БӨЖП Тақырыбы: Көне дәуірдегі сүбелі ойлар Орындаған: Есенбаева Н. Ж. Топ: ДКЯЛ-201в
Тексерген:Қабышев Т. Б.
Семей 2022 ж. Көне дәуірдегі әдеби сын Бағзы замандардан өнер мен талғам қатар жүрген. Талғам тек тамсанудан ғана тумайды. Жақсы мен жаманның ,ізгілік пен зұлымдықтың , сұлулық пен жарсыздықтың ара жігін ажырататын таным білік, парасат, түсінік әрқашан әділдік туын тіккен. Бұл процесс халықтық эстетикада ғана емес , көне замандағы түркі ескерткіштерінде ,ортағасырлық жазбаларда, мұсылман, қараханит, Алтын Орда замандарындғы, Қазақ хандығы тұсындағы жыраулардың ,шешен билердің туындыларында , мемлекет қайраткерлері мен ғұламалардың тарихи зерттеулерінде, жарғыларында кездеседі. Қазақстанның кең өлкесін жайлаған тайпалардан қалған ескерткіштер ежелгі мәдениет үшін де ,оның әр қилы салалары үшін де айрықша құнды. Сондықтан V- XV ғасырларда жасалған рухани байлықты бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасынан бөлмей,әр халық өзіне қатысты барларын жалпының бөлшегі ретінде зерттеп , өзіндік ианым білікке пайдалануға тиіс. Сондықтан қазақ әдебиеті сынының қайнар көзі , мәнді бір арнасы ретінде сонау көне заман ескерткіштерінен бастау алғаны жөн . Көне дәуірдегі туындылардың көркемдік сипатына Б.Кенжебаев пен Ә.Марғұлан Ұлы Отан соғыысына дейінгі кезеңде ақ көңіл аударды.Ал «V-VIII ғасырлардағы халық фольклорында эпостық поэзияның Орхон ескерткіштерінде жазылып қалған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен дәстүрлері белгілене бастаған. Бұл поэзияның элементтерін Күлтегін мен Білге ханның басына қойылған құлпытастардағы жазулардан көруге болады. Бұл жазулардың тексі эпостық әңгіме стилінде жазылған. » Көркемдік танымның алғашқы элементтеріне жататын пікірлер мен бейнелі ойлар Орхон Енисей , Талас Шу ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мәселен , «Табғаш халқының сөзі тәтті , бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып ,түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың»дегендерді де немесе «Қол қосылса –күш өсер », «Жұқаны таптау- оңай, жіңішкені үзу- оңай » деген мақал –мәтелдермен қатар «Орхон» ескерткіштерінде шешендік арнаудың , келісімді ырғақтың , ойлы мақалдың , азалы жоқтаудың үлгілері көп ұшырасуы халықтың эстетикалық таным білігін , сайып келгенде , көркемдік түсінігін қалыптастыра беруге септігін тигізді. М.Әуезов сол жазуларда «эпостық аңыздардың шағын да ықшам фабулалық желілері бар» деп тапқан болатын. Қорқыт әфсаналары мен «Оғызнамадан» біз талай үлгілерді көреміз. Қорқыттың Желмаямен желіп жүріп жерұйық іздегенде әр өлке- аймаққа берген