Тақырыбы: Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы Жоспары



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі124,11 Kb.
#81851
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру парадиг

3.Білімді интеграциялау 
Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден (ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді.
4.Білім беруді стандарттау 
Жаһанданумен байланысты, бірыңғай кедендік кеңістік, визасыз алмастыру, бірыңғай валюта, медициналық сақтандырудың бірыңғай жүйесін орнату, Еуропалық Одақ азаматтары үшін ЕО-қа кіретін, кез келген елде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін ашты. Бұл тенденция ЕО-тың әртүрлі елдерінде мамандарды дайындау қажеттілігін бір іздендіруге әкелді. Болон процесінің қатысушылары қол қойылған уағдаластыққа сәйкес, Бірыңғай еуропалық білім беру мен ғылыми кеңістік құру негізінде жатқан барлық идеялар мен қағидалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті. Жоғары білім берудің халықаралық консультанттары Болон процесінің тек 47 қатысушы-елдерде ғана емес, сонымен қатар Еуропадан тысқары жерлерде де өзгерістер әкелгенін атап өтті2.
5.Интернационализациялау және жаһандандыру
Қазақстандық жоғары оқу орындарын дамыту әлемдік тенденциялар арнасында жүзеге асырылады. Қазақстандық ЖОО-ларда интернационализация және академиялық ұтқырлықты дамыту процесі жүзеге асырылуда.
Қазақстан жоғары білімнің интернационализациясын тәуелсіздік алған соң бастады.1991жылдан бастап 2000 жыл аралығында Түркиямен, Ресеймен, АҚШ, Германиямен, Ұлыбританиямен және Аға хан қорымен байланысы бар университеттер құрылған болатын, 1992 жылы ашылған Қазақстандық менеджмент, экономика және стратегиялық зерттеу институты, оның бірі оқуды ағылшын тілінде жүргізеді. 2010 жылы әлемдік сатыдағы университет болуға ұмтылған Назарбаев Университеті ашылды.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

  • НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет