Тақырыбы: к витамині Орындаған: Көпжасар Е. Н. Тобы



бет3/4
Дата21.12.2021
өлшемі31,87 Kb.
#104357
1   2   3   4
Байланысты:
Витамин К

Күнедікті норма

Қалыпты жағдайда дефицитті болдырмау үшін қажет К витаминінің күнедікті мөлшері – күніне дененің әрбір килограмына 1 мкг-нан. Салмағы 60 кг адамға күніне 60 мкг К витамині қажет. Қалыпты рационда 300-ден 500 мкг-ға дейін К витамині болады. Витаминнің дефициті – өте сирек жағдай, бұндай ситауция тамақтану бірден шектеліп қалғанда немесе бұл витаминнің сіңірілуін тежейтін дәрі дәрмектерді қабылдаған кезде орын алады. Тіпті күнделікті тамақтану көздері болмаған жағдайда, ішек микрофлорасының қалыпты жұмысыкезінде жеткілікті мөлшерде К витамині синтезделеді.

Емізу сатысындағы нәрестелерде К витаминінің дефицитінің болу қаупі жоғары, себебі ана сүтінде бұл витамин жеткілікті емес, ал олардың ішектері жеткілікті түрде витаминді синтездеу үшін толық дамымаған.

Жаңадан дүниеге келген нәрестелерде К витаминінің күнделікті нормасы – 10-12 мкг.



Қазіргі заманғы қоспалар 100 калорияға шаққанда 4 мкг-ға жуық К витаминіне бай. Бұл қалыпты жағдайда организм дұрыс жұмыс жасау үшін жеткілікті.

Категория

Жасы (жыл)

Витамин К (мкг)

Сәбилер

0-0.5

5

0.5-1

10

Балалар

1-3

15

4-6

20

7-10

30

Ер адамдар

11-14

45

15-18

65

19-24

70

25-50

80

51 және жоғары

80

Әйел адамдар

11-14

45

15-18

55

19-24

60

25-50

65

51 және жоғары

65

Жүктілік кезінде




65

Лактация кезінде




65

Арнайы шарттар

Антибиотиктерді қабылдау К витаминін қабылдау қажеттілігін жоғарылатады. Бактерияларды жоятын антибиотиктер оның ішек микрофлорасымен синтезделуді тежейді.

Жүктіліктің беренші триместрінде синтетикалық К витаминінің көп мөлшерін қабылдау жағымсыз әсер етеді, себебі бұл құрсақтағы баланың токсикалық реакцияларына әкелуі мүмкін.

К витаминінің өте үлкен дозалары организмде жинақталып қызару және көп мөлшерде терлеуге әкелуі мүмкін.



Гиповитаминоз

К витаминінің гиповитаминозі организмде геморрагиялық синдромға әкеледі.

Нерестелерде К витаминінің жетіспеуі мұрыннан, ауыздан, кіндіктен және несеп жолынан қан кетумен сипатталады. Асқазан – ішек қан кетулері, қанды құсық, сұйық – шайырлы кал орын алады.

Ересек адамдарда симптомдар витаминнің жетіспеушілігінің деңгейіне байланысты және ол теріасты және сыртқы қан кетулермен көрінеді. Сонымен қатар, қызыл иектің, мұрынның, асқазан – ішек жолдарының қанауымен айқындалады.

Квитаминінің ерте гиповитаминоздің симптомы – қандағы протромбиннің азаюы (гипопротомбинемия). Протромбиннің 35% -ға дейін азаюы әртүрлі жарақат кезіндегі ішке қан кетудің қаупіне әкеледі; протромбиннің 15-20%-ға дейін азаюы ауыр қан кетулерге әкелуі мүмкін.

К витаминінің жетіспеуі өтте тас жиналудан, ұзақ уақыт бойы вена арқылы тамақтанудан, өттің бөлінуінің ақаулары кезінде (инфекциялық және токсикалық гепатит, бауыр циррозы, өтте тас жиналу, ұйқыбездің ісіктері, ұйқы без жолдарының дискнезиясы),сонымен қатар, К витаминін синтездейтін ішек микрофлорасын бұзатын антибиотиктерді және сульфаниламидті препараттарды көп мөлшерде қолданудан пайда болады.

К витаминінің жетіспеуінің тағы да бір себебі – антикоагулянттарды қабылдау болып табылады. Жүрек – қантамыр ақауларын дәстүрлі медицина арқылы емдеу кезінде қолданылатын варфин (Кумадин) және сол сияқты қанды сұйылтатын препараттарды қабылдау, организмдегі барлық К витаминін жояды.

Дефициттің тағы да бір себебі – қатерлі ісіктерді емдеу кезіндегі химиотерапия, антибактериотерапия және құрысуды болдырмайтын дәрілерді қолданы болып табылады.Жетіспеушілік асқазан – ішек ақаулықтарымен сипатталуы мүмкін. Себебі К витаминінің көп мөлшері ішек микрофлорасымен синтезделеді, ал оның дефициті дисбактериозбен ауыратын адамдарды көптеп кездеседі.

Гипо және авитаминоздың себебі болып, ішек қабырғаларымен майлардың сіңірілуі бұзылатын аурулар болып табылады (диарея, язвалық колит, дизентерия, ұйқыбез аурулары).

Кальцийді көп мөлшерде қабылдау К витаминінің синтезіне және сіңірілуіне әсерін тигізіп, ішкі қан кетулерге әкелуі мүмкін екендігін ұмытпау керек.

Е витаминін көп қабылдау (күніне 2200 ХБ жуық) К витаминінің сіңірілуін азайтып қанның ұюын тежеуі мүмкін.

Қолдануы

К витаминін емдік және профилактикалық мақсатты қабылдаудың жалпы белгісі болып гемаррагиялық синдроммен және гипопротромбинемиямен қатар жүретін паталогиялық ақаулар болып табылады.

К витаминін қолданудың медициналық көрсетілімдері:


  • Гепатит, бауыр циррозы

  • Өкпе туберкулезы кезіндегі өкпеден қан кетулер

  • Диспопротеинемия

  • Ұзақ уақыт бойына созылған диареялар

  • Нәрестелердегі қан кетуді болдырмау үшін жүкті әйелдерге

  • Жаңа туған балалардың геморрагиялық аурулары

  • Хирургиялық оталарға дайындық кезінде қан кетуді болдармау мақсатында

  • Жаралар немесе хирургиялық отадан кейінгі қан кетулер

  • Қан кету қаупі бар операциядан кейінгі период

  • Геморрагиялық құбылыстармен қатар жүретін, септикалық аурулар.

  • Қан кету мүмкіндігі және геморрагиялық диатез

  • Обтурационды сары ауру

  • Асқазан – ішек жолдарының ауруларымен байланысты қан кетулер (асқазан жарасы, колит және т.б.)

  • Бұлшықеттің әлсіреуі

  • Сәуле ауруы кезіндегі қан кетулер

  • Антикоагулянттарды және кейбір дәрілерді (антибиотиктер, салицилаттар, сульфаниламидтер, транквилизаторлар, антитуберкулезды және антиэпилептикалық аурулар) көп мөлшерде қабылдауға байланысты геморрагиялар.

  • Ішек атониясы

  • Тамырлардың жоғарылаған әлсіреуі

К витаминін гемофилия және Верльгоф ауруы кезінде қолданған тиімді емес екендігін есте сақтау керек.

К витаминін қолданудағы қарсы көрсетілімдер:



  • Тромбоз, эмболия

  • Қанның жоғары деңгейде ұюы

  • Дәріге деген аса сезімталдық

Дозалары

Емдік мақсаттарда К витаминін аралас терапия кезінде, жеке дозировкамен көрсетеді.

Емдік мақсатта көбіне Викасол дәрісін қолданылады. Викаол К витаминінің синтетикалық аналогы болып табылады, оны К3 витамині ретінде қарастырады.

К витаминінің табиғи препараттарына қарағанда (фитоменадион және т.б.) викасол суда еритін зат болып табылады, сол себепті оны тек ішке емес парентеральды жолмен де енгізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет