Табиғи шикізаттан алу.
Қазіргі кезде АҚШ-та кальцинирленген соданы екі түрлі негізгі әдіспен алады. Олар-сесквикарбонатты және моногидратты. Бірінші әдіс бойынша ұнтақталған қазбаны қаныққан ерітінді алынғанша ерітіп, одан кейін оны тұндырып, сүзіп, органикалық бөтен бөлшектерден буландыру арқылы тазалайды да одан кейін суытады. Сесквикарбонат натрийдің түскен кристалдарын бөліп алып, оны 200 оС температурада кальцинлендіреді. Мұнда төкпе массасы 0,800 кг/дм3 болатын таза өнім алынады.
Екінші әдіс-моногидратты-1972 ж. ашылған, қазіргі кезде негізгі әдіс болып табылады. Бұл әдіс бойынша қазбаны кальцинлендіреді, алынған шикі соданы ерітеді, ерітіндіні тұндырады, сүзеді, органикалық бөтен бөлшектерден тазарту үшін активті көмірмен өңдейді және натрий карбонатының моногидратының өту нүктесінен төменгі температурада қатты буландырып сусыз содаға айландырады.
Кальцинирленген соданы аммиактік әдіспен өндіру сегіз түрлі бөлімнен тұрады:
- Карбонатты шикізатты алу:қазу, жарылыс жұмыстары, алу, ұсақтау, реттеу және тасымалдау;
- Карбонатты шикізатты өңдеу:өртеу, СО2-ні суыту, және тазалау, әкті суспензияны алу үшін әкті сөндіру;
- Тұздықты тазалау: шикі тұздықтың реактордағы реагенттермен әрекеттесуі және тұздықтың тұнуы;
- Абсорбция: газдарды жуғыштарда басқа сатыларда алынған аммиактан тазалау, тұздықты (NaCl-ың ерітіндісі) аммиакпен екі сатылы қанықтыру және аздаған түрде дистилляция сатысынан келетін СО2-мен қанықтыру, аммонизацияланған тұздықты суыту;
Аммиактік әдіс.
- Карбонизация:карбонизация сатысынан кететін (СО2-ің аздаған мөлшері аулап алынумен өтеді) газды аммиактан тазалау, алдын-ала карбонизациялау, тұндыру колонналарында NaНCO3-ті бөліп алып карбонизациялау;
- Сүзу: NaНCO3-ті сүзгіштерде сүзіп алу және вакуум-насостармен ауаны сорып алу;
- Кальцинация: NaНCO3-ті сусыздандыру және сода пештерінде ыдырату, СО2-ні сода пештерінен кейін тазалау;
- Аммиактік регенерациялау (дистилляция) :сүзілген сұйық құрамындағы аммоний карбонаттары мен гидрокарбонаттарын дистилляцияның конденсаторы мен жылу алмастырғышында алдын-ала қыздырып диссоцияциялау, араластырғышта қыздырылған сұйықтың әкті суспензиямен араласуы мен әрекеттесуі және дистиллерде аммиактік айдау.
Аммиактік әдіс.
Бұл әдістің бірнеше маңызды артықшылығы бар:
- осы әдісті іске асыруға қажетті шикізаттар-ас тұзы және кальций карбонаты жеңіл алынатын,
- кең таралған арзан заттар.
- әдістің жақсы зерттелінгендігі және технологиялық үдерістердің бір қалыпқа келгендігі мен тұрақтылығы; алынатын өнімнің жоғары сапалылығы;
- кальцинирленген соданың салыстырмалы арзан өзіндік құны.
Аммиактік әдістің кемшіліктері:
- бастапқы шикізатты пайдаланудың төменгі дәрежесі, ; сұйық және қатты қалдықтардың жоюды, лақтыруды және ұзақ сақтауды қажет ететін үлкен мөлшерінің болуы;
- энергетикалық ресурстардың әжептеуір шығыны; сода өндірісін құру үшін қажетті капиталдың меншікті үлесінің үлкен болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |