Тақырыбы :”Ұлы даладағы ежелгі металлургия” жоба


Археологтардың құнды жәдігерлерді табуы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#186249
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Қ Жұбанов атындағы

Археологтардың құнды жәдігерлерді табуы


Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі саладан тұрады — қара
металлургия және түсті металлургия: — қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат,
шойын, прокат, ферроқүймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу
өндірістері сияқты 12 саладан тұрады; — түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын,
мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран
шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы мөлшерінде түсті металлурияның салмақтық үлесі 12%.
Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта — Орталық, Шығыс және
Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы
мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев
таблицасындағы элементтердің 74 түрі өндіріледі. Шығарылатын кендерден мыс, қорғасын,
мырыш, титан, магний, сирек және жерасты сирек кездесетін металдар, мыс, қорғасын
негізіндегі прокаттар өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны
қажет етеді, сондықтан мұндай өндіріс орындары электр энергиясыкың көзіне жақын
салынады.
Қазақстан түсті металлургияның қайнар көзі


Жалпы жер асты жұмыстарында өздігінен жүретін жоғары өндірімді жабдықтар кеңінен
пайдаланыла бастады. 9-бесжылдық кезінде түсті металлургия саласында жаңа техниканы енгізу
жөнінде 500-ден астам өте маңызды шаралар жүзеге асырылып, өндіріске жұмсалатын шығын
көлемі 75 млн. сомға кемітілсе, еңбек өнімділігі 7,5%-ға өсті. Осы жылдары кешенді түрде
механикаландырылған цехтар саны 5,7 есе көбейіп, автоматты басқару жүйесінің алуан түрі
молынан пайдаланылды, 50-ден астам автоматтандырылған телімдер жұмыс істеді. Қазіргі таңда
Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі 50-ге жуық түсті, сирек, асыл металдар өндіреді, осы
металдардың негізінде 70-ке жуық бұйым түрлерін шығарады, олар шетелдерде жоғары
сұранысқа ие және әлемнің 30-дан астам еліне экспортқа шығарылады. Түсті металлургия
құрылымының 47%-ы қорғасын-мырыш, 30%-ы мыс, 8%-дайы алюминий өнеркәсібінің үлесіне
тиеді, ал 15%-ы басқа салалардың (алтын өнеркәсібінің, титан-магний, вольфрам, молибден, сирек
металдар өнеркәсібінің) үлесінде. Қорғасын-мырыш өнеркәсібі Шығыс, Оңт. және Орт.
Қазақстанда, мыс Орт. және Шығыс Қазақстанда орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет