Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек. Критериалды бағалау талаптары 1. Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек.
2. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді.
3. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек.
4. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек.
5. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек.
6. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.