Тақырыбы: Жұқпалы аурулар диагностикалық әдістері. Жұқпалы аурлар науқастар күтімі және емдеу ережесі



бет5/15
Дата21.01.2022
өлшемі34,33 Kb.
#112841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
№1

Жұқпалы аурулардың ерекшелігі:

1.Контагиоздылығы ( жұқпалылығы), яғни ауру қоздырғышының науқас адамнан сау адамға берілуі.Жұқпалы аурулар індет (эпидемия) болып жайылады, аурудың бірнеше рет көбеюі, пандемия–жұқпалы аурулардың ұлан–байтақ аумақта, бүтіндей елдерде, құрлықтарда етек жаюы, эндемия–жұқпалы аурулардың белгілі бір елді мекенде ғана кездесуі.



I- кезең. Инкубация (жасырын) кезеңі, яғни микрорганизмнің жұққан уақытынан аурудың алғашқы белгілері анық білінгенге дейінгі уақыт, мысылы ВГА-35 күн, ал менингитте-10 күн, инкубация кезеңінің ұзақтығы әртүрлі, инкубация кезеңін білу эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда маңызды.

II-кезең. Продром немесе хабаршы кезеңі алғашқы көп ауруларға тән: жалпы белгісіз симптомдармен (жалпы әлсіздік, тәбеті төмендеу ) т.б. сипатталады

III- кезең. Аурудың өрістеу кезеңі. Бұл кезеңде ауру белгілерінің айқын білінуі, яғни организмде қоздырғыштың, токсиндері өз әсерін барынша білдіреді, мысалы улану (интоксикация) синдромы, бұл экзо, эндотоксиндердің әсерінен мүшелердің қызметінің бұзылуымен байланысты.

IY- кезең.Реконвалесценция (айығу) аурудың ақырындап барлық клиникалық белгілері жоғалады, мүшелердің бұзылған қызметі қалпына келіп, организм қоздырғыштан және оның токсиндерінен тазарды. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауру ағысына, жүргізілген терапияның тиімділігіне т.б. себептерге байланысты.

Аурудың соңы толық немесе жартылай жазылумен аяқталады немесе қалдық (резидуалды) өзгерістер пайда болады. Жұқпалы аурулар ағысына асқынулар қосылуы да мүмкін. Арнайы асқынулар, яғни осы аурудың қоздырғышы әсерінен; мысалы ішектің тесілуі (іш сүзегінде), ал арнайы емес асқынулар екіншілік бактериалды жұқпаның қосылуынан дамиды.

Жұқпалы ауруларды орыс ғалымы Л.В.Громашевский (1947) қоздырғыштардың организмдегі орнына және таралу механизміне байланысты 4 топқа жіктеген.

1.Ішек жұқпалы аурулары (ауыз –нәжіс таралу механизмімен). Бұл топқа: сальмонеллез, ботулизм, тырысқақ, сүзек және т.б. кіреді, таралу жолдары: су, тағам, жуылмаған жеміс- жидектер, тұрмыстық заттар, кір қол және шыбындар таралуға себепкер болады.

2. Тыныс жолдары жұқпалы (ЖРВИ, тұмау, менингит, желшешек, көкжөтел) аурулары

(аэрозолды/ аспирациялық) таралу механизмімен), науқас адам қоздырғышты сілекеймен, жөтеліп түшкіргенде, дем алғанда ауаға бөліп шығарады.

3.Трансмиссиялық жолмен жұғатын аурулар ( қандық), тасымалдаушылары: масса, бит, кенелер, бүрге т.б (бөртпе сүзегі, риккетсиоздар,тулеремия, оба т.б).

4.Тері және шырыш қабаты жамылғысы жұқпалы аурулары: (жанасу механизмімен), тілме, сібір ойық жарасы, сіреспе және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет