Тақырыбы :”Ұлы даладағы ежелгі металлургия” жоба


Қазақ даласы-ежелгі металлургияның отаны



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#186249
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Қ Жұбанов атындағы

Қазақ даласы-ежелгі металлургияның отаны.


Б.з.б. 2,6 миллион жылдан бастап б.з.б. 3000 жылдыққа дейінгі ұзақ тарихи кезеңге
зер салсақ, адамдар тастан жасалған қарапайым құралдармен еңбек етіп, тірлік
кешті. Тарихшылар адамзат баласының ең алғаш өңдеген металы мыс болғанын
айтады. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.з.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде
мыс өндіре бастаған. Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте
заманнан белгілі болғанымен, алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдарды
салқын күйінде өңдеген. Ал металдар салқындай өңдеуге икемсіз болғандықтан,
олардан құралдар жасау да ыңғайсыздық тудырды. Сондықтан металл бұйымдар
бірден кең тарала алмады. Дегенмен адамдардың мыстан басқа қалайы, алтын, күміс
және метеориттік темірмен танысуына жол ашылды.Кейіндеп металдарды өңдеудің
жаңа технологиялық тәсілі пайда болды. Яғни, адамдар металды салқын күйде емес,
жоғары температурада өңдеуді үйренді. 
Металды игеріп,бұйым жасау


Ыстықтай өңдеу кезінде металдан бұйымдар оңай әрі сапалы жасалатынына
көздері жеткен соң-ақ, мыс бұйымдар жасау кең тарала бастады. Бірақ мыстың
тасқа қарағанда жұмсақтығы әрі тез майысқыштығы тас құралдарды қолданыстан
бірден ығыстырып шығара алған жоқ. Есесіне мыстың қалайымен қосындысы одан
гөрі мықты әрі сапалы болып шықты. Осыдан кейін ғана бұрынғы тас құралдармен
мәңгілікке қош айтысудың мүмкіндігі туды. Адамзат тарихы да ең ұзақ тас дәуірін
артқа тастап, жаңа қола дәуіріне қадам басты. Осылайша металл адам өмірінің
ажырамас бөлшегіне айналып, тыныс-тіршілігімен біте қайнасып кетті.Біртіндеп
қоланың да кемшіл тұстары белгілі болып, адамдардың оның орнын басатын жаңа
металл іздеуіне тура келді. Қоланың басты кемшілігі оның морт сынғыштығында еді.
Егер қатты затқа тисе немесе үлкен күш түссе быт-шыты шығып, қолданысқа
жарамай қалатын. Ал ендігі еңбек құралдары мен қару-жарақ жасалатын металл
берік әрі қатты болуы тиіс болатын. Адам баласы ондай қасиетке ие металды да
іздеп тапты әрі күні бүгінге дейін қолданып келеді.


Жалпы түркілер шымыр болатты қылыш, семсер, найза, жебе ұшы, айбалта т.б. секілді
қару жасауға пайдаланғаны белгілі. Ол үшін жоғарыдағы технологияға ұқсас өзгеше әдіс
қолданған. Бұл туралы Таласбек Әсемқұловтың «Қылыш жеткеру» мақаласында да жан-
жақты мәлімет беріледі. Алғашқы кездерде өзге елдің темір өндірушілері темірді өте
қарапайым әдіспен от шоғында балқытатын. Мұндай қарадүрсін әдіспен темірдің
қорытылуы үшін жеткілікті температураға маңайлай да алмайтын. Ал көшпенділер бұл
тығырықтан шығу үшін арнайы пеш пен көрікті пайдаланды. Ең алдымен темір рудаларын
арнайы структурамен салынған «қоза там» деп аталатын биік пешке көмірмен бірге қалап,
көріктермен ауа үрлеу арқылы балқытады. Көріктердің де бірнеше түрі белгілі. Біріншісі –
жай көрік. Бұл көріктің басты кемшілігі – үздіксіз ауа жібере алмайтындығы. Одан кейін –
қос көмей көрік. Мұнда екі жай көрік біріктіріліп, аталған кемшілікті жоюға тырысқан.
Яғни, бір көрік ауа сорып жатқанда, келесі көрік ауа үрлеп тұрады. Ең жетілген түрі –
желбуазда бірнеше көрік біріктіріліп, үздіксіз ауа үрлеуге ыңғайластырылған. Бүгінгі
компрессорлардан кем түспейтін желбуаз – далалық металлургияның теңдессіз жетістігі
десек артық айтқандық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет