Тақырыбы: «Күй құдіреті» Білімділік


Музыка пәнінен тест (6 сынып)



бет9/10
Дата08.07.2018
өлшемі0,84 Mb.
#48539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Музыка пәнінен тест (6 сынып)


Жарияланды 16-02-2015, 07:35 Категориясы: Музыка 

6 сынып музыка пәнінен тест

1. Қазақтың ең алғашқы драмасы қалай аталады?
а/ «Қозы көрпеш - Баян сұлу»
ә/ «Еңілік - Кебек»
б/ «Қыз Жібек»
в/ «Менің досым»

2. Халық таланттарының бірінші слёті қашан өткізілді?


а/1919
ә/1934
б/1917
в/1965

3. Алғашқы қазақ драма театры қай жылы ашылды?


а/1934ж
ә/1926ж
б/1919ж
в/1917ж

4. К. Байсеитованың кім?


а/күйші
ә/термеші
б/қазақтың бұлбұлы
в/актер

5. Ш. Жинеқұлова кім?


а/биші
ә/әнші
б/күйші
в/термеші

6. Қазақтың алғашқы кәсіби аспаптық музыкаларын ата.


а/ салт - дәстүр әндері
ә/ күй, ән, терме, жыр
б/ концерт, этюд, соната, романс
в/төрт түлік малға арналған әндер

7. Домбыра мен фортепианоға арналаған алғашқы шығармаларды кімдер жазды?


а/ Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Сүгір
ә/ А. Жұбанов, Н.Тлендиев, М.Қойшыбаев, М.Әубәкіров, Қ.Ахмедияров
б/ Қорқыт, Ықылас
в/ Ж. Қаламбаев, Т.Момбеков

8. Қылқобызда орындалатын күйлер


а/ Адай, Балбырауын
ә/ Салтанат, Сылқылдақ
б/ Серпер, Аман бол шемем, аман бол
в/ Ұшардың ұлуы, Ерден

9. Екпіннің негізгі түрлерін ата.


а/ темп, ырғақ
ә/ жай, орташа, жылдам
б/ октава
в/ нота сызығы

10. Қазақстан композиторларының оркестрге арналған алғашқы шығармаларын ата.


а/ Желдірме, Той, Сарыарқа
ә/ Аман бол шемем, аман бол, Балбырауын
б/ Серпер, Түрмеден қашқан
в/ Адай, Салтанат, Сауыншы

11. Қазақстан композиторларының арасында ең алғаш қай композитор симфониялық поэма жазды?


а/Ғазиза Жұбанова
ә/Қапан Мусин
б/Ахмет Жұбанов
в/Нұрғиса Тлендиев

12. С. Мұхамеджановтың халық аспаптары оркестрі үшін жазған симфониялық шығармаларын ата.


а/Толғау. Қазақстан, Құдаша
ә/Жарқын жастық, Достық жолымен
б/Балқадиша, Қыз қуу, Домбыра туралы баллада
в/Құдаша, Дайрабай, Жігер

13. Е. Рахмадиевтің қандай симфониялық күйлері бар?


а/Құдаша, Дайрабай
ә/Толғау, Қазақстан
б/Жарқын жастық, Достық жолымен
в/Ақсақ құлан, Жігер

14. Меццо - форте ол -


а/ақырын
ә/орташа, күшпен
б/ақырын, жай
в/қатты, күшті

15. Форте ол -


а/ақырын
ә/қатты, күшті
б/орташа, күшпен
в/ақырын

16. Фортиссимо - ол


а/бірте - бірте күшейте
ә/өте күшті, қатты
б/кенеттен күшейтіп
в/бірте - бірте жайлата

17. Халық аспаптары оркестрі үшін арнайы шығармалар жазған қандай Қазақстан композиторларын ата?


а/ Н. Тлендиев, М. Қойшыбаев, Б. Жұманиязов, К. Күмісбеков
ә/ Л. Хамиди, Қ. Мусин
б/ Құрманғазы, Дина, Сүгір
в/ Е. Брусиловский, В. Великанов,
С. Мұхамеджанов

18. Ең алғашқы фортепиано қай елде жасалды?


а/ Италия
ә/ Франция
б/ Германия
в/ Қытай

19. Мазмұны әр түрлі бірнеше бөлімді аспапты шығарма.


а/соната
ә/симфония
б/сюита
в/поэма

20. Бірнеше дыбыстың бір


уақытта, бірдей дыбыс қатарында естілуі.
а/хор
ә/октава
б/темп
в/унисон

21. Еркін жазылатын шағын шығарма.


а/сюита
ә/эскпромт
б/вариация
в/симфониялық поэма

22. Дыбысты қалауынша созып тұруы.


а/крещендо
ә/фермата
б/реприза
в/синкопа

23. Ойнақы, жеңіл, әзіл - қалжың музыкасы.


а/скерцо
ә/симфония
б/сюита
в/концерт

24. Ерекше сазды әуен.


а/күй
ә/баллада
б/сюита
в/кантилена

25. Дауыс пен аспаптың белгілі дыбыс ауқымы.


а/темп
ә/регистр
б/хор
в/ сопрано

11.01.16 ж Пән Ән – күй Сынып 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы  Қазақстанның скрипка мектебі

Сабақтың мақсаты Оқушыларға қазақ скрипка мектебі мен оның

негізін салушылармен танысу

Дамытушылық Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу

қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірін тыңдай білуге,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық,суреттер,үнтаспа

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Скрипка (орыс. скрипеть — сықырлау, итал.итал. vіolіno) — ысқылы ішекті музыкалық аспап. Скрипка тектес аспаптардың (С., альт., виолончель, контрабас) ең жоғары регистрлі түрі. Скрипканың 4 ішегі квинталық бұрауға келтіріледі. 15 — 16 ғ-ларда С-ның классик. түрі қалыптасты. 16 — 18 ғ-ларда Солт. Италияда Скрипка жасау шеберлерінің ірі мектептері орын тепті. Мыс., Брешиа (Г. да Сало, Дж.Маджини) мен Кремонада (А. және Н.Аматилер, Дж.Гварнери, А.Страдивари). Скрипка симфониялық, эстрадалық, камералық оркестрлерде және трио, квартет, квинтет ансамбльдерінде қолданылады. Ол қазақтар арасына 19 ғ-дың аяғында тарай бастады. Скрипка тартушылардың алдыңғы қатарында Жаяу Мұсаболды. Алматы мемл. консерваториясында, музыкалық колледждер мен мектептерде Скрипка кластары жұмыс істейді. Қазақстанда кәсіби білім алған, үздік орындаушылық қабілетімен дүние жүзіне танылған А.Мұсақожаева, М.Бисенғалиев, Г.Мырзабекова, т.б. скрипкашылар есімі белгілі

Айткеш Толғанбаев (1922-1995), қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы. Қарқаралы ауданының түлегі. Алматы музыка училищесін бітірген (1942). Ұлы Отан соғысына (1942-45) қатысты. 1945 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. 1946-1955 жылдары репрессияға ұшырап, Колымада болды. Репрессиядан акталып шықкан соң, 1956 жылы консерваторияға түсіп, оны 1961 жылы бітірген. Консерваторияда ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ әндері мен күйлерін, казақ композиторларының шығармаларын өндеп, скрипкаға лайықтап жазды. Оларды және классикалық шығармаларды өзі орындап, таспаға жаздырды. Өз өмірінен «Исповедь судьбы жестокой» («Қазақстан» баспасы, 1993) деғен кітап жазып шығарды. Ол орыңдаған музыкалық шығармалар ұрпаққа асыл мұра болып, қазақ радиосының «Алтын қорында» калды

Музыка тыңдау

Қорытынды Сабақты сұрақтар арқылы бекітіп, қорыту

Бағалау Оқушыларға баға қою



Үйге тапсырма Тақырыпты оқып келу.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның скрипка мектебі.
Мақсаты: Скрипка аспабы туралы мағлұмат беру.
1 Скрипка аспабының шығуы тарихына шолу жасау.
2. Оқушыларға адамның ой - арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру. Балаларды әсемдікті сезінуге, музыкадан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу. Музыканы түсінуге баулу, өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Cабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: көрнекі - баяндау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Жұмыс түрлері: музыка тыңдау жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа - видео, плакаттар, аспаптар.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

І. Алғашқы ұйымдастыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болады. Біз екі топпен жұмыс жасаймыз. (Оқушыларды домбыра мен қобыз аспабын таңдатып, сол арқылы екі топқа отырғызу).
- Екі топ та өздері таңдаған аспаптардың атымен аталады. «Домбыра» және «Қобыз»
Оқушыларды түгендеу, жинақтау.
Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.

Үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар беру.
- Алдыңғы тоқсандағы өткен тақырыптар бойынша тақтадағы ноталарда жазылған сұрақтарға екі топ алма - кезек жауап береді.
1. Фермата дегеніміз не?
2. Қазақ драма театрының тарихы қай жылы басталды?
3. Тоника дегеніміз не?
4. Импровизация дегеніміз не?
5. Екпіннің қандай түрлері бар?
6. Бах қай елдің композиторы?
- Балалар Біз енді осы тоқсанда өнердегі тұлғалар жөнінде, олардың бізге қалдырған мұрасы жөнінде сыр шертпекшіміз.
Бүгінгі ерекше сабағымыздың тақырыбы тақтадан өздеріңіз көріп отырғандай,
«Қазақстандағы скрипка мектебі» деп аталады. Дәптерімізді ашып бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз.
- Балалар сендер скрипка туралы не білесіңдер?
(Оқушылар екі топпен өз білетіндерін қағазға түсіріп, өздері баяндайды).
- Жарайсыңдар, енді тақтаға назар аударайық.
• Слайд - 3. Тақтадан скрипка аспабын көріп тұрмыз.
• Слайд - 4. Ребаб.
• Слайд - 5. Скрипканың өзіндік халықтық тарихы бар. Бұл аспаптың арғы тегі арабтардың ребаб аспабы мен француздардың фиделі, немістердің ротасы. Скрипканың бұрынғы формасы XVI ғасырда жасала бастады. Осы ғасыр мен XVII ғасырдың басында белгілі Италяндық Аматилер отбасы скрипка жасау ісімен шұғылданды. Олардың аспаптары өзіндік өзгеше формасымен және жақсы сапасымен үнемі ерекшеленді. Осы скрипка өндірісі - ақ Италия елінің абыройын біраз аспандатып тастады. Сол замандағы Страдивари мен Гварнери атты шеберлердің скрипкасы өте өтімді болды. Сапасына тағар ешкім де мін тапқан жоқ. Олардың жасаған аспаптарының құны да жоғары болды.

Сабақтың тақырыбы Өнер ордасы

Сабақтың мақсаты Оқушыларға қазақ өнер ордасы туралы

мәліметтер бере отырып,музыкалық

танымдарын кеңейту

Дамытушылық Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу

қабілеттерін дамыту



Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Көрнекілігі Оқулық,суреттер,үнтаспа

Сабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең

. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән муз. дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай муз. мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негізінен пентатоник. белгілері басым жеті тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық муз. үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классик. шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғ-да өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған муз. мәдениетінің дүлдүл өкілдері; қ. Қазақ музыкасы. Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; қ. Қазақ биі. Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; қ. Драматургия, Қазақ театры. Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғ-дың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”. Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б

Ән үйрету

Үйге тапсырма

Бағалау

Қорытындылау

Сабақтың тақырыбы Қазақстанның фортепиано өнері

Сабақтың мақсаты Оқушыларға қазақ фортепиано өнері

шығармалары туралы мағлұмат бере отырып,

музыкалық танымдарын кеңейту

Дамытушылық Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу

қабілеттерін дамыту



Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Көрнекілігі Оқулық,суреттер,үнтаспа

Сабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең

Фортепиано (итал. fortepіanoforte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті рояль менпианино музыкалық аспабының жалпы атауы.[1] Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 11 ж. жасап шығарды. Фортепианоның екі түрі (рояль мен пианино) бар. Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар (Парижде) ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар (мысалы, Л. ван Бетховен, “Апассионата” сонатасы;Ф.Шуберт, “Фантазия”; Р.Шуман, “Симфониялық этюдтер”; Ф.Лист, “Кезбешілік жылдары”, т.б.) жазылды. Музыкалық орындаушылық өнерде үздік пианиношылар есімі белгілі. Олардың қатарында: Лист (Венгрия), Э.Г.Гилельс, А.Б. Гольденвейзер, К.Н. Игумно, Л.Н. Оборин, С.Т. Рихтер, В.Д. Ашкенази (Ресей), Ж.Әубәкірова,Г.Қадырбекова (Қазақстан), т.б. бар.

Ән үйрету

Үйге тапсырма

Бағалау

Қорытындылау

Сабақтың тақырыбы : Өнерін өрлеткен топ

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды шығармалармен

таныстыру



Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу

қабілеттерін дамыту



Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ,ұйым-

шылдыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық,сурет, үнтаспа

Сабақтың барысы : Ұйымдастырушылық кезең

Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков,Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” —М.Құсайынов) орын алды. Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан комсомолысыйлығының лауреаты (1974). Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор М.Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.

Қорытынды : Сабақты қорыту,сұрақтар беру

Бағалау : Сабақты бекіту, бағалау

Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу

Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Қазақтың бір туар музыка зерттеушісі, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбановпен таныстыру 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту 

Сабақтың көрнекті құралдары: слайд, аспап, композитор суреті 

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезіңі 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті. Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтының музыка бөлімі, Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың мемлекеттік филармониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы халық аспаптары кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ.Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады.
А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң көнігі әнші-күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдессіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
Aхмет Жұбанов
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музы касының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.

А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір түкпірінен 10 мыңдай ән күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң кәнігі әнші күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды.[
А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады.
А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
Алматы қаласының көшелерінің біріне, Республикалық музыкалық мектеп-интернатқа Жұбанов есімі берілген. Ақтөбедегі музыка колледжі, көшелер А. К. Жұбанов есімінде. Өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған.
2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай Ғ. Жұбанова атындағы облыстық Филармония ғимаратының алдында композиторға арнап үлкен ескерткіш орнатылмақ. Ескерткіш авторлары — Ескен Сергебаев пен Бақытжан Әбішев, архитектор — Женсен Айнабеков. Қоладан жасалған ескерткішті гранит плиткасымен қапталған тұғырға орнатады
Тыңдау: Ахмет Жұбанов «Би күйі» 

Үйрену: Д. Қажымов «Ақ Жайық – ару мекенім» 

Муыкалық сауат: 

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау 

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бақтағы бұлбұл дауысы 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Қазақтың күйші қызы Дина Нұрпейісовамен шығармаларымен таныстыру 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту 

Сабақтың көрнекті құралдары: слайд, аспап, композитор суреті 

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезіңі 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.
Шығармалары
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма»
сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. Алайда, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.
«Бұлбұл» күйі. Құрманғазының да, жоғарыда айтқандай, Дәулеткерейдің де, Динаның да алған тақырыптары бір - «Бұлбұл», алға қойған мақсаттары да бірдей. Сөйте тұра, Динаның «Бұлбұлында» ұстаздарының күйлеріне қарағанда бұлбұлдың. сайрауы дәлме-дәл, анық естіледі. Динаның «Бұлбұлында» құстың сайраған үні тек жалаң түрде ғана емес, сезімнің еркіндігі ой-арман желілерімен ұштастырыла берілген. Қуаныш ләззаты мен бақыт рақатын білдіретін тұстары да бар. Мұнда автор дәстүрді сақтай отырып, асқан шеберлікпен ұсақ ноталар арқылы, ерекше қағыстар арқылы бұлбұлдың сайрағанын бейнелейтін, табиғат сұлулығын айшықтайтын образды сурет жасайды.

Тыңдау: Дина Нұрпейісова «Бұлбұл» 

Үйрену: Т. Құлтумиев «Өзіңсің ғой, өмірімнің бұлбұлы»

Муыкалық сауат: Дауыс түрлері : 
Сопрано - әйел адамның жіңішке, биік дауысы. 
Альт - әйел адамның қоңыр, төмен дауысы 
Тенор – ерлердің биік дауысы.
Бас, баритон – ерлердің жуан, төмен даусы. 

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау 

Пәні: Ән – күй Сынып: 5 «ә» Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Ақтамберді жырау — суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.

Ақтамберді — тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол — жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған.                    «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын шығармасы — ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. («Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер»,  «Жағама қолдың тигенін», «Жауға шаптым ту байлап» т.б.).               Ақтамберді сөздері — ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп.

Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлігі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде атамекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ақтамберді 90 жас жасап, 1788 жылы шамасында дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді.



Тыңдау: Ақтамберді «Күлдір де күлдір кісінетіп»

Үйрену: А.Жаймов «Қазақстан»

Муыкалық сауат:

ІV. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жатт

Пәні: « Ән – күй » Сыныбы:5 «ә» Күні: 19.10. 2015ж



Сабақтың тақырыбы: Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі :

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Ақтамберді батырларға қалай рух берді?



ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер



ТолғауларыЖыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

Күнбатыстан бір дұшпан,


Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау,


Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
БаянауылҚызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”.

Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі.



Тыңдау: Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені»

Үйрену: Н.Тілендиев «Өз елім»

Муыкалық сауат: Өсиет туралы әңгіме

ІV. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау

Пәні: Ән – күй Сынып: 5 «ә» Күні: 12. 10. 2015 ж



Сабақтың  тақырыбы:   Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Сабақтың  мақсаты:   Әнші  композиторлардың    шығармашылығына тоқталу , таныстыру.

Білімділігі :       Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін  арттыру

Дамытушылығы:     Жас  өспірімдердің    музыкаға  деген    ықыласын  дамыту,есте сақтау,                             ырғақты   айыру,тыңдай  білу, айыра  білу, есту   қабілеттерін  қалыптастыру,  дамыту.

Тәрбиелік  мәні :       Әнші  композиторларының  музыкалық  шығармалары  арқылы халық   музыканың  тәрбиелік  мәнін тыңдату ,  сезіну  , арқылы  бойына  сіңіру.

 Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.                                  

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы:    Күйге тіл бітірген –Қазанғап.

Жаңа сабақ: Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Музыка тыңдау.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

                              

Сабақтың  барысы:

-Балалар  саламатсыңдар ма!

 -Бүгінгі  өтетін  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:

                                   Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.

Дарынды сазгер, атақты әнші, ақын, күйші, композитор Мұхит Мерәліұлы (шын аты –Мұхамбеткерей) 1841 жылы Орал губерниясы Жымпиты уезі Жақсыбай болысының (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Саралжын ауылы) Ақбақай мекенінде дүниеге келген. Төре тұқымынаншыққан.
Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада ойнау өнерін де меңгерген. Мұхит жас кезінен-ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Бір естіген әнін өзі салып алатын қабілетті болады. Оның дарынының жан-жақты ашылып, оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық-дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын-жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той-думанның сәнін келтіріп, халық мұрасын дәріптеуші әрі насихаттаушы болып, «әнші Мұхит», «сал Мұхит» атанады. Орындаушылық тәжірибесін шыңдай түсіп, өз жанынан да ән шығара бастайды.«Айнамкөз», «Алуаш», «Зәуреш», «Ақиіс», «Қилым», «Бала Ораз», «Жылқышы», «Кіші Айдай», «Паңкөйлек», «Кербез», тағы басқа әндері халыққа кеңінен тарап, Біржан, Ақан, Мәди, Үкілі Ыбырай сияқты ірі әнші-композиторлардың белгілі шығармаларымен бірге халықтың жүрегін нұрға толтырып келеді. Көбінесе лирикалық әуенде келетін Мұхит әндерінде адамның жан дүниесін, ой-арманын, махаббат сезімін суреттеу, табиғатты тамашалау, адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленген.
Белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич: «…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды», –  деп, дәл суреттеп жазған. Ал Мұхиттың өзін «қазақтың Баяны» деп атап өткен.Мұхиттың баласы Мұсаның айтуы бойынша әкесі мұхит екі әйел алған екен. Бірінші әйелінің аты – Ермек – Жәңгір төренің қызы. Мекені «Тұщыкөл», «Сарой». Ол кісіден Шоң, Шәріп, Нәу туған. Екінші әйелі Зылиха өмірге он екі перзент әкелген. Олар: Мұса, Ажар, Әйіп, Салық, Әнуар, Қалыбай, Сағидолла, Жамиға, Ғайни, Сұлтанғали, Мағалым, Бағдакен (1944 жылы қайтыс болған). Шоңнан екі бала туған Ғұбайдолла, Лұқпан.
Қазіргі таңда Мұхиттың 18 шөбересі, 48 неменесі, 25 шөпшегі бар.
Мұхит 1918 жылы 15 наурызда қайтыс болған. Оның Ақбақай қорымындағы зиратын 1958 жылы академик Қ. Жұмалиевтауып, белгі қойылған.
Мұхитың 150 жылдығы 1991 жылы маусым айында қазіргі Сараджын ауылдық округінде республикалық дәрежеде тойланды. Мұхитқа ескерткіш орнытылды.
Кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін Мұхиттың әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс Қазақстан өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасқан.

  Дәстүрлі әншілік өнер өзінің айтылуы мен құрылымына қарай түрлі мектептерге бөлінеді:



1.Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

2.Оңтүстік дәне Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

3.Батыс өңіріндегі әншілік мектеп

4.Шығыс өңіріндегі әншілік мектеп.

5.Сыр бойындағы әншілік мектеп.

 Музыкалық  шығарманы  тыңдау: «Айнамкөз» әні.

 Музыка тыңдау ережелері:

    Музыканы ден қойып тыңда



Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.    

Қорытындылау :

  Қазақтың  дәстүрлі әншілері кімдер?

   Дәстүрлі әншілік өнер қандай мектертерге бөлінеді ?

 Үйге  тапсырма: Ән құдіретін асқақтатқан -Мұхит сал.



Пәні: Ән – күй Сыныбы: 5 «ә» Күні: 7. 09 .2015ж

Сабақтың  тақырыбы:  Халқы ардақтаған екі алып Жамбыл мен Дина

 Сабақтың  мақсаты

.Білімділігі: Жамбыл мен Дина шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

      таныту   Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін  арттыру.

Дамытушылығы:   Тапқырлыққа,ұйқастыра айта білуге үйрету

Тәрбиелігі : Сөйлеу мәдениетіне, сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу

 Сабақтың түрі: дәстүрлі

 Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

Сабақ жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақты түсіндіру

Қорытындылау

 Үйге тапсырма

  Сабақтың  барысы:

Жамбылдың балалық шағы Алматы облысы, жамбыл ауданында өтті. 10жасынан өлең, жырға әуес болып өсті. Жамбылдың ұстазы -Сүйінбай ақын. Халық арасында  қалған айтыстардың бірі «Құлманбет пен  Жамбыл» айтысы.

Дина Атырау жерінде дүниеге келген. Динаның  ұстазы Құрманғазы Сағырбаев. Динаның  күйлері «Бұлбұл», «Тойбастар», «Әсем қоңыр», «Мереке»т.б.

 Музыка тыңдау.

 Қорытындылау:

1.Күй дегеніміз не

2.Күйді орындайтын адам

3 Жамбылдың өлеңдері?



Үйге тапсырма.: Мазмұнын айту, өлеңдерін жаттау

Каталог: uploads -> konspekt -> myzika
konspekt -> Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Березовский кенті кмм «Пригород орта мектебі»
konspekt -> Қазақша сценарий: Миницентр
konspekt -> Тақырыбы: «Ана тілім ардақтым» Тәрбиеші: Қуаныш бүгін мереке
konspekt -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
myzika -> Сабақтың тақырыбы: Квартет өнер көрсетеді Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет