Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер



бет1/3
Дата14.11.2023
өлшемі280,21 Kb.
#191397
  1   2   3
Байланысты:
Ұлттық ою-өрнектер тақырыбында ашық тәрбие сағаты (1)


Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер.
Мақсаты:
Білімділік: Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ою-өрнектердің ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: Ою-өрнектің түр-түсін және аттарын ажырата білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Халқымыздың асыл мұрасын, салт–дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.


Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, нақыл сөздер, қима қағаздар.


Меңгерілетін сөздер: Жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, түйе табан, қос қанатты, жауқазын, көбелек, ботакөз, қарға тұяқ, тұмарша.


Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, қонақтармен амандасамыз.

  • Саламатсыздар ма?



Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем айларын атаңдар.

  • Қазір көктемнің қай айы?



ІІ. Кіріспе сөз

  • Балалар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы (бірге оқимыз): «Ұлттық ою-өрнектер».

  • Сендер ұлттық ою-өрнек түрлерін, шығу тегін білесіңдер.

  • Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.



ІІІ. Негізгі бөлім

  • Ою-өрнектер негізінен неше түрге бөлінеді?

  • Ою-өрнектер негізінен төрт түрге бөлінеді.




  • Ою-өрнек түрлерін атаңдар.

  • Жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық.




  • Жануар тектес оюлар болып бөлінуінің себебін айтыңдар.

  • Жануар тектес оюлар – жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.



  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет