Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Құралдар: қап, кегли,доп, орамал, гимнастикалық орындық, іздер, шеңбер,
Нұсқаушы: Біз бақытты баламыз,
Шынығада аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз.
Сәлеметсіздерме балалар, құрметті балабақша ұжымы . Бүгінгі ересек топтар арасында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» атты эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!!!
Биші қыздарды қарсы алыңыздар!
Сайысымызды бастамас бұрын ортаға жарысқа қатысушы топтарды шақырайық.
1. «Балдырған» тобы
2. «Қарлығаш» тобы
3. «Ботақан» тобы
Балалар жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық.
Доппен орындалатын ЖДЖ жаттығулары.
Ал, қанекей балалар бүгінгі сендердің жарыстарыңа өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Меңгеруші: Алмагүл Қайсарқызы
Әдіскер: Ақмарал Шекеевна
Мед.бике: Күлзат Айғалиқызы
Жарысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1.Таныстыру.
2. «Іздермен секіріп өт» жарысы.
3. «Орамал» жарысы.
4. «Допты қағып ал» жарысы.
5.«Қаппен секіру » жарысы.
6.«Поровоз» жарысы.
7.«Мерген» жарысы.
1.»Таныстыру». әр топ өз ұрандарын айтады.
2. «Іздермен секіріп өт» жарысы.
Ойынның шарты: жерде жатқан шеңберді екі аяқпен кейін бір аяқпен секіріп өту. Мәреге келіп себетке доп лақтырып, орнына қарай жүгіру.
3. «Орамал» жарысы.
Ойынның шарты: Гимнастикалық орындық үстінде ішпен жатып,алдыға қарай тартылып,мәредегі жіпке орамалдарды бір-бірден ілу. Іліп болған соң орнына қарай жүгіріп бару.
4. «Допты қағып ал» жарысы.
Ойынның шарты: белгіленген жерден, допты бір қолмен жерге соғып,екі қолымен қағып алуы керек. Осылай мәреге дейін барады да, қайтарда допты қолына алып жүгіріп келіп келесі балаға береді.
5.«Қаппен секіру » жарысы.
Ойынның шарты: белгіленген жерден аяғына қапты киіп алып, мәреге дейін секіріп, орнына қарай секріп келу. Қапты келесі балаға беру.
6.«Поровоз» жарысы.
Ойынның шарты: Белдеріне обручты киіп топ басшысы өзі 1-ші болып мәрені айналып жүгіреді де, орнына жүгіріп барып 2-ші баланы обручқа кіргізіп алып мәреге келеді де,өзі қалып, келесі бала топқа жүгіреді. Осылай ойын жалғаса береді.
7.«Мерген» жарысы.
Ойынның шарты: 1-2 метр қашықтықта тігілген кеглиді доппен ұрып құлату керек. Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
Қорытынды: Жеңімпаз топтарды мадақтау.
Келісемін Бекітемін
МКҚК № 25 балабақша әдіскері МКҚК № 25 балабақша меңгерушісі
А.Ш.Туякбаева А.Қ.Елдеева
Ересек «Ботақан», «Балдырған», «Қарлығаш» топтары арасындағы «Жүзден жүйрік» атты эстафеталық жарыс
Нұсқаушы: А.Н.Бейсенбаева
2020 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |