Кальцинирленген соданы қалай алуға болады?
1865 ж. белгия инженері Сольве деген кісі өндірістік көлемде соданы алудың аммиактік әдісін жасап шығарды. Бұл әдістің соданы алудың басқа әдістеріне , мысалы Леблан әдісіне қарағанда мынандай артықшылдығы бар:
а) алынатын өнімнің жоғары сапасы;
ә) өндірістің үздіксіз жұмыс жасауы;
б) еңбектің жақсы жағдайы және жұмыс күшінің аз шығыны;
в) жылу шығынының азаюы және т. б.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде сода өндірісі оны алудың негізгі төрт әдісіне сүйенеді: аммиактік әдіс (натрий хлоридынан алынады) , табиғи тұздан, нефелиннен және натрий гидрототығын карбонизациялау арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |