көл жағасында өсетін шөп. (құрақ)

2.Адамның дене мүшесі (құлақ)

3.Сүттен жасалатын тағам (қатық)

4.Ыдыс (қасық)

2 класс:
Ойын: «Тауық пен балапандар»
Ойын мақсаты: Баланың зейінділігін дамыту, санауға үйрету.

Көрнекі құралдар: қағаздан жасалған тауықтың бас киімі және балапан суреттері бар карточкалар.

Ойын шарты: Ортаға екі орындық қойылады да біреуіне тауық жайғасады. Балапандар тауықтың айналасында жүрелерінен отырады. Әр бала өз карточкасында неше балапанның барын жақсы біледі. Тауық тауып алған дәнін, жәндігін балапанына беру үшін , алдындағы орындығын төрт рет қағады, карточкасында төрт балапанның суреті бар бала, төрт рет «шиқ-шиқ- шиқ-шиқ» деп жауап береді.
3 класс

Ойын: «Кім табады?»


1.Баласын тізіп соңына,

Сүңгіп жүріп үйретті.

Су жұқпайтын тонына,

Кім біледі? ...

Үйректі.

2.Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе су демейтін,

Кім біледі? ...

Ботаны.


3.Халқы қу деп,

Қылған күлкі

Айласы көп,

Бұл не?...

Түлкі.

4.Тастан-тасқа секірген,



Ұзын солпаң құлақты.

Қойдан маза кетірген,

Кім біледі?,..

Лақты.


ІҮ. Қорытындылау.
1. Шешендік сөздер дегеніміз не?

2. Шешендік сөздер адамды неге шақырады?

3.Қандай би-шешендерді білесіңдер?

4.Балалар, мына билердің шешендік сөздеріне құрылған қандай қойылымдар көрсетті?

Бүгінгі «Шешеннің тілі ортақ» атты апталығымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектер


Мақсаты: 1.Оқушыларды әріптің берілген мәніндегі әріпті өрнектердің

мәнін табу жолымен таныстыру.

2.Логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Есеп бойынша әріпті өрнектер құрастыруға үйрету,

ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, ойын.


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: кесте, суреттер.
Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

«Бүгінгі күн»

Бүгінгі күн мен үшін,

Менің достарым үшін,

Сәтті күн болсын.

Мен Отаныма, ауылыма,

Бүкіл жер шарына,

Бақытты күн тілеймін.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген №4 есепті балаларға оқытып, тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ

Санда және әріпті өрнектер туралы еске түсіру.


Топтастыру

6-2 10-а


10-1 8-а 3+с
Санды өрнек

Әріпті өрнек

5+3


9+10 9+0 6-с

6+3 7+а 5+в

1. «Өз орнын тап» ойыны арқылы №1 тапсырманы орындату.

в = 3, 4, 1

3+1=4 3+1+3=7 3+3=6 5-3=2

4+1=5 4+1+3=8 4+4=8 5-4=1

1+1=2 1+1+1=3 1+1=2 5-1=4
2.Логикалық есеп
3.»Кім шапшаң?» ойыны арқылы №2 тапсырманы тақтада орындату.

Кесте бойынша өрнектерді оқып, олардың мәнін табу.



с

7

5

4

6

1

2

0

с+3

10

8

7

9

4

5

3

7+3=10 5+3=8 4+3=7 6+3=9 1+3=4

2 + 3=5 0+ 3=3
4.Дәптермен жұмыс.

1- тапсырма.

Есеп бойынша өрнек құрастыр.

а/ 6+в б/10-в

ә/ 3+в
5.Сергіту сәті.

2 –тапсырма

10 саны шығатындай 3 кегьлді бояу.

1+4+5 2+7+1 3+5+2


6.»Балық аулау» ойыны,э

Оқулықтағы №3 есеп. (ауызша)

Болат -7

Бақытжан -? 3балық кем.

Ш.7-3=4

Ж: Бақытжан 4 табан балық ұстады.


7.Математикалық жұмбақтар.

1.Көлден ұшты 7қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады оның нешеуі?

Қане, кім тез шешеді? (бес)
2.Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (алты)
3.10 асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? (жеті)


4-тапсырма.

Асқар – 4б

Серік -6 б

Ш. 4+6 =10

Ж: балалар барлығы 10 балық ұстады.
8.Өз беттерімен дәптерге орындау.

5-тапсырма.

5 +3 =8 8-5=3

10-3=7 5+4=9


9.Ребустар шешу.

1. К 3 (күш)

2. 6Н (алтын)

3. 2 тұз (Екібастұз)

4. 7 (Жетісу)

ІҮ. Үйге тапсырма.

5-тапсырма (2) 144-бет

Ү. Қорытындылау.

Венн диаграммасы.


а+4

әріпті өрнек

мәні жоқ

3+4

санды өрнек

мәні табылады

өрнек қосынды

2 қосылғыш 4-ке тең


ҮІ. Бағалау.

2. Логикалық сұрақтарға жауап беру.

1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.

Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

Ж. түйеқұс ұшпайды.


2. 3кг ет 3 сағ. піссе, 5 кг ет неше сағатта піседі?

Ж. 3 сағатта.


3.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?

Ж. мысық.


4.Жүргенін сездірмейді, тұруға төздірмейді.

Ж. аяз
5.Мұрныңа төніп тұр, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың.

Ж. иіс

Тақырыбы: Математикалық ой-жұмбақтар сыры.


Мақсаты: 1.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын

арттыру.

2.Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын

жан-жақты арттыру, ойын қабілетін дамыту, логикалық

ойлауын, білім деңгейін кеңейту.

3.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.


Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың

патшасы. (К.Гаусс)

2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика.

(М.В.Ломоносов)

3.Математика –барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға

пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

4.Ребустар, математикалық жұмбақтар.

Түрі: сайыс


Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мінеки, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың ғылымы,

Математика ғылымы жайында

«Математикалық ой-жұмбақтар сыры» сайысын бастаймыз.


  • Қош келдіңіздер, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Матемтиканың жанкүйерлері!

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаев жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім қажет. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің , оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді. – дей отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (сайыскерлер өздерін таныстырып шығады)

Бүгінгі сайыс 7 кезеңнен тұрады.

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Әрбір екі кезеңнен кейін 2 оқушы шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни жеңімпаз қалу керек.
І кезең – «Бәйге» - сұрақ-жауап

ІІ кезең –«Полиглот» - жұмбақтарды шешу.

ІІІ кезең – «Тапқырлық сайысы» -логикалық есептер

ІҮ кезең – «Білімпаз сайысы» өлең есептерді шығару.

Ү кезең – «Ойымды жалғастыр» мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

ҮІ кезең – «Кім жүйрік?» математикалық ребустарды шешу.

ҮІІ кезең – «Жеңімпаз» тапсырма беру.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
І кезең – «Бәйге» сұрақтарға ауызша жауап беру.

1. 1 м-де неше см бар?

2. 1 м-де неше мм бар?

3. 1 кг-да неше гр бар?

4.Периметрді қалай табамыз?

5.Ауданды қалай табамыз?

6.Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?

7. 8 : 0 неге тең? (санды 0-ге бөлуге болмайды)

8.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағ)

9. 12 жылда қайталанатын жас? (мүшел)

10. 12 ай? (жыл)

11.Жеті күн (апта)

12.Азайтудың копоненттерін ата?
ІІ кезең –«Полиглот»

1. Бір үйде тұрады екен елу батыр

Үй сыртына сүйенсе-ақ өліп жатыр.

(сіріңке)


2.Ақ шапанын үстінен,

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді.

(қара жер мен ақ қар)

3. Алпыс төрт тең бөлмеде,

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғандар.

(шахмат)


4.Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.

(ара)

5.Сақталады 6 ай жаз,



Сандығымда сары аяз.

(тоңазытқыш)

6. Екі ошаққа бір көсеу.

(сиырдың танауы мен тілі)



(2 оқушымен қоштасу)
ІІІ кезең – «Тапқырлық сайысы»

1.Егер тырна 2 аяғымен тұрса 4 кг болады, ал егер 1 аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (4 кг)

2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

3.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4.Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып қалды. Неше торғай қалды? (10 торғай)

5. 1 жұмыртқа 5 минут піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 мин)

6. 1 т мақта аур ма, 10 центнер темір ауыр ма? (тең)

7. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында

3 мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық)

8.Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала)


ІҮ кезең – «Білімпаз сайысы»

1. Су құйып ем астауға

Үш қаз ұшты аспанға.

Екі үйрек, бір сазан

Қосылды кеп бұларға

Бір көксерке, бір қарға

Айт, неше құс ұшып жүр? (9 құс)
2.Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа

Апасына Қанаттың

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойшы, ал жаным. (3 жаңғақ)


3.Үйге жұмсап Жарқынды,

Алдырдық біз үш түйе.

Қос қап бидай артылды,

Әр түйенің үстіне.

Тапқыр болсаң, ал санап,

Бидай алдың қанша қап? (6 қап)


4.Әсел шұлық тоқып отыр,

Ләйла сабақ оқып отыр.

Сара сырмақ сырып отыр,

Нұрлан өрмек құрып отыр.

Бекен отын тасып жатыр,

Дария қазан асып жатыр.

Қуыршағын жуындырып,

Ләззат отыр киіндіріп.

Алданбайды Мұрат бірақ,

Апасынан кәмпит сұрап,

«Жоқ» десе де қоймай жатыр,

Бірер талға тоймай жатыр.

Қанша бала ойнап отыр?

Қанша бала тоймай отыр? ( 1 бала ойнап отыр, 1 бала тоймай отыр)



(2 оқушымен қоштасу)

Ү кезең – «Ойымды жалғастыр»

Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

1.Жеті жұрттың тілін біл,

(Жеті түрлі білім біл)

2.Білекті бірді жығады,

(Білімді мыңды жығады)

3.Екі жақсы қас болмас,

(Екі жаман дос болмас)

4.Досыңды үш күн сынама,

(Үш жыл сына.)

5.Жүз сомың болғанша,

(Жүз досың болсын)

6.Отыз тістен шыққан сөз,

(Отыз рулы елге жайылар)

7.Білгенің бір тоғыз

(Білмегенің тоқсан тоғыз)

8.Бір кісі қазған құдықтан,

(Мың кісі су ішеді)

9.Төртеу түгел болса, төбедегі кетеді,

(Алтау ала болса, ауыздағы кетеді)


ҮІ кезең – «Кім жүйрік?» математикалық ребустарды шешу.

1) ұзындық

2) периметр

3) күш


4) азайту

5) көбейту

6) түзу

Ал , енді нәтиже бойынша ең төмен ұпай алған 1 сайыскермен қоштасамыз.Сәттілік тілейміз.

Енді ең соңғы ҮІІ кезең – «Жеңімпаз»

Жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.

1.Есепті шығар:

Арман 11 тоқаш, ал Марат одан екі есе көп тоқаш жеді. Арман мен Марат екеуі барлығы неше тоқаш жеді?

Ш: 11· 2=22 11 +(11·2) =33

11 + 22 =33

Ж: Арман мен Марат екеуі барлығы 33 тоқаш жеді.

2.Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай? Сен математика пәнін не үшін ұнатасың?
ІІІ. Қорытынды.

Қазылар алқасына, келген қонақтарға сөз беру.

Еңбекші НЖББМ

Әдістемелік күн №7 (сәуір 2014)

Тақырыбы: «Үздіксіз білім беру және сабақтастық»

Мақсаты: Жан-жақты дамыған өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмыстарының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды жүзеге асыру арқылы сынып аралық сабақтастықты жолға қою.

Барысы: 1. «Қосымша білім – дүние танымды кеңейтетін құрал»(баяндама)

Тұяқова Гүлмира

2. 4 сыныппен сабақтастық.

Тыңдалды:

І мәселе бойынша «Қосымша білім – дүниетанымды кеңейтетін құрал» тақырыбына Тұяқова Гүлмира баяндама оқыды.

«Қосымша білім – дүние танымды кеңейтетін құрал».

Адам өмірінің алтын бесігі – мектеп, ол халқымыздың ата-бабамыздан қалыптасқан ізгі адами қасиеттерінің жас жеткіншек бойына сіңіретін орталық. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін – білім» деп атап көрсеткендей, қай елдің болмасын өркендеп – өсуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Бастауыш саты – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі білім беріп қана қоймай , оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс, нақты айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Сондықтан да осы кезеңде әрбір ұстаз өз білгенін ғана емес, сонымен қатар қосымша іздену арқылы бала санасына білім нәрін құя білуі керек. Меткеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге әрбір айтылған жаңа сөздермен, көрнекі құралдармен көрсетіліп отыруы тиіс. Оқушы санасын тек оқулық шеңберімен шектеп қоймай, қосымша оқулықтар, жұмбақ, мақал-мәтел, т.б. араластырып отырса баланың дүниетанымы кеңейіп, шығармашылық қабілеттері артады. Мысалы, дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғаттты қорғауға, кеңейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана-сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша. Математика пәнінен де күнелікті шығармашылық тапсырмалар , логикалық жұмбақ-есептер, қызғылықты тапсырмалар беріліп отырса оқушы дүиетанымының кеңейетіні сөзсіз.

Оқушының өз басын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен де оқушының дүниетанымы, шығармашылық қабілетін дамытуда мектеп үлкен ықпал ете алады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Қорыта келгенде бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша материалды мол пайдалансақ олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дүниетанымын дамыта түсеміз деп ойлаймын.

ІІ мәселе 4 сыныппен сабақтастық.

Педагогикалық сабақтастық – күрделі жүйе. Бұл бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері, әдіскер ғалымдар мен білім берушінің жетекшілері арасындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

Сабақтастық дегеніміз – біріншіден екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттері, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буынның екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталып, екіншіден біім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.

Бастауыш сыныпта оқушылар бір ғана мұғалімнен білім алады, ал оқушыларды алғаш қабылдап алғаннан кейін жазу, сызуды, санауды үйретіп, барлық қасиеттерді қалыптастыруға тырысады. Әрбір баланың мінез-құлқын, қабілетін бес саусағындай қалыптасқанына сүйіспеншілікпен қарайды. Балалардың бір ұстаздан екіншілерінің қарауына өтуі – олардың өміріндегі күрделі кезең, кейде бұл жағдайда баланың да, ата-ананың да көңіл-күіне әсер етеді.

Сыныеп оқушыларына көп әсер ететін нәрсе: жаңа мұғалімдердің пайда болуы, оларға қоятын талаптардың әр түрлілігі, әр түрлі кабинеттерде жұмыс істеуі, жоғары сыныптармен байланыс жасау сияқтылар.

Жоғарғы сынып мұғалімдері 4 сыныптың сабақтарына еніп, бейімділіктерін байқады.

Сыныпаралық сабақтастықтың қорытындысы :

22.04.2014 жыл Әдебиеттік оқу.

Тұяқова Гүлмираның сабағына қатыстым. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар үй тапсырамсына жақсы әзірленіп келген. Мұғалімнің сабақ түсіндіруі жақсы. Сабақта түрлі әдістер қолданылды.

23.04.2014 жыл Математика

Осы күні 4 сыныптың математика сабағына қатыстым. Оқушылар берілген есептерді ұйымшылдықпен шығарып, толықтай меңгерді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жақсы. Сабақ мақсатына жетті.

24.04.2014 жыл Дүниетану

4 сыныптың дүниетану сабағына қатыстым. Оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыруда қосымша мағлұматтарды қолданып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиеледі. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, жақсы меңгерді.

25.04.2014 жыл Қазақ тілі

Сабаққа кірген мақсатым тәжірибе алмасу, сбаақтастық орнату. Ұлы Жеңі күніне байланысты осы күні шығарма жазды. Шығама тақырыбы «Жеңіс күні». Мұғалім шығарма жазбастан бұрын жан-жақты әрі мол мәлімет берді. Оқушылар шығарма жазды. Сабақ мақсатына жетті.

Әр пән иесі өз пәндері бойынша ізденістерін, ойларын жоспар бойынша көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Бастауыш пән бірлестігінің жетекшісі: Досмуханова.Қ.Қ

Еңбекші НЖББМ мектебі


Бастауыш сыныптар бойынша

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет