Тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»



бет3/5
Дата11.10.2022
өлшемі100,21 Kb.
#152655
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 Лаб №4 каз

Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде «тең болады» (“=”) белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді.
Формулалар жазудың мысалдары: = 2*5^ 3+4 немесе =A1+Cos(5,282)
Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады.
Формулаларды редакциялау. Ұяшықтағы формуланы редакциялау үшін әуелі ұяшық белгіленіп алынады да екі рет шертіледі немесе F2 пернесі басылады немесе формулалар жолындағы “=” белгісіне сырт еткізіледі. Редакциялау режимінде ұяшықтағы формула формулалар жолында толығымен көрініп тұрады, курсорды қалаған жеріңізге қойып өзгертулер нгізе беруге болады.
Ұяшықтағы мәліметтердің форматтарын тағайындау. Ол үшін қажет ұяшықты белгілеп алып сол ұяшықтың контекстік мәзірінен Формат ячеек немесе Формат→ Формат Ячейки командаларының бірі орындалады. Нәтижесінде Формат ячеек деп аталатын диалогтық терезе шығады, осы терезедегі жапсырмаларды пайдалана отырып әртүрлі сандық форматтарды, ұяшықтағы текстерді туралауды, ұяшықтың түрі мен шекара сызықтарын, қорғанысын және т.б. параметрлерін тағайындауға болады.
Жаттығу жұмыстары.
1 -жаттығу. Салық түрлерін , премияны және т. б. ескере отырып айлық жалақыны есептеу.
MS EXCEL программасын іске қосыңыз. Жаңа құжат немесе жұмыс кітабын ашыңыз, құжатыңызды Лабораторные работы.xls деген атпен өз бумаңызға сақтаңыз.

  1. Жұмыстық беттің атын (Лист1) на Тапсырма1 деп өзгертіңіз.

  2. Төменде берілген /1-сурет/ мәліметтерді кестеге енгізіңіз.

  3. Кестені суреттегідей түрге келтіріңіз.

  4. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып, батырмасы шертіледі немесе Формат ->Ячейки командасы қолданылады.




  1. Ұяшықтағы текст бағдарын өзгерту үшін :

    • Ұяшықты белгілейді, контекстік мәзірдегі Формат ячеек командасы орындалғаннан кейін шығатын диалогтық терезедегі Выравнивание жапсырмасының Ориентация бөліміне көшесіз;

    • Қызыл түсті ромбикке ( ) шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ромбикті 90о –қа апарасыз.

  2. Кестедағы (1-сурет) «Проф.взносы 5%» бағанындағы тұрақты окладтың 5 % есептеу үшін :
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет