Тақырыбы: Комплексті қосылыстардың ертінділеріндегі тепе-теңдік. Комплекстердің тұрақтылық және тұрақсыздық константалары. Аналитикалық химияда қолданылатын комплексті қосылыстардың типтері. Мақсаты



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі70 Kb.
#86670
1   2   3   4
Байланысты:
8 практикалық сабақ

ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Комплексті қосылыстардың жіктелуі:
1. Комплексті қосылыстардың зарядына байланысты:
а) бейтарап ; б) анионды ; в) катионды .
2. Комплекстүзуші атомның санына байланысты:
а) моноядролық - ішкі сферада бір комплекстүзуші орталық атом болса ;
б) полиядролық - ішкі сферада екі немесе одан да көп орталық атом болса .
3. Ішкі сфераға кіретін лиганда типіне байланысты:
а) бірлигандалы – бір типті лигандасы болады;
б) әртүрлі лигандалы – лиганданың бірнеше типі болады .
Бір типті лигандасы бар комплексті қосылыстардың бірнеше кластары болады:
а) аквакомплекстер ; б) аммиакатты комплекстер ;
в) ацидокомплекстер ; г) гидроксокомплекстер .
4. Лигандадағы донордың типіне байланысты:
«N» - лигандалы NH3, СN-; «О» - лигандалы SO42-, C2O42-; «S» - лигандалы тиокомплексті қосылыстар.
Комплексті қосылыстардың химиялық аналитикалық қасиеттері.
1) Ерігіштігі. Нашар еритін комплексті қосылыстарды иондарды ашу және бөлу үшін, ал жақсы еритін комплексті қосылыстарды кедергі келтіретін иондарды бүркеу үшін, сондай-ақ тұнбаларды еріту үшін қолданады.
2) Бояуы. Комплексті қосылыстың өзіне тән түсі болады. Осыған байланысты оларды көптеген иондарды ашу үшін, сандық фотометриялық анықтауларда кеңінен қолданады.
3) Ұшқыштығы. Амиакатты комплексті қосылыстар оңай алынады және басқа топтардан оңай бөлінеді, қыздырғанда аммиактан оңай құтылады.
4) Тұрақтылығы. Комплексті қосылыстардың көпшілігі өте тұрақты, сондықтан олардың осы қаиетін сандық анықтауда кеңінен қолданады.
5) Талғағыштығы. Комплексті қосылыстардың талғағыштығын пайдаланып, күрделі қосылыстарды бөлмей талдауға болады.
Комплексті қосылыстардың түзілу константасы, тұрақсыздық константасы. Комплексті қосылыстар біртіндеп жеке компоненттерге ионданады, жалпы түрде былай жазылады:
Тепе-теңдік орнағаннан кейін әрекеттесуші массалар заңы бойынша жазсақ: Kт-сыз , мұнда Кт-сыз - тұрақсыздық константасы, комплексті ионның тұрақтылығын сипаттайтын иондану константасы. Неғұрлым тұрақсыздық константасының мәні кіші болса, соғұрлым ішкі сфера тұрақты болады, мысалы:
Кт-сыз = , Кт-сыз =
Екінші комплексті қосылыс тұрақты.
β – тұрақтылық константасы тұрақсыздық константасына кері шама,
, .
Көбінесе тұрақсыздық константасының орнына оның көрсеткішін қолданады, яғни теріс таңбамен алынған ондық логарифмі. Константа мәнін біле отырып реакцияның бағытын, комплекстүзішінің және лиганданың концентрацияларын анықтауға болады.
Комплексті қосылыстардың түзілуі және бұзылуы.
комплексті қосылысының тұрақсыздық константасы 6,8·10-8, 1 моль/л ерітіндідегі комплекстүзуші мен лиганда концентрацияларын анықтау керек.
1) Комплексті қосылыстың біріншілік және екіншілік иондануы:
; .
2) Екіншілік иондану процесіне әрекеттесуші массалар заңын қолданып, тұрақсыздық константасы теңдеуін жазсақ: Kт-сыз = 6,8·10-8.
3) Тұрақсыздық константасы теңдеуіне: [Ag+] = x; [NH30] = 2x; қолдансақ; = 6,8·10-8; = 6,8·10-8.
4) Бөліміндегі х шамасының комплексті ионның концентрациясымен салыстырғанда өте аз болғандықтан ескермеуге болады, онда 4х3 = 6,8·10-8;
,
[Ag+] = x = 2,5·10-3 моль/л; [NH3] = 2х = 2·2,5·10-3 = 5·10-3 моль/л.
Ерігіштік көбейтіндісі, тұрақсыздық константасы мәндерін біле отырып сапалық талдаудағы кейбір процестерді түсіндіруге болады:
Ерігіштігі төмен тұрақтырақ комплексті қосылыстың түзілуі жағына қарай реакцияның жүретінін көрсетеді. Комплекстің бұзылып, тұнбаның пайда болуы Кs және Кт-сыз константаларымен анықталады. Мысалы, көлемі 0,5 л 0,01 моль/л К[Ag(CN)2] ерітіндісіне сондай көлемде 0,01 моль/л КІ ерітіндісін қосқан кезде комплексті қосылыс бұзылып AgІ тұнбасы түзіле ме? Кs(AgІ) = 1,5·10-16, Кт-сыз([Ag(CN)2]-) = 1·10-21.
1) Ерітінділерді қосқан кезде көлем екі есеге артады: Vж = 0,5 + 0,5 = 1 л, ал концентрациялары екі есеге кемиді: моль/л;
моль/л.
2) Комплексті ионның иондануы: ,
Кт-сыз = ; [Ag+] = x; [СN-] = 2x; .
= 1·10-21, бөліміндегі х шамасының комплексті ионның концентрациясымен салыстырғанда өте аз болғандықтан ескермеуге болады, онда = 1·10-21.

[Ag+] = x = 1,08·10-8 моль/л; [СN-] = 2х = 2·1,08·10-8 = 2,16·10-8 моль/л.
-] = 5·10-3 моль/л
Егер ИK > Ks болса тұнба түзіледі. ИК = [Ag+][J-] = 1,08·10-8·5·10-3 = 5,4·10-11; Кs(AgІ) = 1,5·10-16. ИK > Ks, тұнба түзіліп комплексті қосылыс бұзылады.
Комплексті қосылыстардың қолданылуы:
1) Боялған комплексті қосылыстар түзіліп, ерітінді бояуының өзгеруі бойынша иондарды ашу үшін, мысалы: NiSO4 + 2NH4OH + 2C4H8N2O2 = алқызыл түске боялған никель диметилглиоксиматы түзіледі.
2) Жүйелік талдауда катиондарды тұндыру немесе бүркеу үшін қолданады.
3) Дәрілік препараттардың түпнұсқалығын анықтауда қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет